Қарым - қатына дағдыларымен білімін қалыптастыру

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің сабақ жоспары (ересек топ)

Негізгі мәлімет

Білім беру саласы
Қарым-қатынас
Бөлімі
Ағылшын тілі
Тақырыбы
Hello

Мақсат және міндеттер

Мақсаты

Қарым-қатынас дағдылары арқылы білімді қалыптастыру.

Міндеттері

  • Жаңа лексикалық бірліктерді енгізу: Hello.
  • Тыңдау, сөйлеу, сәлемдесу және өзін-өзі таныстыру дағдыларын дамыту.
  • Шет тіліне қызығушылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар

  • Түрлі-түсті қарындаштар
  • Карточкалар
  • Қайшы
  • Желім

Лексика және билингвальді компонент

Белсенді лексика

Hello I am ___ song mum dad Foxy

Аудармасы (KZ)

Hello
сәлеметсіз бе
I am
мен
mum
ана (апа)
dad
әке

Сабақтың барысы

Мотивациялық-қызықтырушылық

Педагогтің іс-әрекеті: педагог балалармен амандасады: “Hello, children!”

«Қараңдаршы, бүгін күн қандай тамаша! Бұл — ерекше күн. Біз ағылшын тілі еліне саяхатқа аттанамыз. Бір-бірімізге күлімсірей қарап, сәтті сапар тілейік.»

Нұсқау: “Sit down, please.”

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ағылшын тілі қазіргі заман адамына өте қажет. «Ағылшын тілін не үшін білу керек?» — деп ойлайсыңдар?

Кейіпкерлер:

Foxy есімді түлкішек және оның жанұясы, сондай-ақ Батыр, Дана, Дима және Ира атты балалар бізге ағылшын тілін үйренуге көмектеседі.

1-тапсырма: Тыңдау және қайталау

Педагог балаларға тыңдауды ұсынады және үлгі бойынша қайталауға бағыттайды.

Түлкі ана

“Hello. I am Mum.”

Түлкі әке

“Hello. I am Dad.”

Түлкішек

“Hello. I am Foxy.”

Жаттығу

Балалар “Hello, I am …” құрылымын айтып, өздерін таныстырады.

2-тапсырма: Ән тыңдау

Балаларға “Sing the song” әнін тыңдау ұсынылады.

Мәтіні

I say hello, hello, hello, hello.
I say hello, hello, hello, hello.

Сергіту сәті: Қимыл-қозғалыс

Foxy-дің қимылдарын қайталап орындаймыз.

  • Clap, clap, clap — Foxy шапалақтайды.

  • Stamp, stamp, stamp — Foxy аяғын топылдатады.

  • Hop, hop, hop — Foxy секіреді.

  • Step, step, step — Foxy жүреді.

Саусақ жаттығуы: «Медуза»

Қолымызды медуза деп елестетейік. Педагог медузаның су бетіне көтерілуі үшін жасайтын қимылдарға ұқсас бірқалыпты қозғалыстарды көрсетеді.

Орындау тәртібі

  1. 1 Саусақтарды «қармалауыш» сияқты қимылдатып, үстел үстіндегі қарындашты алуға тырысу.
  2. 2 Алдымен барлық саусақпен орындау.
  3. 3 Содан кейін төрт саусақпен қайталау.

Бұл жаттығу ұсақ моториканы дамытуға өте пайдалы.