Бақытты бол, балам

Сабақтың мақсаты

  • Жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру; ана еңбегін қадірлеуге, баланың ана алдындағы парызын түсінуге және өтеуге тәрбиелеу.
  • Анасын сүю арқылы елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.
  • Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру; байланыстырып сөйлеуді дамыту; өзіндік ой-пікірін еркін айта білуге баулу.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, презентация.

Ұйымдастыру бөлімі

Сабақтың көңіл күйін ашатын диалог

Мұғалім

Әрбір адам?

Балалар (хормен)

Туысым, досым, жұрағат.

Мұғалім

Әрбір сабақ?

Балалар (хормен)

Үйрену, ұғу, ұлағат.

Мұғалім

Әрбір ісің?

Балалар (хормен)

Тірлік, тірек, адамдық.

Мұғалім

Әрбір сөзің?

Балалар (хормен)

Шындық, бірлік, адалдық.

Осылайша, сабаққа зейін қойып, бүгінгі жұмысымызды бастаймыз.

Топқа бөлу

Оқушылар ойыншық жұмыртқалардан бір-бірден алып, ішіндегі тәттінің түсі бойынша 4 топқа бөлінеді:

  • I топ Алғырлар
  • II топ Ойшылдар
  • III топ Тапқырлар
  • IV топ Білімділер

Топ ережелері

  1. 1 Сабақта тыныш отыру.
  2. 2 Бір-бірімізді мұқият тыңдау.
  3. 3 Топпен бірлесіп жұмыс жасау.
  4. 4 Тапсырманы жауапкершілікпен орындау.

Үй тапсырмасын тексеру

Мәтін

В. Сухомлинский — «Ақ шаш»

Топтар бір-біріне сұрақ қою арқылы мәтінді талдап, қорытынды жасайды.

Сұрақ 1

«Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» мақалын әңгімемен қалай байланыстырар едіңіз?

Сұрақ 2

Мәтіндегі кейіпкерлер кімдер?

Сұрақ 3

Осы мәтіннен қандай ой түйдіңіз?

Сұрақ 4

Ана туралы қандай мақал-мәтел білесіз?

Келесі қадам: әр топ «Ана кім?» деген сұраққа постер дайындайды. Дайын болған соң, топтар өз жұмыстарын қорғайды (интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі).

Жаңа сабақ

Бүгін біз ана тақырыбын жалғастырып, Ғали (Ғани) Ормановтың «Ана» өлеңімен танысамыз.

Дәптермен жұмыс

Күннің жадын және тақырыпты жазу. Жазуды ұқыпты, көркем жүргізу.

Автор туралы қысқаша мәлімет

Ғали (Ғани) Орманов 1907 жылы дүниеге келіп, 1978 жылы өмірден өтті.

Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.

Оқушылар кезекпен оқиды.

Өлеңдегі ерекше белгіленген сөздерді теріп оқу.

Осы сөздерді пайдаланып, өз анаңа бір ауыз тілек жазу және оқып беру.

Сергіту сәті

Фариза Оңғарсынованың «Ақ мамам» әнін тыңдау.

Топпен жұмыс

Әр топ аналарға арнап бір шумақ өлең құрастырады немесе берілген жолдарды аяқтайды:

Жол 1

____________________ барамыз,

Жол 2

____________________ саламыз.

Жол 3

____________________ сыйлаймыз,

Жол 4

____________________ тыңдаймыз.

Бағалау: топтар бір-бірінің жұмысын стикер арқылы бағалайды, пікір білдіреді.

Сабақты қорытындылау

Бүгін өздерің де аналарыңа арнап өлең жолдарын құрастырдыңдар. Сол сияқты талай ақын-жазушылар да өз аналарына арнап жүректен шыққан жырларын қалдырған. Ана — әрбір адамның ең жақын жанашыры, қамқоршысы, қадірлісі; жанын да аямаған ардақтысы.

Түйінді ой

Ана — жүрек, жүректі құдіретте!

Ана — тірек, тіректі құрметте!

Ана — шыңың, шыңыңа сағынып жет!

Ана — күнің, күніңе табынып өт!

Адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен ана сүтімен, ана жүрегінің жылуымен дариды. Бойымыздағы жақсы қасиеттердің бастауы — ана мейірімі.

Өмірден алынған әсерлі мысал: Шәмші және ана ақ батасы

Дарындылықтың бір ұшқыны анадан дарығанын Шәмші Қалдаяқовтың өмірінен де көруге болады. Әкесі өнерлі ұста, зергер болғанымен, әншілікке әуестігі жоқ еді. Ал Шәмші өзінің табиғи дарыны ана сүтімен келгеніне қуанатынын айтатын.

Композитор ретінде аты шыққан шағында анасы айықпас дертке шалдығады. Өзінің бұл дүниемен қоштасар сәті жақындағанын сезген анасы Алматыдан Шәмшіні алдыртып: «Балам, бар тілегім — сен аман бол. Дүниеге келген әнің үзілмей, ұзаққа кетсін. Бақытты бол!» — деп ақ батасын береді.

Шәмшінің ішкі монологы

«Ана, қарыздармын саған... Сенің басыңа кесене орнатам деп уәде бере алмаймын, бірақ мен саған әннің ең асылынан, ең нәзігінен ешқашан ұмытылмайтын ескерткіш қалдырамын. Ол ешқашан ұмытылмайды».

Бұл оқиға 1957 жылдары өрбіген. Шәмші өз сөзін 1961 жылы орындайды: сол жылы «Ана туралы жыр» әні дүниеге келеді. Бұл шығарма қазақ музыкасы тарихындағы ана туралы жазылған тұңғыш әндердің бірі ретінде ел жүрегіне жол тапты.

Бұл ән — ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышты сезінген баланың мөлдір көз жасы. Бұл ән — өмір теңізін адал кешуге берген ер жеткен ұланның анты. Бұл — аналарға арналған гимн.

Әнмен қорытынды

Сабақты «Ана туралы жыр» әнімен түйіндейміз: сөзі — Ғафу Қайырбеков, әні — Шәмші Қалдаяқов. Барлығымыз қосылып орындаймыз.

Бағалау және рефлексия

  • Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерін, түйген ойын айтады.
  • Топтар бір-бірін бағалайды, ұсыныс пен қолдау білдіреді.