Сапалық сын есім
Сын есімнің мағыналық түрлері (6-сынып)
Бұл сабақ жоспары сын есімнің мағыналық түрлерін (сапалық және қатыстық) меңгертуге, оларды жасалу жолдарымен байланыстыра ажыратуға және мәтін мен сөйлем құрастыруда қолдануға бағытталған.
Сабақ негізделген оқу мақсаты
- Сын есімнің мағыналық түрлерін тану және қолдану.
Сабақ мақсаттары
- Барлық оқушылар: сын есімнің мағыналық түрлерін біледі.
- Оқушылардың басым бөлігі: мағыналық түрлерін және жасалу жолдарын ажырата алады.
- Кейбір оқушылар: мәтіннен тауып, сөйлемдер құрастыра алады.
Пәндік мақсат
- Сын есімнің мағыналық түрлері бойынша кластер құрастыру.
- Коллаж жасау.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер
Диалог пен жазылымға арналған тіркестер
Талқылауға арналған сұрақ: Қатыстық сын есім сын есім тудыратын жұрнақтар арқылы жасала ма?
Неге олай ойлайсың? Себебі қатыстық сын есім басқа сөз таптарына сын есім тудыратын жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады.
Алдыңғы оқу
Сан есім.
Сабақ барысы
Басы
Тренинг: «Керемет»
Оқушылар шеңберге тұрып, кезекпен бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтады. Барлығы айтып болған соң, «Керемет!» деп бірге айтып, бас бармақтарын көрсетіп, қолдарын жоғары көтереді.
Топқа бірігу
Кәмпит түстері арқылы 4 топқа бөліну:
- 1-топ: қызғылт
- 2-топ: жасыл
- 3-топ: сары
- 4-топ: күлгін
Үй тапсырмасын тексеру: «Өзімді-өзім сынаймын» (тест)
-
1. Сын есім...
- а) заттың сынын білдіреді
- ә) заттың атын білдіреді
- б) заттың қимылын білдіреді
-
2. Заттың түсін білдіретін сын есімді тап.
- а) қорқақ
- ә) жасыл
- б) ашушаң
-
3. Сын есімнің сұрақтары:
- а) не істеді?
- ә) қандай? қай?
- б) қанша? неше?
-
4. Жұмбақты шешіп, сын есімді тап: «Белі бүкір, алысқа түкір»
- а) белі
- ә) түкір
- б) бүкір
-
5. Туынды сын есімді тап.
- а) жақсы
- ә) тәртіпті
- б) биік
-
6. Сын есімді тап.
- а) кеше
- ә) әлсіз
- б) жүгірді
-
7. Негізгі сын есімді тап.
- а) таза
- ә) әлсіз
- б) кешкі
-
8. Күрделі сын есімді тап.
- а) заңгер
- ә) ымырт
- б) шұбар ала
-
9. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақ:
- а) -лы
- ә) -шаң
- б) -еген
-
10. Дара сын есімді тап.
- а) тап-таза
- ә) ақ
- б) өте жақсы
Ортасы
Миға шабуыл
Әр түрлі суреттер арқылы жаңа тақырыпты ашу:
- Жемістердің суреттері.
- Табиғат көріністері.
Жаңа сабақ
Тақырып: сын есімнің мағыналық түрлері. Оқушылар сапалық және қатыстық сын есімдердің ерекшеліктерін, жасалу жолдарын тәжірибе арқылы бекітеді.
Топтық жұмыс
1-топ
Сапалық сын есім
Кластер құрастыру.
2-топ
Қатыстық сын есім
Коллаж жасау.
3-топ
Түйінді сөздер
Тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдарды анықтау.
4-топ
Сипаттау мәтіні
Сурет бойынша сипаттау мәтінін жазу.
Оқулықпен жұмыс
1-топ: 98-жаттығу
Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек екі бағанаға бөліп жазыңдар.
Сапалық сын есімдер
ақшыл, жасыл, тәтті, үлкен, қымбат, жаман, қызылды-жасылды, ұзын, жарық, кең, қысқа
Қатыстық сын есімдер
аттылы, сөзді, балалы, отты, егінді, иманды, еріншек, көргіш, білгір, шексіз, алғыр, мінезді, өнерлі, айтқыш
2-топ: 101-жаттығу
Мәтінді оқып, мазмұнын уақыт тізбегі бойынша әңгімелеп беріңдер.
3-топ: 101-жаттығу
Мәтіндегі сапалық және қатыстық сын есімдерді ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
Сапалық сын есімдер
ескі, жесір, керемет, шебер, үлкен, көк, әсем, кең, қызыл, көгілдір
Қатыстық сын есімдер
төбелі, өнерлі, кестелі, шатырлы, қабырғалы, жемісті, үйлесімді, жарасымды
4-топ: Сөйлем құрастыру
Төмендегі сөздерден қатыстық сын есім жасай отырып, сөйлемдер құрастырыңдар:
Сергіту сәті: «Бір сөзбен айтқанда»
-
1. Қиыстырып, тауып сөйлейтін сөзге ұста адам — шешен.
-
2. Айтқанға сене салатын, еш нәрсені байқамайтын адам — аңқау.
-
3. Тез ашуланатын адам — ашушаң.
-
4. Көрінгенге соқтыға беретін адам — ұрыншақ.
-
5. Керексіз көп сөйлейтін адам — мылжың.
-
6. Бойы ұзын адам — бойшаң.
-
7. Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адам — өсекші.
Автор туралы мәлімет
Мекеме
МДШО №17 жалпы білім беретін мектеп МКМ
Мұғалім
Тузелбаева Гүлнар Жақсыбекқызы