Электронды есептеуіш машиналар

Информатика пәні • 6-сынып • Жаңа сабақ

Есептеуіш техникасының даму тарихы

Бұл сабақта оқушылар есептеуіш техниканың тарихи даму кезеңдерімен, оның құрылуының негізгі принциптерімен танысып, ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсінеді.

Білімділік

Есептеу техникасының даму тарихын жүйелі түсіндіру, ЭЕМ-нің қоғамдағы маңызын ашу.

Дамытушылық

Ойлау қабілетін, логикалық және абстрактілі пайымдауды дамыту.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шапшаңдыққа және жауапкершілікке баулу.

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Мұғалім

Ильясова Эльмира Амангелдіқызы

Көрнекі құралдар

  • Оқулық
  • Компьютер
  • Жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы

  1. 1 Оқушыларды ұйымдастыру.
  2. 2 Үй тапсырмасын тексеру.
  3. 3 Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. 4 Сабақты бекіту.
  5. 5 Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары

  • Ақпарат дегеніміз не?
  • Антивирустық программа дегеніміз не? Ол не үшін қажет?
  • Компьютерлік вирус дегеніміз не?
  • Ақпаратты компьютерлік вирустардан қорғау шараларын атаңдар.
  • Ақпаратты сығу (қысу) дегеніміз не?

Жаңа сабақ: есептеуіш техниканың даму тарихы

Есептеуіш техника дамымай тұрған кезде адамдар есептеуді қол саусақтары, тастар және ағаш таяқшалар арқылы орындаған. Уақыт өте келе есептеуді жеңілдететін құралдар пайда болып, кейіннен механикалық, одан әрі электрондық машиналарға ұласты.

Ерте кезең: қарапайым құралдар

  • Есепшоттың алғашқы түрлері Қытайда немесе Египетте шамамен 2000–5000 жыл бұрын пайда болған.
  • Ресейде есепшот XVI–XVII ғасырларда кең тарай бастады.

Логарифм және есептеу құралдары

  • XVII ғасырдың соңы: шотландиялық Джон Непер логарифм ұғымын енгізіп, логарифм кестесін құрды.
  • 1761 жыл: ағылшын Д. Робертсон логарифм сызғышын жасады (идеяны Исаак Ньютон ұсынған).

Механикалық есептеу машиналары

1642

Француз математигі Блез Паскаль 19 жасында алғашқы қосу машинасын жасады.

1694

Неміс математигі Готфрид В. Лейбниц Паскаль идеясын дамытып, арифмометр жасады.

XIX ғасыр

Есептеуіш техниканың дамуы қарқындай түсті: автоматтандыруға сұраныс артты.

Компьютердің идеялық негізі

  • 1833 жыл: Чарлз Бэббидж аналитикалық машинаның жобасын жасады. Оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды.
  • 1846 жыл: Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарлама жазып, тарихтағы алғашқы бағдарламалаушы ретінде танылды.

Перфокарта дәуірі және IBM бастауы

  • XIX ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит перфорациялық (перфокарталы) есептеу машинасын құрастырды.
  • Ол машиналарды жасайтын фирманың негізін қалап, кейін бұл компания IBM ретінде танылды.

Электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ)

1944

Американ математигі Говард Айкен Harvard Mark I автоматты есептеуіш машинасын жасады.

1946

Пенсильвания университетінде алғашқы электрондық машина ENIAC жасалды.

1949

EDSAC машинасы құрастырылды.

ЭЕМ буындары: қысқа шолу

I буын (1940–1955)

Алғашқы электрондық машиналар: ENIAC, EDSAC.

II буын (1955 жылдан бастап)

Жартылай өткізгіштер мен транзисторлар қолданылды. Бағдарламалау тілдері: Fortran, Algol, Cobol.

III буын

Интегралдық схемалар негізінде құрылған ЭЕМ-дер.

IV буын

Қазіргі дербес компьютерлер осы буынға жатады.

V буын туралы идея

Бесінші буындағы компьютерлер толық қалыптасқан өнім ретінде әлі кең тараған жоқ. Көптеген елдерде бұл бағыттағы зерттеулер жүргізілуде. Негізгі мақсат — адам сөйлейтін тілге жақын тілді түсінетін, яғни «жасанды интеллект» мүмкіндіктері бар жүйелерді дамыту.

Бұл идея іске асқанда, пайдаланушы мәселені қарапайым сөзбен түсіндіріп береді, ал компьютер бағдарламаны өзі құрып, есепті автоматты түрде шеше алады.

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Бірінші электрондық есептеуіш машина қалай аталды? Ол қай жылы жасалды?
  • «Марк I» машинасы қандай элементтерден жасалды?
  • Бұрынғы Кеңес Одағында алғашқы ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?
  • ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?
  • Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?

Үй тапсырмасы

Оқу және жазу

  • «Есептеуіш техниканың даму тарихы» тақырыбын оқу.
  • Тақырып бойынша реферат жазу.
  • Слайдты жүктеу.

Практикалық жұмыс (үй тапсырмасы бойынша)

  1. Жұмыс үстелінен WinRAR бағдарламасының лақабын (таңбашасын) табыңыз.
  2. Жұмыс үстелінен антивирустық бағдарламаның лақабын (таңбашасын) табыңыз.
  3. Жұмыс үстелінен мұрағатталатын қалтаны табыңыз.
  4. WinRAR терезесінен мұрағат жасайтын батырманы табыңыз.
  5. Kaspersky антивирус терезесінен «Нысандарды тексеруді бастау» батырмасын табыңыз.