Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылы, Жансүгіров атындағы орта мектебініңматематика пәнінің мұғаліміЖауынбаева Назира ТоктасыновнаСабақтың тақырыбы

Мұғалім туралы мәлімет

Өңір

Алматы облысы

Аудан, ауыл

Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылы

Білім беру ұйымы

Жансүгіров атындағы орта мектебі

Пән мұғалімі

Математика пәнінің мұғалімі Жауынбаева Назира Токтасыновна

Сабақ тақырыбы

Функцияның графикпен берілуі (слайд)

Функция Кесте График Талдау

Жалпы мақсат

Оқушылардың функция формуласы арқылы кесте құру дағдыларын бекіту, кесте негізінде функция графигін сызуды есеп шығаруда қолдануға үйрету. Сонымен бірге сыни тұрғыдан ойлауын, ақпаратты бағалау қабілетін, өз оқуын реттеуге жауапкершілігін және ортаға сүйіспеншілік қасиетін дамыту.

Негізгі акцент

  • Формула → кесте → график байланысын жүйелеу
  • График арқылы шамалар арасындағы тәуелділікті көру
  • Есеп шығаруда графикті қолдану

Дамытылатын дағдылар

  • Сыни ойлау және ақпаратты талдау
  • Өзін-өзі реттеу және жауапкершілік
  • Математикалық тілде сөйлеу және дәлелдеу

Оқыту нәтижелері

Білім және қолдану

  • 1 Кесте құру арқылы функция графигін сыза алады және графиктің мәнін түсінеді.
  • 2 График арқылы шамалар арасындағы байланысты анықтап, есеп шығаруда қолдана алады.
  • 3 Екі графикті салыстыру арқылы ақпаратты талдап, қорытынды жасай алады.

Коммуникация және рефлексия

  • 1 Топтық талқылауда өз ойын дәл жеткізіп, өзгелердің пікірін құрметтеуге дағдыланады.
  • 2 Тақырыптың негізгі идеясын тірек-сызба арқылы жинақтай алады.
  • 3 Рефлексия жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады.
  • 4 «Білемін – Білгім келеді – Білдім» (БББ) кестесі арқылы өзін-өзі бағалауы қалыптасады.

Ұйымдастыру, мотивация және технология

  • 1 Топ жұмысын бағалау критерийлері арқылы ұйымшылдықтың, ұйымдастырушылықтың және өз оқуын реттеудің маңызын түсінеді.
  • 2 Деңгейлік тапсырмалар мен бірлескен жұмыс сабаққа белсенділікті арттырып, математикаға қызығушылықты күшейтеді.
  • 3 Тапсырманы топпен плакатқа түсіріп, сыныпта қорғау арқылы есте сақтау мен математикалық сөйлеу дағдысы жақсарады.
  • 4 Алынған ақпаратты бағалау арқылы өмірлік жағдаяттарды шешу және ойлау қабілеті дамиды.
  • 5 Электрондық журналдағы тапсырмалар арқылы технологиялық сауаттылығы артады.

Негізгі мақсаттар

Функцияның формуласы мен кестесін пайдаланып график сыза білу; графиктен шамалар арасындағы байланысты көріп, оны есеп шығаруда қолдану; математикалық тілде сөйлеу дағдыларын және ойлау қабілетін дамыту.

Тапсырмалар

Жазбаша «дөңгелек үстел»

Ойды жүйелеу, дәлелді пікір жазу және әр қатысушының үлесін көру.

«Ойлан»

Жеке ойланып, шешім ұсыну арқылы бастапқы түсінікті қалыптастыру.

«Жұптас, пікірлес»

Жұппен талқылап, ойды нақтылау және ортақ қорытындыға келу.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

Дидактикалық материалдар

  • Функция графигі салынған қағаз қиындылары
  • Тірек-сызба жазылған карточкалар
  • Бағалау критерийлері берілген парақ
  • Плакат, маркер

Техникалық құралдар

  • Интерактивті тақта
  • Ноутбук

Оқу құралдары

  • Сызғыш, өшіргіш