Ластану көздері жөнінде, қоршаған ортаны ластаушылар түрлері жөнінде есептер

№22 негізгі орта білім беретін мектеп-интернаты

Химия және биология пәндері мұғалімі: Қабылова Бақыт Асқаровна

Химияны оқыту үдерісінде экологиялық есептер шығару әдістемесі

Аннотация

Қоршаған ортаға индустриялық араласудың күшеюі жан-жақты ластануға әкелді. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаның ластануы байқалмайтын бірде-бір аймақ жоқ. Осындай антропогендік факторлардың салдарын азайту үшін жастарға экологиялық білім беру қажет.

Оқушыларға экологиялық білім беруде химия курсының маңызы ерекше: оқушы экологияландырылған теориялық сұрақтарға жауапты өз бетінше іздеп, экологиялық мазмұндағы есептерді шешуге талпынады. Топтық жұмыс оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, талдау мен дәлелдеуге үйретеді.

Сабақтың тақырыбы

Химияны оқыту үдерісінде экологиялық есептер шығару әдістемесі.

Мақсаты

Пәндік

Теориялық сипаттағы экологияландырылған сұрақтарға жауапты өз бетінше іздей отырып, экологиялық мазмұндағы есептерді шешу.

Жүйелік-әрекеттік

Оқушылардың химиялық-экологиялық білімдерін қалыптастыру, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Тұлғалық

Химия сабақтарында экологиялық есептерді қолдану туған өңір байлықтарын зерттеуге бағытталған экологиялық проблемалардың мәнін түсінуге ықпал етеді; білімнің берік меңгерілуін күшейтіп, экологиялық тәрбие береді.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Жағдаят арқылы сұрақ туғызу (проблемалық сұрақтар). Оқушылар «иә/жоқ» форматында жауап береді.

  1. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаның ластануы болмаған бірде-бір аймақ қалған жоқ. (иә/жоқ)

  2. Қоршаған ортаға индустриялық араласудың күшеюі жан-жақты ластануға әкелді. (иә/жоқ)

  3. Антропогендік факторлармен күресу үшін химия сабағында экологиялық білім беріп, экологиялық мазмұндағы есептерді шешуге уақыт бөлудің қажеті жоқ. (иә/жоқ)

  4. Қазақстанның батыс аймағында мұнай және газ өндіру қарқынды дамып келеді. (иә/жоқ)

  5. Оқушыларға экологиялық білім беру үдерісін жүргізуде химия курсының маңызы зор. (иә/жоқ)

II. Жаңа сабақ

Химия пәніндегі экологиялық сұрақтар мен есептерді мазмұны бойынша үш типке бөлуге болады:

  • 1) Табиғи нысандардың химиялық сипаттамасы бар есептер

    Су, ауа, топырақ құрамын сипаттайтын, табиғи жүйелердегі химиялық процестерді талдауға бағытталған тапсырмалар.

  • 2) Ластану көздері мен ластаушылар түрлері жөніндегі есептер

    Өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы сияқты көздерден шығатын заттардың табиғатқа әсерін есептеуге және түсіндіруге арналған тапсырмалар.

  • 3) Табиғатты қорғау және ластану зардаптарын жою жөніндегі есептер

    Тазарту, бейтараптандыру, қалдықтарды өңдеу және алдын алу шараларының тиімділігін бағалауға бағытталған тапсырмалар.

1-тапсырма

Экологиялық мазмұндағы есеп

Сұрақ

Құрамында N және P бар өндірістік қалдықтарды су қоймаларына төгу нәтижесінде өзендерде көк-жасыл балдырлар көбейді. Балдырлар құрамындағы NH4+ катионы мен NO3 анионын анықтау үшін қандай химиялық реакцияларды қолдануға болады?

Назар аударатын түйін

Тапсырма қоректік элементтердің (азот, фосфор) су экожүйесіндегі эвтрофикацияға ықпалын химиялық талдау әдістерімен байланыстырады.