Амансыңба алтын күн

Бүгін біз ақпарат әлеміне енеміз — компьютермен танысып, оның негізгі құрылғыларын ажыратып үйренеміз.

Мақсаты

  • Компьютер туралы бастапқы түсінік қалыптастыру.
  • Үстелдік компьютердің негізгі құрылғыларын бір-бірінен ажырата білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру және әңгімелеу
  • Көрнекілік (слайд, суреттер)
  • Сұрақ-жауап, ойын

Алдын ала жұмыс

Компьютер құрылғылары слайд арқылы көрсетіліп, балалардың назары негізгі бөлшектерге аударылады.

Көрнекі құралдар

Плакаттар, үлестірме қағаздар және компьютер құрылғыларының суреттері.

Қостілділік компонент

Мышка
тышқан
Пернетақта
клавиатура

Мотивациялық кезең

Балалар шаттық шеңберіне тұрып амандасады, жылы сөздермен бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлайды.

Амандасу өлеңі

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, Жер-ана!

Амансың ба, достарым!

Достарды көрсем қуанам!

Осыдан кейін балалар өз орындарына отырады. Мұғалім балалардың назарын жинақтап, бүгінгі тақырыппен таныстырады.

Ұйымдастырушылық-ізденіс кезеңі

Компьютердің құрылғылары суреттер арқылы көрсетіліп, әр құрылғының қызметі түсіндіріледі.

Тышқан

Ақпаратты басқаруға көмектесетін енгізу құрылғысы.

Пернетақта

Мәтін мен командаларды енгізуге арналған құрылғы.

Жүйелік қорап

Компьютердің негізгі бөлігі: негізгі құрылғылар осының ішінде орналасады.

Монитор

Ақпаратты экранға бейнелейтін құрылғы.

Дыбыстық жаттығулар

Балалар дыбыстарды анық айтып, құрылғы атауларын қайталайды.

Қайталау

  • Ан-ан-ан — бұл тышқан.
  • Та-та-та — бұл пернетақта.
  • Ап-ап-ап — бұл жүйелік қорап.
  • Ор-ор-ор — бұл монитор.

Назарға

Жаттығуларды асықпай орындап, дыбыстарды дұрыс айтуға көңіл бөлеміз.

Құрылғы атауларын айту арқылы балалар жаңа сөздерді тезірек есте сақтайды.

Көзге арналған жаттығулар

Компьютермен жұмыс кезінде көзді демалдыру маңызды. Төмендегі жаттығуларды бірге орындаймыз.

Жаттығу мәтіні

Көзді ашып-жұмамын,

Жұмып қатты қысамын.

Көзді ашып, жыпылық қағып,

Қабақты түйіп тұрамын.

Оң құлағым, қайдасың?

Сол құлағым, қайдасың?

Көре алмай сендерді,

Қараймын алға мен енді.

Қорытынды

Осы сабақта біз компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстық: тышқан, пернетақта, жүйелік қорап және монитор. Енді олардың қызметін айтып, суреттен танып, бір-бірінен ажырата аламыз.