Әңгіме кім туралы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Өтетін орны
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті, №17 Ғани Мұратбаев атындағы мектеп
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі Ділекеш Сәуле Жеткергенқызы
Тақырып
М. Әуезов — «Боран»
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Жалпы мақсат
Оқушыларға «Боран» әңгімесінің негізгі идеясын түсіндіру және М. Әуезов туралы жалпы мағлұмат беру.
Білімділік
- Қыс мезгіліндегі ауа райы ерекшеліктерін басқа мезгілдермен салыстыру.
- Мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
- Өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық
- Оқушылардың тіл байлығын дамыту.
- Сөздік қорын молайту.
- Байланыстырып сөйлеуге және шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік
- Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Қыс мезгілінің суреттері
- Абай мен Мұхтар Әуезов портреттері
- Жұмбақтар, ребус, дидактикалық материалдар
- Буклет, кітаптар көрмесі
Әдісі
Дамытушылық сабақ
Пәнаралық байланыс
- Табиғаттану
- Бейнелеу өнері
- Әдебиет
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың оқу үдерісіне дайындығын қадағалау, ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Абайдың «Қыс» өлеңін жатқа айту.
- Сұрақ-жауап арқылы мазмұнын талдау.
III. Негізгі бөлім
1) Қызығушылықты ояту
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырма беріледі, мақсат — мәтін мазмұнын өзара талқылап, дәлелдеп айтуға дағдылану.
1-топ
Тірек сөздер арқылы қысқаша әңгіме құрастыру.
2-топ
Мәтіннен алынған сөйлемдер жазылған қима қағаздармен жұмыс: сөйлемдерді дұрыс ретке келтіріп, оқиға желісін әңгімелеу.
3-топ
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыпты ашу
Жаңа сабақты бастамас бұрын сөзжұмбақ шешіледі. Шешуі — бүгінгі сабақтың тақырыбы.
-
1. Қауіп едім, мойнын бұрмады; ұстайын деп едім, қолға тұрмады. Жауабы: Боран
-
2. Шапса жұбын жазбайды; бір-бірінен озбайды. Жауабы: Коньки
-
3. Аппақ-аппақ ақ мамық; жерде жатыр тапталып. Жауабы: Қар
-
4. Қолы жоқ сурет салады; тісі жоқ тістеп алады. Жауабы: Аяз
-
5. Қыста зымырайды; жазда тынығады. Жауабы: Шана
Осылайша, бүгін біз М. Әуезовтің «Боран» әңгімесімен танысамыз. Дәптерлеріңізді ашып, тақырыпты жазыңыздар.
Мағынаны тану
Әңгіме үш топқа бөліп оқытылады. Оқып болғаннан кейін мазмұнды ашуға бағытталған сұрақтар қойылады.
Оқушыларға Мұхтар Әуезов — қазақтың көрнекті ойшыл жазушысы екені айтылады. Өмірбаяны қысқаша таныстырылып, буклет пен кітаптар көрмесі көрсетіледі.
Талқылау сұрақтары
- М. Әуезов кім? Ол кімнен бата алған?
- Кімдердің тәрбиесінде болған? Қайда оқыды?
- Әңгіме кім туралы?
- Қар неліктен қиыршықтанып, қатая бастады?
Мазмұндау
Әр топтан бір оқушы шығып, әңгіменің мазмұнын әңгімелеп береді.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары және қызықты тапсырмалар орындалады.
Жаңа сабақты бекіту: кілтті тест
1. М. Әуезов кім?
- а) ақын
- ә) журналист
- б) жазушы
2. Мұхтар Әуезов қай жылы дүниеге келген?
- а) 1897
- ә) 1845
- б) 1870
3. Мұхтар Әуезов көбінесе кім туралы жазды?
- а) Абай
- ә) Ыбырай
- б) Шоқан
4. Мұхтар Әуезовтің Абай туралы қандай үлкен шығармасын білесіңдер?
- а) «Ботагөз»
- ә) «Бала Шоқан»
- б) «Абай жолы»
5. «Аяз қысып, өрнек сызып, терезеңді торлайды…» Бұл қай кезде болады?
- а) жазда
- ә) қыста
- б) күзде
«Сарылған суық сазынан жаңылған жоқ. Кейде ақ боран, қатты аяз ұлып та кетеді.» Бұл үзінді қай мәтіннен алынған?
- а) «Боран» (М. Әуезов)
- ә) «Қыс» (Абай)
- б) «Күз» (М. Дулатов)
Халық болжамдары
Оқушылармен бірге қыс мезгіліне қатысты халық болжамдары оқылып, мағынасы талқыланады.
Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы
Қорытындылау
Оқушылар бүгін қандай әңгіме оқығанын, негізгі ойды қалай түсінгенін айтып, сабақ бойынша қорытынды жасайды.
Бағалау
Оқушылар мадақталып, жұмысына қарай бағаланады.
Үй тапсырмасы
Мұхтар Әуезовтің «Боран» әңгімесін оқу.