Жазушының туған жері

Сабақ туралы мәлімет

Пәні мен сыныбы

Қазақ әдебиеті, 6-сынып

Сабақтың тақырыбы

Сайын Мұратбековтің «Қылау» әңгімесі: Сатай мен Рабиға бейнесі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің мазмұнын ашу, кейіпкерлердің бейнесін жан-жақты талдай білу.

Дамытушылық

Оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру, жазбаша тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік

Кейіпкерлер әрекеті арқылы адамгершілікке, шынайы достыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың құрылымы мен ұйымдастырылуы

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдістері

  • Талдау
  • Салыстыру
  • Іздендіру
  • Шығармашылық жұмыс

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар
  • Портрет
  • Бағалау дөңгелекшелері

Пәнаралық байланыс

  • Қазақ тілі
  • География
  • Тарих

Жұмыс формалары

Жеке оқушымен, топпен және сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақ кезеңдері

  • Ұйымдастыру
  • Үй тапсырмасын сұрау
  • Жаңа сабақты түсіндіру
  • Бекіту
  • Бағалау
  • Қорытындылау

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Сыныпты түгендеу, сынып журналына тіркеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. «Ұшқыр ойдан — ұтымды жауап» (үй тапсырмасын тексеру)

Оқушылардың автор туралы білімін және мәтін мазмұнын түсіну деңгейін анықтауға арналған сұрақтар.

  1. Сайын Мұратбеков қай жылы дүниеге келген?
  2. Жазушының туған жері қай өңір?
  3. Жазушының басқа қандай әңгіме, повестері бар?
  4. «Қылау» әңгімесінің негізгі тақырыбы қандай?
  5. Жазушы шығармаларында көбіне қай жылдардағы оқиғалар суреттеледі?
  6. «Қылау» дегеніміз не?

III. Әңгіменің композициялық құрылымы

Оқиға желісін кезең-кезеңімен талдау арқылы кейіпкерлердің мінезі мен әрекетін тереңірек түсіну.

Оқиғаның басталуы

Ұйқы құшағындағы Сатай.

Оқиғаның байланысы

Әкенің тапсырмасы.

Оқиғаның дамуы

Сатайдың Рабиғамен кездесуі.

Шиеленісуі

Балалар арасындағы әңгіме.

Шарықтау шегі

Сатайдың қорқынышы.

Шешімі

Рабиғаның сыйлығы.

Сөздікпен жұмыс

Мәтіндегі ұлттық-мәдени ұғымдарды нақтылап, оқылымды жеңілдету.

Қылау
Қыста сілбіреп жауатын ұлпа, майда қар.
Шәугім
Су қайнататын темір ыдыс.
Ішік
Қазақтың ұлттық киімдерінің бірі; әртүрлі аң терісінен тігіліп, сырты матамен тысталады.
Зират
Дүниеден өткен адамдар жерленген орын.

Негізгі назар

Сабақ барысында Сайын Мұратбековтің «Қылау» әңгімесі негізінде Сатай мен Рабиға бейнесі талданып, олардың әрекеті арқылы адамгершілік, шынайы достық және мейірімділік құндылықтары айқындалады.