Макарон өнімдерін ата

Сабақ туралы мәлімет

Пән
Технология
Мұғалім
Жанар Бекбаева
Тақырып
Сүт және сүт өнімдері

Мақсаты

Қазақтың ұлттық сүт тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын таныту, қонақжай дәстүрді құрметтеуге баулу, тағамдардың жасалу жолдары туралы түсінік беру.

Дамытушылығы

Ұлттық сүт тағамдарын дайындау жолдарын тәжірибеде қолдануға үйрету; тапсырмаларды орындауда топпен және жеке жұмыс істей білу дағдысын дамыту.

Тәрбиелігі

Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу; оқушылардың бойында ұлттық сезімді қалыптастыру, сүт тағамдарының қасиетін ұғындыру.

Сабақ әдістері

  • Түсіндірмелі-иллюстративті
  • Практикалық жұмыс
  • Топтық және жеке жұмыс

Көрнекілігі

  • Суреттер
  • Карточкалар
  • Плакаттар

Пәнаралық байланыс

  • Тарих
  • Биология
  • Әдебиет

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар қазақтың ұлттық тағамдары туралы білетіндерін топтастырып, қағаз бетіне түсіреді. Ойды тоқтатпай, шектемей жазуға 7 минут беріледі.

Жазғандарын оқып, ортақ қорытынды жасайды. Көрнекілік ретінде төрт түлік малдың суреттері мен бүктемелер пайдаланылады. Жұмбақ шешу арқылы тақырыпқа кіріспе жасалады.

II. Тақырыпты ашу: төрт түлік және сүт

Ата-бабамыз малдың қадірін білген, мал өсіруді және оның өнімдерін тұрмысқа тиімді пайдалануды шебер меңгерген. Төрт түліктен әртүрлі сүт тағамдары дайындалады:

  • Түйе — шұбат
  • Бие — қымыз
  • Сиыр — сүт
  • Қой — қоймалжың (қатық түрлері)
  • Ешкі — сүт

Сүттің құндылығы

Сүт — ең жұғымды тағамдардың бірі. Ол жеңіл әрі қоректік, денсаулыққа пайдалы. Халық тәжірибесінде сүт көптеген дертке ем ретінде де қолданылған.

Құрамы

Сүттің құрамында су, сүт қышқылы, ақуыз, сүт қанты, минералды тұздар және май болады. Сондай-ақ A, B, C, D дәрумендері және көптеген органикалық-минералды қосылыстар бар.

Қымыз, шұбат, айран, құрт — тек ас пен сусын ғана емес, емдік қасиеті бар тағамдар. Олар асқазан, жүрек, бүйрек және бауыр сырқаттарына пайдалы деп есептеледі.

Айран

Айран — ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады.

III. Суретті жұмбақ және топқа бөлу

Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топ жетекшісі бір суреттен алып, сол суретке сүйене отырып өз ойларын ортаға салады.

IV. «Миға шабуыл» сұрақтары

  1. 1Ұлттық тағамдарды ата.
  2. 2Сүт тағамдарын ата.
  3. 3Қымыз қандай тағам?
  4. 4Қауіпсіздік ережелерін ата.
  5. 5Тамақтану мәдениеті деген не?
  6. 6Құймақ ұлттық тағамға жата ма?
  7. 7Ұлттық салқын сусындарды ата.
  8. 8Макарон өнімдерін ата.

V. Асқа қатысты ырым-тыйымдар

Халқымыз «ақ» ұғымын (сүт, айран және т.б.) қасиетті деп бағалаған. Сүт тағамдарына байланысты мынадай тыйымдар мен ырымдар бар:

  • Жерге төгілген ақты баспайды; төгілген жерге тұз себеді.
  • Сауылған сүттің бетін ашық қалдырмайды.
  • Сүтті үрлеп ішпейді (майлылығы азаяды деп ырымдайды).
  • Сүттен жасалған тағамды жерге төкпейді.
  • Сүт сауатын шелекті су басына апармайды (құты қашады деп сенеді).
  • Түнде тамақтың бетін жауып қояды.
  • Қол жумай «ақты» ішпейді.

VI. Бекіту: сөздік диктант, жазба жұмысы, тест

Сөздік диктант

«Ас — адамның арқауы».

Тапсырма

Шығарма жазу арқылы білімді тексеру.

Жеке жұмыс: тест сұрақтары

1. Көкөністердің қай түрінен крахмал алынады?

а) сәбіз    б) картоп

2. Бутербродқа көкөністі қалай пайдаланамыз?

а) шикі күйінде    б) піскен күйінде

3. Қай тағам адам денсаулығына пайдалы?

а) бауырсақ    б) шұбат

4. Қай түліктің сүті шайға қатылмайды?

а) жылқы    б) сиыр

5. Малдың сүтін қайда сақтайды?

а) салқын жерде    б) жылы жерде

6. Уыз неден жасалады?

а) ашыған сүттен    б) төлдеген малдың алғашқы күнгі сүтінен

7. Шұбатты қай түліктің сүтінен әзірлейді?

а) түйе сүтінен    б) биенің сүтінен

VII. Қорытынды

«Сүт және сүт тағамдары басқа тағамдардан несімен ерекшеленеді?» тақырыбында әңгіме жүргізіледі: құндылығы, қоректілігі, дәрумендік құрамы және ұлттық дәстүрдегі орны талқыланады.

Сабақты қорытындылау, пысықтау және бағалау жүргізіледі. Оқушылардың жауаптары мен орындаған жұмыстары бойынша кері байланыс беріледі.