Аудандарды салыстыр
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Темірбаева Гүлмира Құлымжанқызы
Сабақтың тақырыбы: Аудан. Фигуралардың аудандарын салыстыру
Сабақтың міндеттері
- Оқушыларды аудан ұғымымен таныстыру және аудандарды салыстырудың қарапайым тәсілдерін меңгерту.
- Көбейту амалына байланысты есептерді шығару дағдысын бекіту.
- Салыстыру, қатар қою және қорытынды жасау біліктілігін дамыту.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақты бір-бірімізге жақсылық тілеуден бастайық. Балалар, жүрек тұстарыңды ұстап, қолдарыңды кеуделеріңе қойыңдар. Жүректеріңнің соғысын тыңдаңдар: дүрс-дүрс. Жүректеріңнің орнында мейірімді күннің бір бөлшегі тұр деп елестетіңдер: оның жылы да жарқын сәулесі денелеріңе, қолдарың мен аяқтарыңа тарайды. Жылу мен жарық бойымызға сыймайтындай мол. Ендеше, сол жылу мен жарықтың бір бөлігін бір-бірімізге сыйлайық. Күлімсіреу арқылы өзара ізгі тілегімізді жеткізейік.
II. Өткен сабақты қорытындылау
1) Ауызша санау
Естеріңде болсын: ауызша санаусыз кез келген жұмыс алға баспайды.
Чебурашка қонаққа келді. Ол хайуанаттар бағының жанында билет сатып отыр. Билеттерде нөмірдің орнына санды өрнектер берілген. Әр билет «нөмірін» анықтап, қалай есептегендеріңді түсіндіріңдер.
- 1) 5 × 3
- 2) 2 × 2
- 3) 4 × 2
- 4) 6 × 2
- 5) 7 × 3
- 6) 5 × 4
- 7) 33 + 250
2) Өрнек құрастыру және мәнін әртүрлі тәсілмен табу
3 саны бойынша
- 3 + 3 + 3 = 9
- 3 × 3 = 9
- 3 × 2 = 6
2 саны бойынша
- 2 + 2 + 2 = 6
- 2 × 3 = 6
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Неше табақша көріп тұрсыңдар?
- Алмалар неше табақшада орналасқан?
- Шешудің қандай тәсілдерін ұсына аласыңдар?
- Ең қолайлы тәсіл қайсысы? Неліктен?
3) Жаңа материалға дайындық (өлшем бірліктері)
10 см = ___ дм
2 м 5 см = ____ см
2 ц 50 кг = _____ кг
3 дм 2 см = _____ см
3 дм 5 см = _____ см
3 м 2 дм 5 см = ____ см
32 дм = ____ м ____ дм
Сұрақ: Сендер қандай шамалардың бірліктерімен жұмыс істедіңдер? (ұзындық, масса)
III. Жаңа материалды түсіндіру
Бүгін біз тағы бір шамамен танысамыз. Оның атауы — аудан. Аудан — фигураның жазықтықта алатын орнын (алып жатқан бөлігін) сипаттайтын шама.
Мысал: үстелдің ауданы оқулықтың ауданынан үлкен.
Мысал: дәптердің ауданы тақтаның ауданынан кіші.
Талқылау: Мұны қалай дәлелдеуге болады? Өздерің де мысал келтіріңдер.
Оқулықпен жұмыс: №1
Суретке қараңдар. Аудандарды салыстырып, сұрақтарға жауап беріңдер.
- Екінші фигураның үстіне толықтай қоюға болатын фигураның ауданы туралы не айтуға болады? Қорытынды жасаңдар және оны оқулықтағы жауаппен салыстырыңдар.
- Аудандарды басқа тәсілмен де салыстыруға болады: 1 және 2-суреттердегі бірдей фигуралар санын санаңдар. Аудандар туралы қандай тұжырым жасайсыңдар?
- 2-суреттегі екі фигураның аудандары тең деп айтуға бола ма? Неліктен?
IV. Бастапқы бекіту
№2, №3, №4 тапсырмаларының негізінде практикалық жұмыс орындалады.
Практикалық жұмысты жұппен орындайсыңдар. Әр жұпқа геометриялық фигуралар беріледі.
«Бүгін геометриялық фигуралар сендерді нағыз сынақтан өткізеді: салыстырыңдар және бір-біріңе дәлелдеңдер — қай фигураның ауданы үлкен, қайсысы кіші?»
Ескерту: кейбір жұптарға бірдей фигуралар беріледі.
V. Сергіту сәті
Көбелек тұрып ертемен, Күлімсіреп керілді. Бір — шықпен бетін жуынды, Екі — шыр айналып бұрылды, Үш — еңкейіп жерге жетті, Төрт дегенде ұшып кетті.
VI. Өтілген материалды қайталау
1) №6 тапсырма: теңдеуді шешу.
2) Есептерді шығару:
- №5 есептің қысқаша шартын жазу.
- Шығармашылық тапсырманы орындау.
- Өз бетінше жұмыс: №9.
№9: Алтыбұрыштың периметрін есепте. Қай тәсіл ең қолайлы? Неліктен?
Қосу тәсілі
2 + 2 + 2 + 2 + 2 + 2 = 12 (см)
Көбейту тәсілі
2 × 6 = 12 (см)
VII. Сабақты қорытындылау
- Сабақта қандай көңіл күймен жұмыс істедіңдер?
- Қандай жаңа білім алдыңдар?
Егер сабақ ұнаса, көңілді күнді таңдаңдар — ол бізге жылу сыйлағанын ұмытпайық. Ал көңілсіз болсаңдар, көңілсіз күнді таңдаңдар.
Жақсы жұмыс істегендерің үшін және бір-бірімізге қуаныш сыйлағанымыз үшін рақмет!
VIII. Үй тапсырмасы
№7, №8(2), №11.