Нақыл сөздерӨз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адамды сауатты, мәдениетті деуге болмайды
Нақыл сөздер
Төменде тіл, білім, ой, шешендік және жастық туралы айтылған таңдаулы нақыл сөздер берілді.
Тіл және мәдениет
«Өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адамды сауатты, мәдениетті деуге болмайды».
— Мұхтар Әуезов
Ақыл-ой еңбегі
«Күн табиғатқа қандай әсер етсе, ақыл-ой жұмыстары да адамға сондай әсер етеді».
— В. Гумбольд
Шындықтың өлшемі
«Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды».
— А. Құнанбаев
Қысқа да нұсқа
«Көп сөйлеме, азбен келтір иінін,
Бір сөзбен шеш түмен сөзінің түйінін».
— Ж. Баласағұн
Ана тіліне құрмет
«Ана тілін білмеген — ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген — халқын сүйіп жарытпас».
— Б. Сарноғаев
Білім мен сөз
«Көп біліп, аз сөйлеген — шешен,
Аз біліп, көп сөйлеген — мылжың».
— З. Қабдолов
Жастық туралы
«Жастық өз уақытын білмейді».
— Р. Хорезми
Дайындаған
Жадыра