Жарылу қаупі бар өндірісті жарылыс болған жағдайда қоршаған ортаға залал келмейтін жерлерге орналастыру

Пән

Еңбекті қорғау және өнеркәсіп экологиясы негіздері

Сабақтың тақырыбы

Кәсіпорындардың жарылыс және өрт қауіпсіздігі

Сабақтың мақсаты

Техниканың, технологияның, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды дамытудың заманауи деңгейіне сай еңбекті нормалауды меңгеру және өндірістік қуатты оңтайлы пайдалануды үйрену.

Сабақтың түрі

Аралас

Сабақтың типі

Дәстүрлі

Құрал-жабдықтар

Дәптер, сызғыш, қарындаш

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.

Сабақты қорытындылау

  • Сабақты бекіту және оқушыларды бағалау.
  • Үй тапсырмасын беру.
  • Қорытынды: жарылыс туралы қосымша ақпарат әкелу.

Жаңа сабақтың қысқаша мазмұны

Жарылыс — қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде көп мөлшердегі энергияның босауы. Соның нәтижесінде қысымы өте жоғары, қатты қызған газ түзіліп, кенет кеңейген кезде қоршаған ортаға соққылық-механикалық әсер береді.

Жарылыс қатты ортада айналасын бұзып, ұсақтайды, ал ауада және суда жойқын әсері бар ауа немесе гидравликалық соққы толқындарын қалыптастырады.

Жарылу қаупі бар объектілер

Жарылу қаупі бар объектілер қатарына қорғаныс саласы, мұнай өндіру және өңдеу кәсіпорындары, мұнай-химия, газ, химия, тоқыма өндірістері, нан өнімдері мен дәрі-дәрмек өнеркәсібі, сондай-ақ жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтар мен сұйытылған газ қоймалары жатады.

Жарылысқа әкелуі мүмкін қоспалар

  • Ауадағы бензин булары.
  • Табиғи газдың бу-ауа қоспалары.
  • Қант және ағаш шаңы (шаң-ауа қоспалары).

Басты қағида

Жарылыстың алдын алу үшін ең алдымен ықтимал тұтану көздерін жою қажет және кәсіпорынды қорғауға бағытталған ұйымдастырушылық әрі техникалық шаралар жүйелі түрде орындалуы тиіс.

Жарылыстың алдын алу шаралары

  • Беріктік қоры: жарылыс кезінде ең жоғары қысымға тең жүктемені көтере алатын берік қоршаулар мен құрылғыларды жобалау.
  • Инертті орта және оқшаулау: жарылу қаупі бар аймақтарда оттегі мөлшері жануға жеткіліксіз деңгейде болатын инертті ортаны қамтамасыз ету, берік қабырғалар арқылы қауіпті аймақты оқшаулау.
  • Дұрыс орналастыру: жарылыс қаупі бар өндірістерді жарылыс болған жағдайда қоршаған ортаға залалы минимал болатын аумақтарға орналастыру.
  • Артық қысымды шығару: жарылыс кезінде пайда болатын қысымды түсіру үшін арнайы сақтандырғыш клапандар орнату.
  • Жарылысты жаншу: қоспа тұтана бастаған алғашқы сәтте қысымның біртіндеп өсуін ескере отырып, датчик дабылы бойынша жалынның таралуын шектейтін қондырғыларды іске қосу.

Апат салдарын әлсірету және өртке қарсы іс-шаралар

Жарылыс және өрт қаупі бар объектілерде апат салдарын азайтуға өртке қарсы іс-шараларды уақтылы өткізу ықпал етеді. Бұл шаралар өрт ошақтарының пайда болуын қиындатумен немесе жоюмен ғана шектелмей, жалынды жедел сөндіруді және өртенген ғимараттан адамдар мен мүлікті құтқаруды қамтамасыз етуі тиіс.