Сөйлем Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже
Білімдік мақсат
Оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру, сөйлемнің атқаратын қызметін меңгерту. Сөйлемнің тыныс белгілері мен айтылу интонациясын түсіндіру.
Дамытушылық
Сөйлемнің сөзден құралатынын, оның құрылысы мен сөйлемдердің өзара байланысын жан-жақты түсіндіру. Тақырыптық суреттер арқылы сөйлем құратып, мазмұнды мәтін жасату. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландырып, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік мәні
Сауатты жазуға, өз ойын анық жеткізуге, мәдениетті сөйлеуге, адамгершілікке және қарапайымдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Ребустар
- Қима қағаздар
- Слайдтар және қосымша материалдар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмысқа дайындау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
218-жаттығу
«Әдепті бала — арлы бала»
III. Өткен сабақты пысықтау
-
1) Өткен сабақта қандай тақырып өттік?
Мәтін.
-
2) Мәтін дегеніміз не?
Мәтін — екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.
-
3) Мәтіннің неше түрі болады?
Мәтіннің үш түрі бар: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.
IV. Жаңа сабақ: «Сөйлем»
1) Ребус шештіру
Шешуі: Сөйлем
2) Сөйлем неден құралады?
Сөйлем сөзден құралады.
3) Сөйлем аяқталған соң не қойылады?
Сөйлем аяқталғаннан кейін тыныс белгісі қойылады.
Негізгі ереже
Сөйлем аяқталған, тиянақты ойды білдіреді. Сөйлем соңына айтылу мақсаты мен интонациясына қарай нүкте (.), сұрақ белгісі (?), леп белгісі (!) қойылады.
V. Оқулықпен жұмыс
219-жаттығу (ауызша)
Сөздерді салыстырып оқы. Қайсысы сөйлем екенін анықта және себебін түсіндір.
Ережені оқу
Сөйлемнің анықтамасы, тыныс белгілері және интонацияға қатысты негізгі тұжырымдарды бекіту.
VI. Жаттығулар арқылы бекіту
220-жаттығу (тақтамен жұмыс)
Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жаз.
221-жаттығу (өз бетімен)
Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
222-жаттығу (ұжыммен)
Сөйлемдерді соңындағы тыныс белгісіне сай ырғақпен оқы. Айтылу мақсатының әртүрлі екенін дәлелде.
Дәптермен жұмыс: шығармашылық тапсырма
Оқушыларды үш топқа бөліп, мәтіннен қате жазылған сөздерді тапқызу. Сонымен қатар мәтіннің үш түріне (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) сәйкес шағын мәтін құрату.
VII. Деңгейлік тапсырмалар
I, II, III деңгей тапсырмалары орындалғаннан кейін жұмыстар бағаланады.
I деңгей
1) Мәтіннен қате жазылған сөздерді тап
Күз
Күз келд. Күн суыта бастады. Ағаштың жапырақтары сарғайып, жерге түсті. Айнала сап-сары түске бойанды. Жеміс-жидектер, көкөністер пысті. Құстар жылы жақа ұшып кетті. Егін жыинау науқаны басталды.
2) Ребусты шешіп, сөйлем құрастыр
3) «Қыс» сөзіне дыбыстық талдау жаса
II деңгей
1) Мәтіннен қате жазылған сөздерді тап
Кітапхана
Біздің мектепте ктапхана бар. Онда қызықты кітаптар көп. Кітапханаға оқушлар көп барады. Мен де кітапханаға бардым. Раихан апай — кітапханаші.
2) Ребусты шешіп, шыққан сөзге сөйлем құрастыр
3) «Жаз» сөзіне дыбыстық талдау жаса
4) Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құра
- 1) Бардым, мектепке, мен, кеше.
- 2) Жарысқа, алмай, қалды, бара, олар.
- 3) Ашық, бүгін, болды, бізге, сабақ.
III деңгей
1) Мәтіннен қате жазылған сөздерді тап
Құстар
Құр, бұлбұл, тірна, қарлығаш, қарға — құстар. Құстар — адамға дос. Құс жұмыртқасын алма. Оларға қамғорлық жаса. Қарлығаш, қараторғай, тырна — жыл құстарі. Жыл құстары қыста жілі жақта болады. Құстар паидалы.
2) Ребусты шешіп, шыққан сөзге сөйлем құрастыр
3) «Бидай» сөзіне дыбыстық талдау жаса
4) Мәтін түрін анықта (төмендегі мәтін)
Қоян сүйкімді кішкентай аң. Оның көзі қыли әрі қып-қызыл. Өзі жүйрік. Қыста аппақ тонымен жауынан қорғанады.
Төменге жаз: мәтіннің қай түріне жатады?
5) Мына сөздерден сөйлем құра
- 1) Болмады, кеше, бәйгесі, ат.
- 2) Жем, бардық, шашуға, аққуларға, біз, қыста.
- 3) Жамылған, қар, ағаш, маужырайды, бұтақтары.
VIII. Сабақты қорытындылау
Қорытынды тапсырма
Ребус шешу арқылы тақырыпты бекіту: «Күздің кереметі».
Сұрақ-жауап
- Бүгін нені оқыдық, нені білдік?
- Сөйлем деген не?
- Мысал келтір.
IX. Үй тапсырмасы
223-жаттығу
Сөйлемді оқып келу.
X. Бағалау
Оқушылардың тапсырмаларды орындау сапасына, сауаттылығына және белсенділігіне қарай бағалау.