Оқушы назарын сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы
Шертер аспабын жасау технологиясы.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: оқушыларды шертер аспабын жасау технологиясының әдістерімен таныстырып, бұйым жасауды үйрету.
- Тәрбиелік: ұқыптылыққа, іскерлікке және тазалыққа тәрбиелеу.
- Дамытушылық: қауіпсіздік ережелерін тиімді қолдану арқылы шертер жасау технологиясымен дұрыс жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Сабақ сипаттамасы
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі сабақ
- Сабақтың типі
- Аралас сабақ
- Сабақтың әдісі
- Түсіндірме, практикалық
- Стратегиялық әдістер
- Интерактивті әдістер, СТО технологиясының әдіс-тәсілдері
Ресурстар
Көрнекілігі
Слайдтар, интерактивті тақта, бейнеролик, сызба, сурет.
Құралдары
Ара, қашау, егеу, зімпара және т.б.
Пайдаланылған әдебиет
- «Технология» 8–9 сынып оқулықтары.
- Е. Дүйсенов, А. Балғожаев. Оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану. Қызылорда, 2006 ж.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1) Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- 2) Сыныптың тазалығын тексеру.
- 3) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- «Қылқобыз жасау технологиясы» тақырыбы бойынша оқушының өзі жасаған бұйымын таныстыру.
- Жеке оқушымен жұмыс: зерттеу жұмысы.
III. Үй тапсырмасын бекіту
Суретпен жұмыс: сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергенін анықтау.
| Сұрақ | Жауап |
|---|---|
| 1) Қобыздың қанша түрі бар? | Тоғыздан астам. |
| 2) Қобыз неше бөліктен тұрады? | 10. |
| 3) ХІХ ғасырдың соңында Жетісу өңірінен табылған қобыз қалай аталады? | Нар қобыз. |
| 4) Қылқобызға анықтама бер. | Қазақтың шанағын тізеге сүйеп, ысқымен тартылатын екі ішекті өте көне саз аспабы. |
| 5) Домбыра, қобыздың кәде-сыйлық түрінде басы мен түбі ағаш діңінен бірігіп ойылатын бұйымның биіктігі шамамен қанша мм? | 140–150 мм. |
| 6) Жіңішке имек ағаштан жасалып, екі ішегі аздап есілген, жылқының құйрық қылынан алынған бірнеше талшықтан құрастырылатын аспап қалай аталады? | Ысқыш. |
Қылқобыздың нақты өлшемдері (кесте)
Жалпы ұзындығы
670 мм
Шанағының диаметрі
60 мм
Мойнының ұзындығы
220 мм
Қобыз түбінің ұзындығы
200 мм
Қобыз алақанының ұзындығы
90 мм
Шанақтың жалпы жалпақтығы
180 мм
IV. Жаңа сабақ
Шертер аспабын жасау технологиясы
Шертер — қазақ халқының үш ішекті көне музыкалық аспабы. Оның мойны қысқа, шанағы қақпақсыз ашық болады.
Ежелгі нұсқасында ішектер жылқы қылынан жасалған. Бұл үлгіні өнер зерттеушісі Б. Сарыбаев поляк саяхатшысы Б. Залесскийдің 1865 жылы Парижде басылып шыққан альбомынан анықтаған.
Негізгі ұғымдар
- Үш ішек — шертердің басты ерекшелігі
- Қысқа мойын — ықшам құрылым
- Ашық шанақ — қақпақсыз түр
- Жылқы қылы — ежелгі ішек материалы