Табиғатты аялаңдар
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Табиғатты аяла да, бағала
- Сабақтың түрі
- Ғажайып саяхат сабағы
- Көрнекілігі
- Тірек-сызба, интерактивті тақта, слайд суреттері, табиғат көріністері
- Сабақтың әдістері
- Ойын элементтері, сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс
Тіл ұстарту: фонетикадан өткенді қайталау
Ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру арқылы ұйымдастырылады.
Білімділік мақсаты
Оқушыларды өздері өсіп-өнген ортаны, қоршаған табиғатты бағалай білуге және ұқыпты қарауға үйрету; фонетикадан алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық мақсаты
Ойындар арқылы ойлау белсенділігін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуді қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты
Табиғат әлеміне сүйіспеншілікті арттыру арқылы экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың барысы: ұйымдастыру және қызығушылықты ояту
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Күн, апта атауларын сұрау арқылы тіл дамыту сұрақтарын өткізу.
- Сабаққа назар аудартуға арналған психологиялық дайындық.
2) Дидактикалық ойын: «Қай жыл мезгілі?»
Мұғалім өлең оқиды. Оқушылар өлең мазмұнына қарай жыл мезгілін анықтап, әр мезгілдің ай атауларын атайды.
Мақсаты: жыл мезгілдерін еске түсіру және ауызша сөйлеуді белсендіру.
3) Сөзжұмбақ арқылы негізгі ұғымды анықтау
Сабақтың негізгі сөзін табу үшін оқушылар сөзжұмбақ сұрақтарына жауап береді:
- Ағаштан ағашқа секіретін аң.
- Үй құсы.
- Сиырдың төлі.
- Үй күзететін жануар.
- Қысы-жазы жасыл.
- Қыс бойы ұйықтайтын аң.
- Бұл жануардың аты.
Қорытынды: негізгі сөз — «Табиғат». Табиғат — орман, тау, су, ауа, жер, яғни бізді қоршаған орта.
Ғажайып саяхат: төрт құдірет
Сабақ табиғатқа арналған фантастикалық саяхат түрінде өтеді. Әлемде тіршіліктің төрт құдіреті бар: Күн, Жер, Ауа, Су. Біз күнделікті өмірде осы төрт құдіретке сүйенеміз. Олардың біреуі болмаса, тіршілік тоқтайды.
Бір аялдамадан келесісіне өту үшін оқушылар түрлі грамматикалық тапсырмаларды орындайды.
1-аялдама: Жер
Жұмбақ
Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді,
Қара шапан үстінен алты ай бойы түспейді.
Жауабы: Жер.
Топтық жұмыс
Оқушылар тақтадағы гүл суретіндегі сұрақтарға жауап беріп, «Жерге гүл егеді».
І топ
Жер-ана — біздің ортақ үйіміз.
ІІ топ
Ол бізді асырап отыр.
ІІІ топ
Табиғатқа қамқорлық жасау — әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парасатты парызы.
Экологиялық белгілер: нені ұмытпау керек?
- Ағашты сындырма!
- Көк шөпті жұлма!
- Аң-құсты атпа!
- Ұяны бұзба!
Қорытынды: табиғаттың әрбір бөлшегіне ұқыпты қарауымыз керек.
2-аялдама: Ауа
Жұмбақ
Бар ма, жоқ па — оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
Жауабы: Ауа.
Ойын: «Дыбыс таңдау»
«Құралайдың құраған сөзі» ретінде мына сөйлем беріледі:
Қойдан қалып қойған қозыны Қуаныш қораға қамап қойды.
Әр оқушы тақтада тапсырманы орындап, ағаш суретін табиғат көрінісіне енгізеді.
Мағыналық байланыс: оқушылар «Жасыл ел» бастамасына өз үлесін қосқандай әсер алады — табиғатты көркейту идеясы бекітіледі.
Таза ауа туралы өлең (хормен)
Табиғатты қорғау үшін бәріміз
Күресейік, бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Сергіту сәті: «Тілек ағашы»
Оқушылар туған жері — Маңғыстауға арналған тілектерін жазып, «Тілек ағашына» іледі.
3-аялдама: Су
Сөздік ойын
Мына сөздерді қазақшаға аударып, ортақ белгісін табыңдар: дождь, река, озеро, снег.
Ортақ белгісі: су.
Тапсырма
Берілген сөйлемдердің қайсысында су туралы айтылған? Дұрыс сөйлемді «+» белгісімен белгілеңдер.
- Ардагерлер мерекесі тойланды.
- Табиғатты аялаңдар.
- Каспий теңізінде балық көп. ( + )
- Біздің ауылымыз көркем.
4-аялдама: Күн
Жұмбақ
Үлкен алтын табақтан
Әлемге нұрын таратқан.
Жауабы: Күн.
І топ: Венн диаграммасы
Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін Венн диаграммасы бойынша жазыңдар.
ІІ топ: Термелі диктант
Тасымалданбайтын сөздердің астын сызыңдар:
Ашық, қасық, 5 кг, ара, балық, төл, алма, ТМД, Қ. Сәтбаев, адам, көлеңке, қара, бал, аю, кітап.
ІІІ топ: «Тапқыр болсаң»
Мына өлеңнің авторын және атын табыңдар. Екпін түсіп тұрған дыбыстардың астын сызыңдар.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Қорытынды және негізгі ой
Оқушылар төрт аялдамада табиғатты қорғауға байланысты тапсырмаларды орындап, білімдерін бекітеді. Табиғатты аялау және қорғау — бәріміздің ортақ міндетіміз.
Жер
үйіміз
Су
қазынамыз
Күн
жылуымыз
Ауа
өміріміз
(Хормен) Табиғатты аялауымыз, қорғауымыз керек.
«Қазақстан – 2030» идеясы және оқушының әрекеті
Елбасының «Қазақстан – 2030» жолдауында туған жер табиғатын қорғай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру — біздің міндетіміз екені айтылады. Сондықтан туған жерімізді гүлдендіруге, көркейтуге және табиғатты қорғауға белсенді қатысу қажет.
- Ағаш егеміз.
- Көк шөпті жұлмаймыз.
- Туған ауылымыздың табиғатын қорғаймыз.
Бағалау, үй тапсырмасы, бата
Бағалау: «Бағдаршам»
- Қызыл (3): тоқта, жауабыңды мұқият ойлан.
- Сары (4): күт, жауабыңды толықтыр.
- Жасыл (5): осы бағытта жалғастыр, туған жеріңе үлес қоса бер.
Үй тапсырмасы
- «Табиғат — тал бесігім» тақырыбында шығарма жазу.
- Өлең шығару.
Бата
«Табиғат атамыз» бата береді:
Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Әр күндерің көңілді болсын.
Мерейлерің тым биік болсын,
Білімдерің аса терең болсын.
Жетістіктерің орасан зор болсын,
Бағаларың өте жақсы болсын.
Аспандарың ашық болсын,
Дұшпандарың қашық болсын.
Әумин.