Аюлар тобы

Сабақтың тақырыбы

«Ұр, тоқпақ» ертегісі

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға ауыз әдебиетінің көлемді салаларының бірі — ертегілер және оның түрлері туралы кеңінен түсінік беру. Ертегідегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

Білімділік

Оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорын және шығармашылық қабілетін арттыру; байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік

Халқымыздың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, наным-сенімін және дүниетанымдық көзқарасын қадірлеуге; жат әдеттен аулақ болуға; адал еңбекке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Ой-өрісін, сөздік қорын, дүниетанымын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Топқа бөлу

1) «Аюлар» тобы

2) «Түлкілер» тобы

3) «Қояндар» тобы

4) «Тиындар» тобы

Үй тапсырмасын пысықтау

  1. «Қасқыр мен түлкі» ертегісін оқып, мазмұнын айту.
  2. Үй тапсырмасына бәріміз дайынбыз ба?
  3. Ертегіні сахналау.
  4. Ертегідегі кейіпкерлерге мінездеме беру.

Жаңа сабақ

Ертегілер мазмұнына қарай 3 топқа бөлінеді:

  • 1) Хайуанаттар туралы ертегілер

  • 2) Қиял-ғажайып ертегілер

  • 3) Шыншыл ертегілер

Оқулықпен жұмыс

Оқу тапсырмалары

  • Ертегіні мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу.
  • Ертегідегі негізгі ойды ұғындыру.
  • Оқушыларға тізбектей оқыту.
  • Төмендегі кесте бойынша әңгімелеу.

Топтық жұмыс

1-топ

Қаздың тұзаққа түсуі

2-топ

«Піс, қазаным, піс»

3-топ

«Құс, есегім, құс»

4-топ

«Ұр, тоқпағым, ұр»

«Ұшқыр ойдан — ұтымды жауап»

Төмендегі сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап беріңдер:

  1. Оқулықта берілген сурет ертегідегі қай оқиғаға сәйкес келеді?
  2. Шал мен кемпірдің жағдайы қандай болған?
  3. Қазбайдың жақсы көретін үш нәрсесін ата.
  4. Шалдың тұзағына не түседі?
  5. Ертегідегі балалардың әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?

Үйге тапсырма

Ертегіні оқып, мазмұнын жоспар бойынша қысқаша баяндап келу.

Бағалау

  • Сабаққа қатысу белсенділігі
  • Мәнерлеп оқу және мазмұндау сапасы
  • Топтық жұмысқа үлесі
  • Сұрақтарға жауаптың дәлдігі