Нағашы деген кім

Тәрбие сағаты

Ана — өмірдің шуағы

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған жылы жүздесу: аналарды, әжелерді және қыздарды құттықтап, отбасыдағы ана мен бала арасындағы байланысты нығайту; балалардың өнері мен дарындылығын дамыту; ананы құрметтеуге, сыйлауға және сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Жүргізуші сөзі

Ана — өмір қолдаушысы әлемнің,
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.

Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

Ана — барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы асыл қасиеттер күннің нұрындай мейірімнен, ананың ақ сүтіндей тазалықтан дариды.

Ана — ұлы адам. Ана — құдіретті жан. Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы аналар!

Ән: «Ана туралы»

Балалар орындайды

Балалар ана туралы әнді фонограмма сүйемелдеусіз орындайды.

Өлеңдер мен құттықтаулар

Оқушылар анаға, әжеге және қыздарға арналған жылы лебіздерін өлең жолдарымен жеткізеді. Әжелерге тілек жазылған ашық хаттар табысталады, аналарға сыйлықтар беріледі.

Әлихан

Сендерден өскен балалар —
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!

Мирас

Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын, анашым!

Бағдәулет

Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз!
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Амир

Әлпештеген баласын —
Ана бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өз анасын,
Мақтан етер, дарын, үн.

Әлинұр

Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтанған.
Ел сенімін ақтаған —
Айналайын ақ мамам!

Ажар

Бізді өсіріп, баптаған,
Жақсы болсақ, шаттанған.
«Алтыным!» деп мақтаған —
Айналайын ақ мамам!

Нұрай

Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
«Анашым!» деп мақтанам —
Айналайын ақ мамам!

Жанерке

Ана — көркі көгімнің,
Ана — нұры жерімнің.
Ана — бағы баланың,
Мақтанышы елімнің.

Диляра

Мен мұғалім анамның
Өнегесін аламын.
Ертең мен де маманмын —
Оқытушы боламын!

Ерзат

Қанаттанса балапан,
Қалайынша ұшпайды:
Әрбір қыз, әр балапан
Мамасына ұқсайды.

Алуа

Ойлы қызы халқының
«Отаным» деп туады.
Бос жібермей әр күнін,
Ана жолын қуады.

Елдар

Уақытты бағалайық —
Біздің қыздар бақытты!
Арманға жетер балалар,
Аман болсын аналар!

Ана — біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!

Құттықтау жыры

Ильяс

Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл анам, мерекең!
Құтты болсын, алтын анам,
Қуанышты берекең!

Алтын анам, жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан шаршап үйге келгенімде,
«Балам» деген сөзің — сая маған.

Досжан

Дүниенің жарық күні — анамыз,
Дана болсақ, анаменен данамыз.
Тыңдаңыздар, көңіл қойып, ағайын,
Анаға арнап тағы бір ән саламыз!

Сахналық сәт

«Нұрын төккен» әні орындалады. Осыдан кейін аналарға сыйлықтар табысталады.

Оқушыларды мадақтау

Іс-шара барысында оқушыларға арналған ізгі тілектер айтылып, әрқайсысының талпынысы мен мінез-құлқындағы жақсы қасиеттері атап өтіледі.

Данияр

Кемелді білім іздеген,
Кемісін тез түзеген.
Жалқаулыққа жақын бармай,
Жақсымен достық үзбеген —
Жанерке, жарқыным,
Қарқындап өссін дарының!

Серік

Мінезі жарқын күн дер ем,
Мін дегенді білмеген.
Білімге құмар, талпынған —
Алуа, сезімді,
Құттықтаймыз өзіңді!

Бекзат

Ерте тұрып ерінбей,
Жалқаулыққа берілмей,
Еңбек еттің, шырағым —
Айша, мейрамыңмен!

Асанәлі

Кіші қамын ойлаған,
Кісі жанын сыйлаған,
Өнері мен ісімен
Өзгелерге сыйлы адам —
Ажар, жарқыным,
Бақытты болсын әр күнің!

Батырхан

Аяулы ата-анасын
Ардақтаған баласын:
Өзің тауып бақытыңды,
Өміріңнен аласың.
Диляра, күнің ассын!
Тойың тойға ұлассын!

Дамир

Зерделі де, зейінді,
Зерек, кішіпейілді —
Білікті жан Нұрай,
Жайнап тұрсын нұр жүзің,
Жасай бергін, жұлдызым!

Би және гүл тарту

Ерке Жаннұр ортаға шығып, дөңгелене билейді. Кейін әр қыз бала ортаға шақырылып, арнау айтылып, гүл сыйланады.

Әлішер

Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп-ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз!

Ән: «Әйгөлек»

Аналарға тосын сый

Отбасыдағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатымен қысқа бейнеролик көрсетіледі. Әр бала өз анасы туралы айтып, ақ тілегін білдіреді.

Мерекелік ойындар

1) «Айнадағы мақтау»

Топтарға бөлініп, әр топтан бір ана шығып, айнаға қарап өзіне жылы сөздер айтып, көңіл-күй көтереді.

2) «Таны да тап»

Ананың көзі байланады: ол өз баласын иісінен (мұрнымен) танып табады.

3) «Қолынан тану»

Балалардың көзі байланып, олар аналарын қолынан ұстап танып табуға тырысады.

4) «Сен білесің бе?»

  • Нағашы деген кім?
  • Нағашы атаңның аты кім?
  • Нағашы апаңның аты кім?
  • Анаң бос уақытында не істейді?
  • Анаң қандай гүлдерді жақсы көреді?
  • Анаң қандай түсті жақсы көреді?
  • Анаң саған не берді?
  • «Ананың көңілі балада, баланың көңілі ...» (жалғастыр)
  • Бақыт деген сен үшін не?

Өлеңді жалғастыр

Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
... (жалғастыр)
Құлыншағым, күнім дейтін.

Даналық сөз

Ф. Оңғарсынова: «Дүниеде не тәтті?» — Ананың сүті.

Жиренше шешеннің сұрағы: «Ал жұмсақта не жұмсақ?» — Ананың қолы.

Қорытынды

Осымен мерекелік іс-шарамыз аяқталды. Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті аналар, әжелер және қыздар!