Файлдарды архивтеу
Сабақ туралы мәлімет
Бұл жоспар файлдарды архивтеу тақырыбын түсіндіруге, білімді бекітуге және практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
- Сабақтың тақырыбы
- Файлдарды архивтеу
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Әдіс-тәсілдері
- Түсіндіру, сұрақ-жауап
- Көрнекілігі
- Компьютер, кестелер, интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға файлдарды архивтеу мен сығу ұғымдарын, архиватор бағдарламалардың қызметін түсіндіру және тұрақты білім қалыптастыру.
Дамытушылық
Есте сақтау мен зейінділікті дамыту, пәнге қызығушылықты арттыру.
Тәрбиелік
Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Назарды сабаққа аудару.
-
Психологиялық тренинг
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулесі ананың алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Осы жылумен сабағымызды бастаймыз.
Барлығы бірге:
Күн жарығын алақанға салайын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Ұяшықтарды таңдау» арқылы сұрақтарға жауап беру. Әр тапсырма баллмен бағаланады.
10 балл
Компьютерлік вирус дегеніміз не?
10 балл
Компьютерлік вирустардың негізгі түрлерін атаңыз.
20 балл
Детектор бағдарламасының міндеті қандай?
20 балл
Доктор-бағдарламалардың мүмкіндіктері қандай?
30 балл
Вирусқа қарсы бағдарламалар туралы айтыңыз.
30 балл
Ревизор бағдарламалардың міндеті қандай?
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Резервтік көшірме жасау немесе компьютерлік желі арқылы файлдарды жылдам жіберу үшін мәліметтер архиватор деп аталатын арнайы бағдарламалардың көмегімен архивтеледі. Архиваторлар бір немесе бірнеше файлдың орнына бір архивтік файл құра алады.
Неге архивтеу қажет?
- Компьютер жадындағы орынды үнемдеу.
- Ақпаратты сенімдірек сақтау және тасымалдау.
Негізгі анықтамалар
- Архив — қысылған және бір файлға жинақталған файлдар, қалталар және басқа мәліметтер жиынтығы.
- Архивтеу — файлды архивтік файлға жазу үдерісі (буып-түю, сығу).
- Архивтен шығару — файлды архивтен алу үдерісі.
Қазіргі таңда ең кең тараған архиваторлар — WinRAR және WinZip. Сонымен қатар Windows жүйесінде де архивтеуге арналған қызметші құралдар бар. Бұл бағдарламалар деректерді сығудың тиімді алгоритмдерін қолданады, көптомдық архивтерді және өздігінен ашылатын архивтерді құра алады.
Көптомдық архив дегеніміз не?
Көптомдық архив — бірнеше бөліктен тұратын архив. Ол үлкен архивті бірнеше тасушыға (мысалы, сыртқы диск, флеш-жад) бөліп сақтауға ыңғайлы.
IV. Практикалық тапсырма (WinRAR)
WinRAR архиваторының көмегімен файлдарды архивтеңіз және архивтен шығарыңыз.
- 1. C дискісінде бума құрып, оған Архив атауын беріңіз.
- 2. «Архив» бумасының ішінде бірнеше мәтіндік құжат жасаңыз.
- 3. WinRAR бағдарламасын іске қосыңыз.
- 4. Файлдарды белгілеп, Командалар → Файлды архивке қосу пәрменін таңдаңыз.
- 5. Архивтеу параметрлерін орнатыңыз: архивтің атауы және сақталатын орны, пішімі (RAR немесе ZIP).
-
6.
«Архивтің аты және параметрлері» терезесінде келесі баптауларға назар аударыңыз:
- Архивті сығу
- Сығу әдісі
- Сөздік (dictionary) өлшемі
- Том өлшемі
- Жаңарту әдісі
- Қосымша архивтеу параметрлері
- 7. Құрастырылған архивті архивтен шығарыңыз.
Қосымша тапсырма
Терминдерді сәйкестендіріңіз (мұғалім ұсынған кесте/тапсырма бойынша).
V. Сабақты бекіту (тест)
1) WinRAR, WinZip бағдарламалары ... арналған
- A)файлдарды қысуға
- B)вирусқа қарсы өңдеуге
- C)қалталармен жұмыс істеуге
- D)файлдармен жұмыс істеуге
Дұрыс жауап: A
2) Архиватор бағдарламасын көрсетіңіз
- A)Word, PowerPoint
- B)Excel, Internet Explorer
- C)WinZip, WinRAR
- D)WordPad
Дұрыс жауап: C
3) Қысылған файл — бұл ...
- A)рұқсатсыз қолданудан қорғалған файл
- B)архив көмегімен буылған файл
- C)көшіруден қорғалған файл
- D)ұзақ уақыт қолданылмаған файл
Дұрыс жауап: B
4) Файлдардың көлемін кішірейту үшін қандай бағдарламалар қолданылады?
- A)файлдарды сақтық көшіру бағдарламалары
- B)интерпретатор бағдарламалар
- C)архиватор бағдарламалар
- D)транслятор бағдарламалар
Дұрыс жауап: C
5) Қысылған файлдың бастапқы түрінен айырмашылығы ...
- A)аз орын алады
- B)вирустардан жеңіл қорғалады
- C)аз уақытта қол жеткізуге болады
- D)рұқсатсыз қолданудан жеңіл қорғалады
Дұрыс жауап: A
VI. Үй тапсырмасы
Тақырып: Файлдарды архивтеу. Конспект дайындап, WinRAR/WinZip арқылы архивтеу және архивтен шығару қадамдарын қайталаңыз.
VII. Бағалау
Оқушылар өзіндік бағалау парағын толтырады. Бағалау сабақтағы белсенділік, тест нәтижесі және практикалық жұмыстың орындалуына сүйеніп жүргізіледі.