Дұрыс айтасыңдар, кәне орындықтың орысшасын айтайықшы
Білім беру саласы
Бағыты
Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Сауат ашу
Тақырыбы
О дыбысы және әрпі
Мақсаты
- О дыбысымен және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табуға, сөйлем құрап айтуға үйрету.
- Балалардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту, тілін жетілдіру.
- Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Қалта паннолар
- Дыбыстық талдауға арналған көк және қызыл текшелер
- Жеке тапсырма карточкалары
- Сызба-ережелер
- Баланың жұмыс дәптері
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
- Сұрақ–жауап
- Дидактикалық ойындар
Қос тілділік (қазақша–орысша)
- Орындық
- стул
- Қой
- баран
- Қоян
- заяц
Мотивациялық-қозғаушы кезең
Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы күн, достарым!
Қайырлы күн, ұстазым!
Қайталау
1) «Дыбыстың үйін тап» ойыны
Мақсаты: балалардың бұрын өткен дыбыстарды ажырата алу дағдысын дамыту.
Шарты: балаларға кеспе әріптер көрсетіледі. Олар әріптерді дауысты және дауыссыз дыбыстарға бөліп, қызыл және көк «үйлерге» орналастырады.
2) «Қызықты кубик» тапсырмасы
Кубикті қолдана отырып, балаларға өткен дыбыстарды еске түсірту және сол әріптерге байланысты сөздер айтқызу.
Ұйымдастыру-ізденушілік кезең
№1. Жұмбақ шешу
О дыбысы1-жұмбақ
Аяғы төртеу, жүре алмайды,
Жатып бір сәт те дем алмайды.
Отырған адамға дап-дайын,
Тік ұстап тұрар тақтайын.
Жауабы
Орындық. Орысша: стул.
2-жұмбақ
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Жауабы
Қой. Орысша: баран.
3-жұмбақ
Сылдырдан қорқады,
Жүгіріп жортады.
Жауабы
Қоян. Орысша: заяц.
Қорытынды
Бүгінгі сабақта балалар О дыбысы және О әрпімен танысады, сөз ойлап табуға және сөйлем құрауға жаттығады.