Біз қандай дыбыстарды өттік

Сабақтың тақырыбы

Ц дыбысы

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, ойын әдістері

Көрнекіліктер

Суреттер, слайдтар, үлестірмелі қағаздар, сөзжұмбақ, мультимедиа

Сабақтың мақсаты

  • 1

    Ц дыбысының дауыссыз дыбыс екенін түсіндіріп, оның айтылу (артикуляция) ерекшелігімен таныстыру.

  • 2

    Ц дыбысы қазақтың төл сөздерінде кездеспейтінін байқату.

  • 3

    Ц дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіріп, дұрыс айтуға және дұрыс жазуға дағдыландыру.

Дамытушылық

Ойлау мен есте сақтау қабілетін, қызығушылық пен ынтаны арттыру; білім сапасын көтеру.

Тәрбиелік

Өздігінен жұмыс істеуге баулу, ойын тұжырымдауға үйрету, мәнерлеп оқуға дағдыландыру және түсінгені бойынша қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды жинақтау, сабаққа назар аударту.

Психологиялық дайындық

Мектеп — кеме, білім — теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз берген білім ойда.

2) Үй тапсырмасын пысықтау

Сұрақ: Біз қазақ тілінен қандай бөлімді оқып жатыр едік?

Жауап: Дыбыс.

Сұрақ: Бұл саланы зерттейтін тіл білімінің қай саласы?

Жауап: Фонетика.

Сұрақ: Біз қандай дыбыстарды өттік?

Жауап: Э, В, Ф, Ч, Щ дыбыстары.

Сұрақ: Қандай дыбыстар байырғы (төл) сөздерде кездеспейді?

Жауап: Э, В, Ф, Ч дыбыстары. Олар орыс тілінен енген сөздерде барлық буындарда кездеседі.

11-жаттығу: Ребус шешу.

3) Жаңа сабақ

Бүгін Ц дыбысымен танысамыз: ол қатаң, тіс дауыссыз дыбыс.

Ой шақыру

Жұмбақты шеш:

Көкқұтанша ақ айдында

Бір аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда

Шыр айналып шығады.

Жауабы: Циркуль.

Циркуль — оқу құралы.

Сұрақ: «Циркуль» сөзі қандай дыбыстан басталады?

Жауап: Ц дыбысынан.

Мағынаны тану

  • Ц — тіл алды, қатаң дауыссыз дыбыс.
  • Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында кездеспейді.
  • Орыс тілінен енген сөздер мен терминдерге тән.
  • Ц — қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп.

Есте сақта

Ц дыбысы бар сөздер сөздің барлық буындарында кездесуі мүмкін:

цех мотоцикл концерт цифр

Көрнекілікпен жұмыс.

4) Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу: Сөзжұмбақты шешу.

  1. Ата заң — Конституция
  2. Өлшем бірлігі — центнер
  3. Сахнадағы ән-би кеші — концерт
  4. Санның таңбасы — цифр
  5. Көлік түрі — мотоцикл
  6. Оқу құралы — циркуль
  7. Ойын-сауық көрсетілетін орын — цирк

5) Тақтамен жұмыс

2-жаттығу: Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

Ц әрпі бар сөздерге дыбыстық талдау жасау:

циркке цемент центнер мотоцикл

6) Дәптермен жұмыс

3-жаттығу: Өлеңді оқып, жатқа жазу. Мағынасын түсіндіру.

Цементке, расында,

Целлофан қап жарамас.

Центнерлеп тасуда

Цистернадай бола алмас.

7) Сергіту сәті және бекіту

Сергіту

«Сиқырлы телефон» ойыны.

4-жаттығу

  • Мәтінді оқып, не туралы екенін анықтау.
  • Мәтінге ат қою.
  • Мәтін неше бөліктен тұратынын анықтау.
  • Әр бөлікте не туралы айтылғанын табу.

5-жаттығу

Ребусты шешу: «Ц емен от».

Шешуі: цемент

Шешуі болған сөзді қатыстырып сөйлем құрау.

8) Қорытынды

«Кім тапқыр?» ойыны: суреттерге қарап, атауында ц дыбысы бар суреттерді табу және көрсету.

Үй тапсырмасы

7-жаттығу.

Бағалау

Оқушыларды бағалау, мадақтау.