Менің ұлтым

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Негізгі ақпарат

Білім беру саласы
Қатынас
ҰОҚ түрі
Қазақ тілі
Тобы
Ересектер тобы
Тақырыбы
Менің Отаным — Қазақстан

Құралдар мен тәсілдер

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Сиқырлы қалам
  • «Менің Отаным» постері
  • Флипчарт

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Флипчартпен жұмыс
  • Интерактивті ойындар

Мақсаты

Білімділік

Балалардың Отан туралы, ҚР рәміздері, еліміздегі ұлттар достығы және туған қаласы туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық

Тақпақ, мақал жаттату және дыбыстық жаттығулар арқылы тілін жаттықтыру, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Отанды сүюге, патриоттық сезімге, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.

Қостілділік (билингвальді) компонент

Тақырыпты бекіту барысында қолданылатын негізгі сөздік жұптар:

Отан — родина мемлекет — государство тәуелсіздік — независимость мемлекеттік рәміздер — государственные символы ту — флаг елтаңба — герб әнұран — гимн күн — солнце қыран құс — орел ою — орнамент жұлдыз — звезда шаңырақ — шанырак қанатты тұлпар — крылатый конь ұлт — национальность көп ұлтты — многонациональный қала — город бұрқақ — фонтан ескерткіш — памятник саябақ — парк отбасы — семья

Сабақтың құрылымы

Мотивациялық-қозғаушылық

Сабақ амандасу және жылы лебіз арқылы басталады.

Диалог үлгісі

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Тәрбиеші: Бүгінгі оқу қызметімізді алтын күнмен, көк аспанмен және достарымызбен амандасудан бастайық.

Амандасу өлеңі

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Сендерге мен қуанам!

Негізгі сұрақтар

Тәрбиеші: «Отан» сөзін қалай түсінесіңдер? Как вы понимаете слово «Родина»?

Балалардың жауаптары: Отан — біздің еліміз, туған жеріміз, ауыл-қаламыз, отбасымыз және балабақшамыз.

Тәрбиеші: Біздің Отанымыз, республикамыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан Республикасы.

Отан туралы тақпақ

Оқушы (Медина) тақпақты мәнерлеп оқиды.

Отанды жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Отан деген — Атамекен,

Отан деген — туған жер.

Отан — Ана, Отан — үлкен,

Қазақстан — туған ел!

Тәрбиеші: Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Тәуелсіз мемлекет.

Сонымен бірге Қазақстан — көп ұлтты мемлекет.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Оқушылардың сөздік қоры мен сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар топтамасы.

«Менің Отаным» (мнемотехника арқылы)

Мақал

«Отан — отбасынан басталады». Родина начинается с семьи.

Мақалды пиктограммалар арқылы қайталап, жылдам жаттауға дағдыланады.

Тақпақ

Отан — менің ата-анам,

Отан — досым, бауырым.

Отан — өлкем, астанам,

Отан — туған ауылым.

Тақпақ мнеможолдар (пиктограммалар) арқылы есте сақталады.

«Рәміздерім — мақтанышым»

Оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімін қайталайды (ту, елтаңба, әнұран).

Флипчарт ойыны: «Қай рәмізде бар?»

Ту мен елтаңбаға қатысты белгілерді дұрыс рәмізбен сәйкестендіріп, сөйлем құрап айтады.

Мысал: «Күн қай рәмізде бар?» — «Күн туда бар» немесе «Туда күн бар».

Дыбыстық жаттығу

Қ — қ — қ: қазақ, Қазақстан. Бұл сөздерде қазақ тіліне тән қандай дыбыс бар? (Қ дыбысы.)

«Менің ұлтым…»

Қазақстан — көп ұлтты мемлекет. Қазақтар, орыстар, кәрістер, украиндар және өзге де ұлт өкілдері бір аспан астында тату-тәтті өмір сүреді. Наша страна — многонациональная страна. Все национальности нашей страны дружно живут под одним небом.

Сұрақ-жауап үлгісі

Сұрақ: Сенің ұлтың кім?

Жауап: Менің ұлтым — қазақ / орыс / кәріс.

Сергіту сәті

Балалар қол ұстасып, қимыл-қозғалыс жасайды:

Ақпыз, қара, сарымыз,

Тату, доспыз бәріміз!

«Менің қалам»

Тәрбиеші: Сендер қай қалада тұрасыңдар?

Балалар: Атырау қаласында тұрамыз.

Тәрбиеші: Қаламыз қандай?

Балалар: Қаламыз үлкен, әдемі, көрікті.

Сурет бойынша әңгімелеу

«Қаламызда нелер бар?» сұрағына толық сөйлеммен жауап береді.

Ескерткіш

Қаламызда ескерткіш бар.

В нашем городе есть памятник.

Бұрқақ

Қаламызда бұрқақ бар.

В нашем городе есть фонтан.

Саябақ

Қаламызда саябақ бар.

В нашем городе есть парк.

Тәуелсіздік мерекесіне арналған өлеңдер

Жақында үлкен мереке — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Оқушылар мерекеге арналған өлең жолдарын оқиды.

Настя

Бабамның да арманы —

Осы еді ғой аңсаған.

Тәуелсіздік таңдары

Бақ береді баршаға.

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым.

Түсті бақыт жолыма,

Менің Қазақстаным!

Лада

Он алтыншы желтоқсан —

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан,

Атамменен барғанмын.

Мерекеге шығады

Бүкіл халық, біліп қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік — ұлық той.

Аралаймын алаңды

Тәуелсіздік күні мен.

Батыр Қайрат ағамның

Суретіне үңілем.

Он алтыншы желтоқсан —

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан,

Шырқатып ән салған күн!

Нұрхан

Отаным менің — Қазақстан,

Ыстық қой сенің топырағың.

Орманын, көлін, бау-бағын

Қастерлеген қазағым.

Найзаның ұшымен қорғанған,

Халқым менің мықты ғой.

Салт-дәстүрін сақтаған,

Елім менің мықты ғой.

Барша қазақ батыры

Желбіреткен көк туын.

Елтаңбамен еңселі,

Мақтанамын мен бүгін.

Жиырма бес жыл тәуелсіз,

Елім — Қазақстаным!

Аман болсын ел-жұртым,

Тыныш болсын Отаным!

Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау, кері байланыс және жаңа тақырыпты бекіту.

Тәуелсіздік — еркін елдің ұраны, жас ұрпағы — болашағы, қыраны. Туған жерді гүлдендіретін ұл-қыз — міне, сендерсіңдер. Сендер аман болыңдар! Отанымыз көркейе берсін, тәуелсіздігіміз нығая берсін! Мерекеміз құтты болсын!

Бекіту сұрақтары

  • Бүгін не туралы айттық?
  • ҚР рәміздері туралы не білдік?
  • Ұлттар достығы дегенді қалай түсінеміз?
  • Туған қаламыз туралы қандай сөйлемдер құрадық?

Күтілетін нәтиже

Нені білуі керек
ҚР рәміздері, өз Отаны, өз ұлты және өз қаласы туралы қазақ тілінде айта алады.
Нені игереді
Сөздер мен сөйлемдерді, өлең жолдарын және мақал-мәтелдерді есте сақтап, қолдана алады.
Нені меңгереді
Отанын және Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу қажеттігін түсінеді.

Автор туралы мәлімет

Ұйым
Қалалық білім бөлімі, №1 мектепке дейінгі авторлық гимназия «Звездочка»
Тобы
Ересектер тобы
Мұғалім
Ибрагимова Эльмира Имашевна