Жазбаша тіл - адамдардың хабарды жазып беруі
Сауат ашу
Тақырып: Я әрпінің жазылуы
Сабақтың мақсаты
- Я дыбысы мен әрпін таныту.
- Я дыбысының емлесін түсіндіру.
- Жаттығулар арқылы сөз ішінен я дыбысын өзге дыбыстардан ажырата білуге үйрету.
- Я әрпінің жазылу және айтылу ережелерін меңгерту.
Сабақтың форматы
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Сабақтың әдістері
- Ой қозғау, түсіндіру, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, суретпен жұмыс
- Көрнекілігі
- Оқулық, сөзжұмбақ, суреттер
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиеттік оқу
Міндеттері
Білімділік
- Я әрпінің жазылуы мен дыбысталу ерекшелігін түсіндіру.
- Я дыбысының қосарлы дауысты екенін меңгерту.
- Сөз ішінде йа болып естілгенімен, дұрыс жазуда я әрпі қолданылатынын түсіндіру.
Дамытушылық
- Я әрпі бар сөздерді сауатты жазуға дағдыландыру.
- Сөздік қорын молайту.
- Ойлау, есте сақтау, өз ойын қорытындылау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
- Адамгершілік, әдептілік, достық және үлкенді сыйлау құндылықтарын қалыптастыру.
- Көркем әрі сауатты жазуға тәрбиелеу.
- Ұйымшылдыққа, бірлікке, татулыққа және ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу және сабаққа дайындау.
- Назарын сабаққа аудару, жаңа тақырыпты хабарлау.
II. Үй тапсырмасын сұрау және ынтымақтастық атмосферасы
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға гүл шашылды.
Біз нәзік қыздармыз,
Біз ержүрек ұлдармыз.
Қайырлы күн, достарым!
Өткен сабақты пысықтау үшін ұяшықтарға жасырылған сұрақтарға жауап беріледі:
-
1) И, й қандай дыбыстар?
И — дауысты дыбыс, й — дауыссыз дыбыс.
-
2) И әрпінен кейін қандай дыбыс естіледі?
И дыбысының алдында ы, і естілгенімен, олар жазылмайды: биыл (быйыл емес), киік (кіиік емес).
-
3) И әрпі қай жерде жазылады?
И әрпі сөз басында және дауыссыз дыбыстан кейін жазылады: икемді, киік, қиын.
-
4) «Тиын» сөзін буынға бөл. Неше буын бар?
Ти-ын — 2 буын.
-
5) Әріп дегеніміз не?
Әріп — жазу тіліндегі шартты белгі, дыбыстың жазбаша таңбалануы.
-
6) Дыбыс дегеніміз не?
Дыбыс — тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілетін үн.
-
7) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Қазақ тілінде дыбыстар дауыс қатысына қарай екі топқа бөлінеді: дауысты, дауыссыз.
-
8) Жазбаша тіл дегеніміз не?
Жазбаша тіл — адамдардың хабарды жазып жеткізуі.
-
9) Қазақ тілінде неше әріп бар?
Қазақ тілінде 42 әріп бар.
-
10) Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
Қазақ тілінде 40 дыбыс бар.
-
11) У дыбысы қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болады?
У дыбысы дауысты дыбыстан кейін айтылса, дауыссыз болады: ау, тау. Дауыссыздан кейін айтылса, дауысты болады: ну, ту.
-
12) У дыбысының жуан, жіңішке айтылуы
Сөздің жуан-жіңішкелігіне қарай сөз құрамындағы у дыбысы да жуан не жіңішке айтылады.
-
13) Қазір мектебімізде қандай мереке аталып өтуде?
22 қыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдері күні ретінде аталып өтеді.
-
14) 18 қыркүйек күні қандай мереке атап өтілді?
Әсем қала Алматының 1000 жылдығы.
III. Жаңа сабақ: Я әрпінің жазылуы
Ой қозғау
- 1 Балалар, біз тұратын баспананы қалай атаймыз? (Үй)
- 2 Ал құстардың баспанасын қалай атаймыз? (Ұя)
- 3 «Ұя» сөзінде неше әріп бар?
- 4 Екінші әріп қалай аталады?
Оқулықпен жұмыс
- Бүгінгі күннің ретін жазу.
- Я әрпінің жазылуын түсіндіру.
Негізгі ереже: сөзде йа дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына я әрпі жазылады: мая, сая, қоян.
Я — қосарлы дауысты дыбыс.
Дәптермен жұмыс (1-жаттығу)
Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазып, я әрпінің астын сыз. Сондай-ақ я әрпінің қандай дыбыстардан құралатынын айт.
Шырқалса егер аяулы әні —
Құстың ерте оянғаны.
Жапырақтардың сарғайғаны —
Сары күздің таянғаны.
Естілуі
айаулы
жазылуы: аяулы
Естілуі
ойанғаны
жазылуы: оянғаны
Естілуі
тайанғаны
жазылуы: таянғаны
IV. Сөзжұмбақ және суретпен жұмыс
Сөзжұмбақ
- «Тауық» + «қияр» → тақия
- «Арқар» + «пияз» → қария
Осы сөздермен екі сөйлем құрастыр
- Апам маған тақия тікті.
- Автобуста қарияға орын бердім.
Жұмбақтар
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Жауабы: пияз
Таң азаннан оянады,
Елдің бәрін оятады.
Жауабы: тауық
V. Ой толғаныс және бекіту
Қай сөз дұрыс жазылғанын тап
- Айаз / аяз аяз
- қойан / қоян қоян
- шайан / шаян шаян
- ұйалшақ / ұялшақ ұялшақ
- жайау / жаяу жаяу
- тайаз / таяз таяз
«Сиқырлы таяқша» ойыны
Я дыбысына қатысты сөздер ойлап тауып, сол сөздермен сөйлем құрастыру.
Үлгі сөздер
VI. Қорытынды сұрақтар
-
1) Дыбыс деген не?
-
2) Әріп деген не?
-
3) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-
4) Я әрпі қандай дыбыс?
VII. Үй тапсырмасы
4-жаттығу, 31-бет.
VIII. Бағалау
Оқушылардың жұмысы Я әрпінің жазылуы тақырыбы бойынша орындаған тапсырмалары, сұрақтарға жауаптары және сабаққа қатысу белсенділігі негізінде бағаланады.