Өтініш сөзімен түбірлес сөздерді жазыңдар

Жаңа тақырып Ресми ісқағаздар стилі Өмірбаян Өтініш Арыз

Бұл сабақ жеке адамның өміріне қатысты ресми ісқағаздарының түрлерін және олардың тілдік-құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіруге арналған. Негізгі назар үш құжатқа аударылады: өмірбаян, өтініш, арыз.

Сабақтың тақырыбы

Жеке адам өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері және олардың тілдік-құрылымдық ерекшеліктері: өмірбаян, өтініш, арыз.

Білімділік мақсаты

Ресми ісқағаздар стилі туралы түсінік беру; өмірбаян, өтініш, арыздың құрылымы мен қоғамдағы қолданылу аясын таныстыру.

Дамытушылық мақсаты

Іскерлік дағдыны қалыптастыру; ой-өрісті дамыту; жаңа сөздік қорды меңгерту; ізденімпаздыққа баулу және танымдық қабілеттерді жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты

Құжат толтыруда ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу; бір-бірінің пікірін тыңдауға және сыйластыққа баулу.

Ұйымдастыру деректері

Сабақтың типі
Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі
Дәстүрлі
Әдістер
Б. Блум жүйесі; түсіндіру; репродуктивтік; ішінара іздену; проблемалық сұрақтарды шешу
Көрнекілік
Құжат үлгілері, үлестірмелі қағаздар
Техникалық құрал-жабдық
Мультимедиялық проектор
Пәнаралық байланыс
Тарих, қазақ тілі, ағылшын тілі

Сабақ барысы

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

    Сабақтың мақсатын нақтылау, жұмысқа бағыттау.

  2. II

    Үй тапсырмасын тексеру

    • «Терминдер және сөз мәдениеті» тақырыбы бойынша жұмыс.
    • 44-жаттығу.
    • Тест тапсырмасы.
    • «Не артық?» ойыны.
  3. III

    Жаңа сабақты түсіндіру (Блум бойынша)

    1) Білу

    Жеке адамның өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері және олардың тілдік-құрылымдық ерекшеліктері. Ісқағаздар және оның негізгі түрлері.

    2) Түсіну

    Мультимедиялық проектор арқылы слайдтармен түсіндіру. Ресми ісқағаздардың негізгі міндеттерімен таныстыру.

    Өмірбаян: ерекшелігі мен түрлері

    • Стильдік белгілері: нақтылық, ресмилік, жүйелілік, хронологиялық реттілік.
    • Мысалдар: Қ. Жұбановтың саяси-қоғамдық өмірбаяны, М. Әуезовтің автобиографиялық өмірбаяны, қарапайым өмірбаян үлгісі.

    Өтініш: жазылу стилі және құрылымы

    • Құжат адресациясы (кімге бағытталғаны).
    • Құжат атауы.
    • Негізгі мәтін.
    • Жазылған күні, айы, жылы.
    • Өтініш иесінің қолы, аты-жөні.

    Құрылымдық талаптар үлгі арқылы көрсетіледі.

    Арыз: түрлері және арыздың құрылымы

    1. Құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны).
    2. Құжат атауы.
    3. Негізгі мәтін.
    4. Қосымша болса, оған сілтеме.
    5. Жазылу мерзімі.
    6. Қолы.
    7. Арыз мазмұнымен келісушілердің қолы (қажет болған жағдайда).
  4. IV

    Жаңа сабақты бекіту

    3) Қолдану

    Дидактикалық материалдар бойынша 117-тапсырма:

    • Үш күн сабақтан босатуды сұрап, мектеп директорына өтініш жазыңдар.
    • Мекеме басшысына жұмысқа қабылдауды сұрап өтініш жазыңдар.
    • Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қосымша сабақ беруін сұрап, пән мұғаліміне өтініш жазыңдар (себебін нақты көрсетіңдер).

    Оқулық бойынша тапсырмалар

    1. Мектепішілік ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға өтініш жазу.
    2. Спорт секциясына немесе үйірмеге қатысуға өтініш жазу.
    3. «Өтініш» сөзімен түбірлес сөздерді жазу және синонимдік қатарын табу.

    4) Талдау

    Оқулықтағы «домалақ арыз» туралы пікірталас: екі мәтінді оқып, оқушылардың көзқарасын анықтау.

    1. Бас дәрігер А. Айдынованың үстінен жазылған арыз (негіз: «А. Айдынованың сүрінуін көксеп жүргендер кімдер?» мақаласы, Қазақ газеті, 2010 ж. 10 қазан).
    2. 1930 жылы Ақмола өңіріне қарасты (кезінде «Социалистік» деп аталған) аудан тұрғынының И. Сталиннің атына жазған домалақ арызы (негіз: «Олақтар социализмді қалай орнатып жатқаны туралы айту» мақаласы; арыз ҚР Президентінің Мұрағатынан алынған: 719-қ., 1-т., 125 іс, 132–134-п.; көшірме, орыс тілінде, машинамен басылған; материалды өңдеп, баспаға дайындаған: Сейсенбаева Айнаш, ҚРПМ бас сарапшысы).

    Полиглот ойыны

    Терминдер мен ұғымдарды бекітуге арналған тілдік тапсырмалар.

  5. V

    Қорытындылау

    5) Жинақтау

    Тірек сөздер арқылы қорытынды жасау: өмірбаян, саяси-қоғамдық өмірбаян, мәлімет, өтініш, арыз.

    6) Салыстырмалы қолдану

    • Саяси-қоғамдық өмірбаян мен қарапайым өмірбаянның айырмашылығы.
    • Арыз бен өтініштің мақсаттық және құрылымдық ерекшеліктері.
  6. VI

    Үй тапсырмасы

    1. Өз өмірбаяныңды жаз.
    2. М. Дулатовтың саяси-қоғамдық өмірбаянын жаз.
  7. VII

    Бағалау

    Оқушылардың жұмысы құжат құрылымын сақтауына, тілдік сауаттылығына, ресми стиль нормаларын қолдануына және тапсырманы дәл орындауына қарай бағаланады.

Негізгі анықтама

Өмірбаян — жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіппен жазылатын ресми құжат.