Қазақ елі - асқан батырлығымен, ақыл парасаттылығымен Египед еліне билік жүргізген Бейбарыстың елі

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың жері, қазақтың елі

Мақсаты

Тәуелсіздіктің бізге оңай келмегенін түсіндіру; тәуелсіздікке жету жолында қаншама боздақтардың қиылған жаны мен төгілген қаны туралы айта отырып, оқушыларды өз елін, өз жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ (қазақ тілі, әдебиеті, музыка).

Көрнекілігі

Слайд-презентация: «Қазақтың жері, қазақтың елі».

Іс-шараның өту форматы

Сабақ байқау түрінде өтеді. Қатысушыларды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысып алыңыздар.

1-жүргізуші

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін сіздердің назарларыңызға «Қазақтың жері, қазақтың елі» атты тәрбиелік іс-шарамызды ұсынамыз. Тәуелсіздігіміздің тойы құтты болсын!

Слайд

Н. Назарбаев, Қазақстан картасы.

2-жүргізуші

Қазақ елі — сонау Алтайдан Атырауға дейін билік жүргізген Едігенің елі. Қазақ елі — асқан батырлығымен әрі ақыл-парасатымен өзге жұртқа да даңқы жеткен Бейбарыстың елі. Ендеше осындай тамаша жерді, батыр елді неге мақтана жырламасқа?

Өнер көрсету бөлімі

Шақыру

Ендеше алғашқы әншімізді ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар:

_________________________________________

Тәуелсіздік туралы ой

Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Ата-бабамыз өз жерін, Отанын, халқын қорғаймын деп талай тарихи сыннан өтті. Еш жау жеңе алмаған, рухы биік, арманы асқақ қазақ елі туралы әнімен келесі сайыскерімізді ортаға шақырамыз:

_________________________________________________________

Тарихи шежіре және тағылым

Бұл далада халқымыз бостандық пен еркіндік жолында үш ғасырға жуық күресті. Солардың ішінде жалпы халықтық сипат алып, бүкіл қазақ даласын шарпыған ең қасіретті кезеңдердің бірі — екі ғасырға созылған жоңғар басқыншыларына қарсы шайқастар еді.

Слайд

«Тәуелсіздік шежіресі» (хандар мен батырлардың суреттері).

Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-жұртынан айырылған жаман екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мына заман қай заман, бағы заман,
Баяғыдай болар ма тағы заман.
Қарындас пен қара орман қалғаннан соң,
Көздің жасын көл қылып ағызамын.

Қан да, көздің жасы да сорғаламады,
Күңіренітті көлдердің борықтары.
Азан-қазан, Ақтабан-шұбырынды —
Алапат жоңғардың жорықтары.