Менің дәптерлерім Сабақтың мақсаты
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Павлодар қаласы, № 26 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі — Абылхаирова Ғалима Темірболатқызы.
Сынып
2-сынып
Сабақтың тақырыбы
«Менің дәптерлерім»
Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері
Мақсаты
Өтілген материалмен байланыстыра отырып, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдануды үйрену.
Жетістік критерийлері
- Флипчартқа постер жасай алады.
- Жұппен және топпен жұмыс істей алады.
Негізгі дереккөз
«Қазақ тілі» оқулығы, 2-сынып (А. Қайырбекова).
Қажетті ресурстар
Техникалық құралдар
- Интербелсенді тақта (моноблок).
- АКТ материалдары.
Көрнекілік және бағалау
- Түрлі түсті маркерлер, А3 қағазы.
- Стикерлер, бағалау парақтары.
Әдіс-тәсілдер
- Шаттық шеңбері
- «Ыстық орындық» әдісі
- Стикердегі диалог
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, оқушыларды түгендеу.
- Кәмпиттер арқылы топқа бөлу.
2) Кіріспе бөлім: қызығушылықты ояту
- Үй тапсырмасын тексеру.
- «Ыстық орындық» әдісі арқылы сөздік қорды тексеру.
3) Білу: жаңа сөздер
| Қазақша | Орысша |
|---|---|
| Жазу | писать |
| Қалың дәптер | общая тетрадь |
| Түрлі | разные |
4) Түсіну: сөзжұмбақ (АКТ)
Оқушылар интербелсенді тақта арқылы сөзжұмбақ шешеді. Тапсырмадағы сөздер төмендегідей аудармалармен беріледі:
Аудармалар
- 1. мяч
- 2. красивый
- 3. парта
- 4. сапоги
- 5. ты
- 6. пчела
Талқылау сұрақтары
- Сөзжұмбақта қандай сөз жасырын тұр?
- Бүгін не туралы айтамыз?
- Дәптердің қандай түрлері бар?
5) Қолдану: оқулықпен жұмыс
3-жаттығу (138-бет)
Өлеңді мәнерлеп оқу.
4-жаттығу
Бос орынға тиісті сөзді қойып, көшіріп жаз:
Асан … жазды.
Алина қызық … оқыды.
Наташада әдемі, түрлі түсті … бар.
Әйгерім сурет сабағына … әкелді.
Игорь … пен сызды.
Керек сөздер
Сергіту сәті
Моноблок немесе интербелсенді тақта арқылы қысқа сергіту жаттығулары орындалады.
6) Талдау: сөйлем құрау
Менде … бар.
Тірек сөз: дәптер
Дәптерлер … болады.
Тірек сөз: түрлі-түсті
Айша … қалың дәптер сатып алды.
Тірек сөз: дүкеннен
7) Жинақтау: стикермен жұмыс
Әр оқушыға стикерлер таратылады: кейбірінде сұрақтар, кейбірінде жауаптар жазылады. Оқушылар жұптасып, сұрақ пен жауапты сәйкестендіріп, қысқаша диалог құрайды.