Ақпараттың өлшем бірлігін, оларды ажыратуды үйрету
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
Ақпарат саны. Ақпарат өлшем бірліктері.
Мақсат
Ақпараттың өлшем бірліктерін түсіндіру және оларды ажырата білуге үйрету.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Көрнекілік құралдар
- Карточкалар
Пән аралық байланыс
Математика.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ (түсіндіру).
Әдістер
- Сыни тұрғыдан ойлау
- Информатика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, көңіл күйін бағыттау, сабаққа деген ынтасын ояту.
Назар аударту сұрағы
Таразы массаны, сызғыш арақашықтықты өлшейді. Ал ақпаратты өлшеуге бола ма?
I. Қызығушылықты ояту
1) Ақпараттың қанша пайызын көру арқылы қабылдаймыз?
81%.
2) Информатика қандай ғылым?
Ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.
3) Ақпаратты қалай қабылдаймыз?
Көру, есту, дәм сезу, иіскеу және сипап сезу арқылы.
4) Ақпарат қандай түрде бейнеленуі мүмкін?
Сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және бейне (видео).
5) Ақпараттың қасиеттерін атаңдар
Объективтілігі, толықтығы, жеткіліктілігі, қолжетімділігі, өзектілігі.
6) «Ақпаратты өңдеу» ұғымын қалай түсінеміз?
Ақпаратты сақтау, өңдеу және жөнелту әрекеттері.
II. Мағынаны тану: ақпаратты қалай өлшейміз?
Компьютер — электрондық машина. Ол ақпаратты тек электр сигналдары түрінде қабылдайды. Сондықтан компьютерге енгізілетін әрбір белгі (әріп, сан, дыбыс, видео) сигналдар тіліне кодталуы керек.
Негізгі қағида
Сигналдың жоқ болуы — 0, ал сигналдың бар болуы — 1 арқылы белгіленеді.
Бит (bit)
Бит — 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдайтын ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі.
Байт (byte)
Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі — байт. Әдетте 1 байт көмегімен 1 символ кодталады.
Символ — кез келген белгі: әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.
Ірі өлшем бірліктері
Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан байттан да ірі бірліктер қолданылады:
1 КБ (Килобайт)
= 1024 байт
1 МБ (Мегабайт)
= 1024 КБ
1 ГБ (Гегабайт)
= 1024 МБ
1 ТБ (Терабайт)
= 1024 ГБ
Қысқа мысал
Мысалы, 5 әріптен тұратын сөздің әрбір әрпі 1 байттан кодталса, онда сөз көлемі 5 байт болады. Ал битпен есептегенде: 5 × 8 = 40 бит.
Негізгі қорытынды
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі — бит, ал күнделікті қолдануда кең таралған өлшем бірлігі — байт. Ірі көлемдер килобайт, мегабайт, гегабайт және терабайт арқылы беріледі.
III. Ой толғаныс: білімді бекіту
Жаңа өтілген тақырыптың қаншалықты меңгерілгенін анықтау үшін оқушылармен бірге мәліметтерді топтастырып, есептер орындаймыз.
Тапсырма 1: мәтіндегі ақпарат көлемін анықтау
Төмендегі сөздердің ақпарат көлемін (символ/байт/бит бойынша) есептеңдер:
- Информатика
- Ақпарат
- Диск
- Машина
- Хабарлама
- Дыбыс
- Видео
- Сан
- Цифр
- Калькулятор арқылы есепте (жылдамдық пен дәлдік ескеріледі)
Тапсырма 2: өлшем бірліктерін түрлендіру
Берілген мәндерді көрсетілген бірлікке айналдырыңдар:
Қорытындылау, бағалау және үй тапсырмасы
Қорытындылау
Ақпарат өлшем бірліктерін қайталау: бит, байт және олардың іріленген түрлері (КБ, МБ, ГБ, ТБ).
Бағалау
Тапсырмаларды орындау дәлдігі мен жылдамдығына, сондай-ақ жауаптардың негіздемесіне қарай бағалау.
Үйге тапсырма
- Тақырыпты қайталау.
- Ақпарат тасымалдауыштардың (флешка, диск, т.б.) көлемдерін жазып келу.