Құрал жабдықтар
Ойынның мақсаты
Бұл сайыстың мақсаты — оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, сондай-ақ өткен тақырыптарды жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сарыкемер орта мектебімізде өтіп жатқан М. И. Ф. пәндері апталығына орай ұйымдастырылған «Тапқыр информатиктер» білім сайысына қош келдіңіздер!
Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
Сайыстың шарты
Қатысушылар
Сайысқа 2 топ қатысады.
Кезең саны
Сайыс 7 кезеңнен тұрады.
Ұпай есептеу
Ұпайды есептеп отыратын 1 адам тағайындалады.
Кезеңдер тізімі
- 1. Бәйге
- 2. Құрал-жабдықтар
- 3. Ауыстырмақ
- 4. Сиқырлы тізбек
- 5. Жеті жұмбақ
- 6. Кубик лақтыру
- 7. Ғажайып алаң
1-кезең: Бәйге
Жүргізуші:
Бәйге деген — жүйрік аттар жарысы.
Жүйріксіңдер сендер осы жарыста.
Жүйрік озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ереже
- Әр топқа 10 сұрақ қойылады.
- Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
- Алғаш болып қол көтерген топ жауап береді.
- Қате жауап берілсе, сұрақ келесі топқа өтеді; екі топ та жауап бермесе — ұпай берілмейді.
Сұрақтар
- Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал: компьютер.
- Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас: интерфейс.
- Бір байтта қанша бит бар? 8 бит.
- Аты бар бірқатар байттар тізбегі: файл.
- Компьютермен жұмыс кезінде экраннан ұсынылатын қашықтық: 60–70 см.
- Компьютердің негізгі құрылғылары: монитор, пернетақта, жүйелік блок.
- Компьютердің қосымша құрылғылары: сканер, модем, принтер, тышқан, колонкалар және т.б.
- Компакт-диск оқу құрылғысы: CD-ROM, DVD-ROM.
- Дүниежүзілік компьютер желісі: интернет.
- «Компьютер ауруы» деп нені айтамыз? вирус.
2-кезең: Құрал-жабдықтар
Әр топ кезекпен құрал-жабдықтардың суреті салынған карточкаларды суырып алады. Тапсырма — құрылғының атын атап, атқаратын қызметін қысқаша түсіндіру. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Құралдар (үлгі тізім)
- Принтер
- Дискета
- Пернетақта
- Жүйелік блок
- Монитор
- Колонкалар
- Сканер
3-кезең: Ауыстырмақ
Бұл кезеңде әріптері орын ауысқан сөздерден дұрыс информатикалық термин құрастыру керек. Алғаш болып қол көтерген топ жауап береді: дұрыс болса — 1 ұпай, қате болса — кезек келесі топқа өтеді.
| Берілген | Дұрыс жауап |
|---|---|
| иакматорфни | информатика |
| аламрдағба | бағдарлама |
| ратапқа | ақпарат |
| чнестреив | винчестер |
| зертее | терезе |
| рсутивнаи | антивирус |
4-кезең: Сиқырлы тізбек
Әр топқа ақпарат өлшем бірліктері жазылған, дөңгелек етіп қиылған 5 карточка беріледі. Тапсырма — өлшем бірліктерін өсу ретімен орналастыру.
Бағалау
- Бірінші болып аяқтаған топқа 5 ұпай беріледі.
- Екінші топ жартылай орындаса, әр дұрыс орналастырылған карточкаға сәйкес ұпай беріледі.
Дұрыс рет
5-кезең: Жеті жұмбақ
Бұл кезеңде 7 жұмбақ жасырылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап бере алмаса, жұмбақ келесі топқа өтеді. Екі топ та шеше алмаса — ұпай берілмейді.
1-жұмбақ
Ақпаратты компьютерден аламын,
Бірақ өзім қағазға басып беремін.
Жауабы: принтер
2-жұмбақ
Компьютерге көмекпін,
Жануарға ұқсаймын.
Кілемше үстінде тұрамын,
Мен қосымша құралмын.
Жауабы: тышқан
3-жұмбақ
Еселе десең — еселеймін,
Қи десең — қиып аламын,
Қой десең — қоямын.
Жауабы: алмасу буфері
4-жұмбақ
Компьютердің миымын,
Ақпаратты сақтаймын.
Жауабы: процессор
5-жұмбақ
Бір бассаң — әріптерді бас әріппен жазамын,
Тағы бассаң — кіші әріппен жазамын.
Жауабы: Caps Lock батырмасы
6-жұмбақ
Ақпаратты қағаздан мен аламын,
Бірақ оны компьютерге енгіземін.
Жауабы: сканер
7-жұмбақ
Компьютерде тұрамын,
Ауырса — оны емдеймін.
Жауабы: вирусты емдейтін бағдарлама (антивирус)
6-кезең: Кубик лақтыру
Кубик түскен сұраққа сәйкес топ жауап береді. Сұрақтар Windows ортасы және негізгі ұғымдарға қатысты.
Сұрақтар
- 1) Жұмыс үстелі дегеніміз не?
- 2) Жұмыс үстеліндегі Windows объектілері мен басқару элементтерін ата.
- 3) Windows сөзінің қазақша аудармасы қандай?
- 4) Терезе дегеніміз не?
- 5) Терезе түрлерін ата.
- 6) Қолданба дегеніміз не?
- 7) Терезе элементтерін ата.
Назар аударатын ұғымдар
- Жұмыс үстелі (Desktop)
- Терезе, қолданба, элементтер
- Объектілер мен басқару элементтері
7-кезең: Ғажайып алаң
Қорытынды кезеңде файлдар мен Windows-тағы негізгі объектілер туралы сұрақтар қойылады.
Сұрақтар
- 1) Анықтама не үшін керек?
- 2) Батырмаларды ата.
- 3) Файл дегеніміз не?
- 4) Файлдардың қандай аттары болады?
- 5) Қапшық (қалта) дегеніміз не?
- 6) Таңбаша дегеніміз не?
Қорытынды
Жүргізуші:
Осымен осы ойынды аяқтасақ,
Бұл жарысты өткізерміз бе, жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз, аман болсақ!
Сайыс соңында ең көп ұпай жинаған топ анықталып, оларға «Тапқыр информатиктер» атағы беріліп, марапатталады.