Сөзге шебер

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән / сынып

Ана тілі, 3-сынып

Сабақтың тақырыбы

«Еңбекпен тапқан тиын»

Сабақтың типі

Жаңа білімді игеру сабағы

Сабақтың мақсаты

  • Ертегідегі негізгі ой мен идеяны ұғындыру; рөлге бөліп оқуға төселдіру; ертегіні сахналап көрсету.
  • Сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйрету; дүниетанымды кеңейту, ойлау қабілеті мен шығармашылық қиялды дамыту.
  • Еңбексүйгіштікке, ата-ананы құрметтеуге, шыншыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

түсіндірмелі сұрақ-жауап дөңгелек үстел ой қозғау тест аквариум болжау

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Кестелер
  • Топшамалар

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа жұмылдыру үшін «Өлеңді аяқта» ойыны ойнатылады:

Біз ұқыпты .................. баламыз,

Сөзге шебер ............... боламыз.

Үлкендерді ................. сыйлаймыз,

Еңбектен де ................. қашпаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. 1 Үйге берілген «Ер еңбекте сыналады» мәтінін сұрау.
  2. 2 Диафильмдерді тексеру.

ІІІ. Өткенді пысықтау (топтық жұмыс)

Үш топқа бөлінген тапсырмалар арқылы жаңа тақырыпқа шығу көзделеді. Әр топтың жауабы бірігіп, сабақтың тақырыбын ашады.

І-топ: сөзжұмбақ

  1. ........ — бас қала
  2. Рәміз
  3. «Көктем сәні — еңбек» деген сөз қай кейіпкердікі?
  4. Ашу — дұшпан, .... — дос
  5. «Жазғытұры» өлеңінің авторы
  6. Ас атасы — ..........

Нәтиже:

Жауаптар бойынша «Еңбекпен» сөзі шығады.

ІІ-топ: тест тапсырмалары

1) «Жақсылыққа жамандық бар» деген пікірге құрылған мәтінді тап.

  • A) «Таза бұлақ»
  • Ә) «Баланың айласы»
  • Б) «Мейірім»

2) Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой: «.... адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ».

  • A) бай
  • Ә) кедей
  • Б) азықсыз аш

3) «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген нақылға құрылған шығарманы ата.

  • A) «Құстар айтысы»
  • Б) «Баланың айтысы»
  • В) «Таза бұлақ»

4) Ғалым, жылан, түйе, ит, бала — қай шығарманы еске түсіреді?

  • A) «Шал мен бала»
  • Ә) «Мейірім»
  • Б) «Баланың айласы»

5) Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой:

«Әуес — көріп жүгірген ...................
Беті-қолы домбығып үсік шалды»

  • A) малшылар
  • Ә) жас балалар
  • Б) адамдар

6) «Қуанышты күнің, жаңа жылың құтты болсын, қазақ!» — қай мейрам?

  • A) Наурыз
  • Ә) Ораза айт
  • Б) Жаңа жыл

7) «Көктем сәні — гүл» деген сөз қай кейіпкердікі?

  • A) ит
  • Ә) ақбөкен
  • Б) қасқыр

8) «Ұстаздан ......... озар»

  • A) бала
  • Ә) шәкірт
  • Б) оқушы

Нәтиже:

Жауаптар бойынша «Тапқан» сөзі шығады.

ІІІ-топ: жұптық жұмыс («Өлеңді аяқта»)

1) «Ой, балалар, балалар!»

Жылы-жылы жел соқты, ..........................

2)

Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
...........................

3)

Түйе боздап, қой қоздап — қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.
......................................

4)

Қарды ерітіп өкпек жел,
Қақты көктем қоңырауын.
.............................................

Нәтиже:

Жауаптар бойынша «тиын» сөзі шығады.

Үш топтың нәтижесі бірігіп, сабақтың тақырыбын шығарады: «Еңбекпен тапқан тиын».

ІV. Жаңа сабақ

1) Қызығушылықты ояту

  • І-топ: «Дөңгелек үстел» — еңбек туралы мақал-мәтелдер.
  • ІІ-топ: «Ой қозғау» — ситуациялық сұрақтар.
  • ІІІ-топ: пантомима — жалқау және еңбекқор бала бейнесі.

2) Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді бөліктерге бөліп оқыту.
  • «Аквариум» әдісі: әр топтан бір оқушы шығып, мазмұнын айтады.

3) Сөздік жұмысы

Жаңа сөздерді түсіндіру, айтылым және көрініс арқылы бекіту.

V. Кітаппен жұмыс

  1. 1 Іштей оқу.
  2. 2 Рөлге бөліп оқу.
  3. 3 Сахналап көрсету.
  4. 4 Ертегіні жалғастыру (шығармашылық тапсырма).

VІ. Дәптермен жұмыс

Кестені толтыру арқылы түсінікті жүйелеу:

1 Ертегінің тақырыбы
2 Ертегінің кейіпкерлері
3 Ертегі қалай басталды?
4 Ертегіден қандай қорытынды жасадың?

VІІ. Сергіту сәті

Қиялға арналған қысқа тапсырма:

«Мен өскенде ....................................»

VІІІ. Бекіту жұмысы

1) Сұрақтар арқылы бекіту

  1. A Әкесі не деп айтты? (Е)
  2. Ә Анасы мен баласы қандай қулық ойлады? (ң)
  3. Б Анасы баласына не деді? (б)
  4. В Бала ақшаны әкелгенде, әкесі не істеді? (е)
  5. Г Ертегі қалай аяқталды? (к)

Нәтиже:

Жауаптар бойынша «Еңбек» сөзі шығады.

Еңбек туралы қорытынды өлең

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты — еңбек.

Сабағыңа жөндеп

Әзірленсең — еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты — еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

Соңғы 20 жыл ішінде еліміз еңбек пен білімнің арқасында өсіп-өркендеп, үлкен белеске көтерілді. Сендер — Отанымыздың болашағысыңдар. Сондықтан адал еңбек ету, сапалы білім алу, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру — әрқайсыңның міндетің.

ІX. Үй тапсырмасы

Мәтінді түсініп оқып келу.

X. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды топ басшылары бағалайды. Үздік жауап берген оқушылар мадақталады.