Әжемнен қосталар

Оқу қызметі туралы қысқаша ақпарат

Білім беру саласы

Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы

Менің отбасым

Мақсаты

  • Балаларға отбасы мүшелері туралы түсінік беру.

  • Отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

  • Үлкенге ізет көрсетіп, кішіге қамқор болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар мен әдістер

Көрнекі құралдар

  • Слайд
  • Дидактикалық материалдар
  • Буклет
  • Суреттер

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Ойын

Сабақ барысы

Мотивациялық-қозғаушылық: «Шаттық шеңбері»

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы күн, қайырлы таң, достар,

Сендерді көрсем қуанам.

Ұйымдастырушылық-ізденістік: сұрақ-жауап

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қыс айларын білесіңдер ме?
  • Қыс мезгілінің басқа мезгілдерден айырмашылығы қандай?
  • Қыс мезгілі несімен қызықты?

Бүгін біз отбасы туралы әңгімелесеміз. «Отбасы» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Отбасы — ата-ана және жақын туыстар, яғни бір үйде тұратын адамдар.

Үйдегі ата мен әже — отбасының ең үлкендері. Сондықтан оларды құрметтеп, сыйлау керек. Ал әке мен ана — сендердің ең жақын адамдарың. (Слайд арқылы отбасы мүшелерін таныстыру.)

Талқылау

Бұлардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?

Әжеміз, атамыз, анамыз, әкеміз, аға-әпкелеріміз бізді еркелетіп атайды. Олар сендерді «күнім», «айым», «жұлдызым» деп, аспандағы ғажайып нәрселерге теңейді.

Қане, отбасында сендерді кімдер және қалай еркелететінін еске түсіріп айтайық.

Отбасы туралы тақпақтар

1-бала

Отбасы — ол бақыт,

Отбасы — ол ата-ана,

Отбасы — ол шаңырақ.

2-бала

Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар.

Отбасы — мыналар,

Ең жақын адамдар.

3-бала

Атадан ақыл аламыз,

Атамыз — біздің панамыз.

Атамыз — біздің данамыз,

Атадай адам боламыз.

4-бала

Ата мен ананың

Айтқан тілін аламын.

Үлкен-кіші жұмсаса,

Қайда болсын барамын.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Жел еседі алдымнан.

Кіп-кішкене ағаштар,

Біп-биік боп өседі.

Санамақ: «Бес саусақ»

Бас бармағым — атам, үйдің данасы,

Балаң үйрек — әжем, отаудың панасы.

Ортан терек — әкем, үйдің тірегі,

Шылдыр шүмек — анам, шаңырақ ажары.

Кішкене бөбек — мен, бәрінің базары.

Дидактикалық ойын: «Бес саусақ»

Ойын шарты: тақтаға бес саусақ бейнесі ілінеді. Әр саусаққа отбасы мүшелерінің суреттері бір-бірлеп жапсырылады. Балалар суреттерді атап шығады.

Мейірім шеңбері

Балалар шеңберге тұрып, өз отбасына арнап жылы лебіздерін айтады.