Балалардан күтілетін жауаптар

Сабақтың тақырыбы

Туған жер (Өтебай Қанахин шығармашылығы негізінде)

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
  • Оқушылардың тілін дамыту, мәтіннен негізгі ойды анықтауға үйрету.
  • Туған жерді қадірлеу және табиғатты қорғау идеясын нақты мысалдар арқылы түсіндіру.

Көрнекіліктер

  • Оқулық, дәптер
  • Суреттер, слайд
  • Өтебай Қанахиннің портреті

Оқыту әдістері

  • Блум таксономиясы
  • АКТ қолдану
  • Топтық және жұптық жұмыс
  • Постер қорғау, сұрақ-жауап
  • Синквейн, эссе

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі және психологиялық ахуал

Біз Отанды сүйеміз,

Біз Отанға адалмыз.

Көгілдір ту иеміз,

Қалай жасық болармыз.

2) Үй тапсырмасын тексеру

2-тарауды қайталауға арналған тест тапсырмасы орындалады. Әр оқушы жеке тест парағымен жұмыс істейді.

3) Жаңа сабаққа кіріспе: сөзжұмбақ

Сабақ сөзжұмбақ шешуден басталады. Сұрақтар арқылы негізгі ұғымдар еске түсіріледі:

  1. Біздің еліміз қалай аталады?
  2. Рәміздеріміздің бірі.
  3. Орман неден құралады?
  4. Бал жинайтын жәндік?
  5. Маңғыстауда өндірілетін пайдалы қазба?
  6. Қамбар ата төлі.
  7. Солтүстік Қазақстанда ағып өтетін өзен?
  8. Астанадағы Қазақстан символы?

Жауап кілті

Қазақстан Ту Ағаш Ара Мұнай Жылқы Есіл Бәйтерек

4) «Білу» деңгейі: әдеби тұлғаларды топтастыру

Сынып қазақтың ақын-жазушыларын еске түсіріп, топтастырады. Осы қатарға мұғалім Өтебай Қанахинді қосады.

5) Автор туралы қысқаша мәлімет: Өтебай Қанахин

Өтебай Қанахин (1923–1990) — 17 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тәуіп ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Алғашқы әңгімесі «Екі кездесу» 1947 жылы жарық көрді.

Назар аудару

Автор шығармаларында туған жер, адам еңбегі, азаматтық жауапкершілік тақырыптары жиі көрінеді.

6) Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Туған елім – туған жерім»

Туған жер туралы слайдтар көрсетіледі. Отанымыздың табиғаты алуан түрлі: өзен-көлі, кең даласы, жасыл орманы, жайқалған егісі көз тартады. Еліміз пайдалы қазбаларға да бай. Бұл — қуанып қана қоймай, мақтануға да тұрарлық құндылық.

Сұрақ:

Слайдтарды көргенде көз алдарыңа не елестеді?

Күтілетін жауаптар:

  • Туған жеріміздің әсем табиғаты.
  • Оның байлығы мен кеңдігі.

Осылайша сабақтың келесі бөлімі «Туған елім – туған жерім» екені айқындалады. Одан әрі Өтебай Қанахиннің «Туған жер» мәтінімен танысу жоспарланады.

7) «Түсіну» деңгейі: мәтінмен жұмыс

  • Оқулықтағы мәтін іштей оқылады.
  • «Мәтінді зерттеу» тәсілі бойынша топтық жұмыс орындалады.

1-топ

Туған жердің табиғаты

2-топ

Туған жердің байлығы

3-топ

Туған жерді қорғау

Топтар зерттеу қорытындысын ортаға салады. Түсінуді тексеру үшін «Ұшақ» әдісі қолданылады: ұшақтың қанаттарында тапсырмалар беріледі, әр топ өзіне түскен сұрақтарға жауап береді.

8) Сергіту сәті

«Қара жорға» қимыл-қозғалыс жаттығуы орындалады.

9) «Қолдану» деңгейі: сөздік және шығармашылық тапсырмалар

I топ — сөздік жұмысы

Сөздер слайдта көрсетілмес бұрын, оқушылардың бастапқы түсінігі тыңдалады.

Киелі
Ерекше қасиеті бар.
Ризық
Бұйырған несіп, ырыс.
Маңғаз
Кербез, паң, тәкаппар.
Зеңгер
Аспанмен таласқандай биік.

II топ — көркем сөздерді талдау

Мәтіндегі тіркестердің мағынасы ашылып, олармен сөйлем құрастырылады:

  • «Байлық торсықтай», «мамықтай»
  • «Жердің нәрі»
  • «Кербез аққулар»
  • «Жымыңдаған ару ай»

III топ — шығармашылық тапсырма

«Ауылым — туған жерім» тақырыбына қысқа ойтолғау жазылады.

10) «Талдау» деңгейі: проблемалық сұрақтар

  1. Мәтінде туған жердің табиғаты, байлығы және байтақ қазақ даласы қалай суреттелген?
  2. Қандай жан-жануарлар мен құстар туралы айтылды?

11) «Жинақтау» деңгейі: синквейн

Жеке жұмыс: «Туған жер» тақырыбына синквейн әдісі бойынша 5 жолды өлең құрастыру.

12) «Бағалау» деңгейі: постер қорғау

Жаңа сабақта игерілген білім қорытындыланады. Әр топ берілген тақырып бойынша постер әзірлеп, қорғайды:

I топ

Сирек кездесетін жануарлар және оларды қорғау жолдары.

II топ

Қызыл кітаптың адамзат үшін маңызы бар ма? Дәлелде.

III топ

Қазақстан қорықтарына шолу жасау.

Әдіс: «Ыстық орындық»

Сұрақ: Автор өз шығармасы арқылы бізге не айтқысы келді деп ойлайсыңдар?

Оқушылар еркін сөйлеп, ойларымен бөліседі. Күтілетін қорытынды: Әр адамның өз туған жерін және табиғатын қорғауы — азаматтық борыш.

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді мазмұндау.
  • «Туған жерімді сүйемін» тақырыбына эссе жазу.

Бағалау және рефлексия

Оқушылардың топтық жұмысы, жауаптары, постер қорғауы және жеке тапсырмалары бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Сабақ соңында қысқаша рефлексия жасалады: не түсінікті болды, қандай сұрақ қалды, қандай ой түйдің?