Жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе деген мақалдың мағынасын ашып беріңізші

Жылы жүрек – жақсы тілек

Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, қарапайымдылыққа, ізгілікке, кеңпейілдікке тәрбиелеу; бойына жақсы қасиеттерді сіңіру; әрдайым жақсылық жасап, қамқорлық көрсете білуге баулу.

1-бөлім. «Адамгершіліктің шуағы сөнбесін!»

Егер нәпсі рухтан жоғары болып, үстемдік етсе, жақсы іс-әрекетті адам бойынан табу қиын. Ал шыншылдық, мейірімділік, кешірімділік, еңбекқорлық, ақыл сияқты ізгі қасиеттер адамды биіктетеді. Бұлардың бәрі рухтан туындайды.

Жүргізуші

О, алтын Күн көктегі,
Арманың болар көп тегі...

Күн

Ең әуелі арманым —
Өрттенбесе екен орманым.

Құты қашпай елімнің,
Солмаса гүлі жерімнің,
Ренжітпей бірін де,
Адамдар жүрсе күлімдеп.

Деп төгемін нұрымды.
Кейде ұқпай пенделер,
Түтінге өзі сенделер.
Олар тартар сазайын,
Несіне айтам ол жайын.

Жүргізушінің үндеуі

Балалар, күннің бетіндегі бұлттарды сейілтіп, ананың көңілін сергітуіміз керек. Ендеше күннің өзінен сұрайық: бұлттарды арылту үшін не істейміз?

Күн: «Жақсылық етсең — өзіңе, жамандық етсең — өзіңе» деген мақалдың мағынасын ашып беріңдерші.

Аңыз әңгіме: «Жақсылық та, жамандық та өзіңе қайтады»

Ерте кезде бір диуана ел аралап, шаһардан шаһарға жүріп, қоржынын арқалап күн көріпті. Айтар өсиеті бір-ақ сөз екен: «Жақсылық етсең — өзіңе, жамандық етсең — өзіңе».

У қосылған нан

Бір күні ол есік алдында ерігіп тұрған кербез әйелге жолығады. Әйел диуананы көріп: «Міне саған жақсылық та, жамандық та. Мынаны же де өл», — деп у қосылған нан береді.

Қайырым сұраған керуен

Диуана жол жүріп келе жатып, керуен басымен кездеседі. Ол: «Жүрген жерің қайырымды, мейірімді болсын», — деп сәлем беріп, жағдайларын айтады: азық таусылған, қарақшылар тонаған, әкелі-балалы адамдарға жүрек жалғар нәр керек.

Диуана қалтасындағы нанды алып, екеуіне бөліп береді. Неше күн нәр татпаған олар нанды қомағайлана жейді. Көп ұзамай екеуі де бірінен соң бірі құлап, тіл қатпай қалады.

Ақиқат ашылған сәт

Керуен адамдары диуананы сабай бастайды. Сонда ол: «Уа, қайырымды адамзат, жазықсыз мені ұрмаңдар. Мен ел берген садақаны алып жүре беремін. Кімнің не бергенін қайдан білейін? Бірақ сол нанды берген адамның үйін білемін», — дейді.

Керуеншілер оның көрсетуімен әлгі үйге келеді. Керуенді көрген әйел сыртқа жүгіріп шығады. Үй ішінде хәл үстінде жатқан күйеуі мен баласын көріп, өз ісіне қатты өкінеді. Жазықсыз жанға жауыздық жасағаны өз басына айналып, ақыры ішқұса болып қайтыс болады.

Түйін

  • Жақсылық — адамды да, қоғамды да жарыққа бастайды.
  • Жамандық — алдымен ниетті лайлап, соңында өз иесіне қайтып оралады.
  • Рухты биік ұстайтын — мейірім, кешірім, еңбексүйгіштік және шынайылық.

Мәлімет

Өңір

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

Білім беру ұйымы

М. Әбдіхалықов атындағы орта мектеп

Жауапты тұлға

Бастауыш сыныптар бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі: Көкен Гүлжамал Өмірзаққызы