Шапшаң есептеуге баулу
Сабақтың тақырыбы
Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері. Қалдықпен бөлу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктер
Оқулық, интерактив тақта.
Мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
- Көп таңбалы сандарды екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілін меңгерту.
- Қалдықпен бөлу тәсілдерін үйрету.
- Шапшаң есептеуге баулу.
- Бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы
- Ой-өрісті кеңейту.
- Есте сақтау қабілетін дамыту.
- Өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
- Ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелілігі
- Басқаны тыңдай білуге және өз ойын еркін айтуға үйрету.
- Белсенділікке баулу.
- Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру бөлімі
Сабақты математикалық символға арналған өлеңмен бастау:
Болам десең теңізші, не ұшқышты қаласаң,
Дәрігерлік те жақсы ғой, қызметке жарасаң.
Ал сол үшін біздерге математика —
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша орындалған тапсырмаларды тексеру, қателермен жұмыс.
3) Ауызша есептеу
Логикалық тапсырма
- Әрқайсыңның бағаң әртүрлі. Әсемнің бағасы 3 емес, ал Жанардың бағасы да 3 емес.
- Сонда әркім қандай баға алған?
Жауабы: Әсем — 5, Жанар — 4, Ардақ — 3.
Қатарды жалғастыр
Сандар белгілі бір байланыспен орналасқан. Байланыс ерекшелігін тауып, қатарды жалғастыр:
Математика мақал-мәтелде
«Неше елі ауызға, неше елі қақпақ?»
Жауабы: Бір елі ауызға, екі елі қақпақ.
4) Математикалық диктант
- 29 бен 3-тің көбейтіндісі.
- 5 санын 19 есе арттыр.
- 17 мен 5-тің қосындысын 4 есе арттыр.
- 56-ның жетіден бір бөлігін 12 есе арттыр.
- Бірінші көбейткіш — 25-тің бестен бір бөлігі, екінші көбейткіш — 11.
- 18 бен 8-дің бөліндісі.
Жаңа сабақ
Оқулық бойынша екі таңбалы санға қалдықпен жазбаша бөлу тәсілімен танысу.
Мысал №2 (есептеп, дұрыстығын тексер)
384545 : 22
907654 : 25
20 ц 5 кг : 17
6 т 345 кг : 26
90 т 6 кг : 43
23 км 45 м : 54
№3 Есептерді шығар
а) Пойыздардың жылдамдығын салыстыру
Бірінші пойыз 3750 км қашықтықты 15 сағатта, ал екінші пойыз 5880 км қашықтықты 21 сағатта жүріп өтті. Қай пойыздың жылдамдығы артық және қаншаға артық?
Шешуі
3750 : 15 = 250 (км/сағ)
Шешуі
5880 : 21 = 280 (км/сағ)
Қорытынды
280 − 250 = 30 (км/сағ)
Жауабы: Екінші пойыздың жылдамдығы артық, 30 км/сағ артық.
ә) Қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс
Бір бекеттен бір уақытта бірінен-бірі қарама-қарсы бағытта екі пойыз шықты. Бірінші пойыз 72 км/сағ, екінші пойыз 84 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Екінші пойыз 2520 км жүргеннен кейін, олардың арақашықтығы қанша болды?
Уақыт
2520 : 84 = 30 (сағ)
Бірінші пойыз жүрген жол
72 × 30 = 2160 (км)
Арақашықтық
2160 + 2520 = 4680 (км)
Жауабы: Арақашықтық 4680 км.
Сергіту сәті
Ойын-тренажер: «Африка».
№4 Есепті шығар
Филармонияның үлкен залында 36 қатар, ал кіші залында 28 қатар бар. Үлкен және кіші залдардағы орындар саны бірдей. Егер үлкен залда кіші залға қарағанда 240 орын артық болса, онда әр залда неше орын бар?
Айырма
36 − 28 = 8
1 қатардағы орын
240 : 8 = 30
Есептеу
30 × 36 = 1080
30 × 28 = 840
7) Құстардың қанат құлашы (мм-мен өрнекте)
| Құс атауы | Өлшемі | Миллиметрмен |
|---|---|---|
| Дауылпаз | 3 м 20 см | 3200 мм |
| Сұңқылдақ аққу | 2 м 60 см | 2600 мм |
| Субүркіт | 2 м 55 см | 2550 мм |
| Құзғын | 1 м 25 см | 1250 мм |
8) Ойлан, тап!
а) Екі сан ойла
Көбейтінділері олардың бөліндісіне тең болсын.
6 × 4 = 48 : 2
ә) Үш сан тап
Көбейтінділері олардың қосындысына тең болсын.
2 × 2 × 2 = 4 + 2 + 2
б) Талдау сұрағы
Екі санның көбейтіндісі көбейткіштердің біріне тең бола ала ма? Әр көбейткішке ше?
1 × 0 = 0
4 × 1 = 4
5 × 1 = 5
0 × 0 = 0
1 × 1 = 1
Сабақты қорытындылау
Егер 50 теңгеден 6 балмұздақ сатып алынса, сатушы 1000 теңгеден қанша теңге қайтарады?
Үйге тапсырма
19-бет: №4 (ә), №5.