Қосылғыштардың таңбалары бірдей болса, қосынды таңбасы

Сабақтың мақсаты

Негізгі бағыт

Өрнекті теңбе-тең түрлендіру үшін негізгі ережелерді меңгеру.

Алгебралық дағдылар

Алгебралық өрнектерді ықшамдау және оларға теңбе-тең өрнектерді табу.

Қолдану

Мәтінді есептерге алгебралық өрнек құрастыру және құрастырылған өрнекті түрлендіру.

Күтілетін нәтиже

  • 1

    Өрнекті теңбе-тең түрлендірудің негізгі ережелерін біледі.

  • 2

    Алгебралық өрнектерді ықшамдап, оларға теңбе-тең өрнектерді табады.

  • 3

    Мәтінді есептерге алгебралық өрнек құрастырып, құрастырылған өрнекті түрлендіреді.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру

3 минут
  • Сәлемдесу.
  • Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
  • Оқушыларды топқа бөлу.

2) Психологиялық тренинг

1 минут

Мақсаты: оқушылардың сабаққа және өмірге деген құлшынысын арттыру.

Қуанайын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық бәріміз,
Арайлап атқан күнге.

3) Үй тапсырмасын тексеру

4 минут

Оқушылар жұптасып жұмыс істейді: оң жақтағы оқушымен дәптерлерін ауыстырып, тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырып тексереді.

4) «Сөздің жалғасын тап»

2 минут

Қайталау сұрақтары арқылы негізгі ережелер еске түсіріледі:

  1. Қосылғыштардың таңбалары бірдей болса, қосындының таңбасы ________________.
  2. Қосылғыштардың таңбалары әр түрлі болса, қосындының таңбасы ________________.
  3. Таңбалары бірдей сандар көбейтілсе, көбейтінді ________________ таңбалы болады.
  4. Жақша алдында таңбасы болса, ________________.
  5. Жақша алдында + таңбасы болса, ________________.
  6. Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды ________________ деп атайды.
  7. Ұқсас қосылғыштарды қосу үшін: ________________.

5) «Ғажап мақсат»

4 минут

Есептерді шығару арқылы оқушылар «ғажап сандар» туралы қысқаша мәлімет алады.