Көк аспанда Күн күлсін, Бірге жүрсін бүлдіршін

Сабақ тақырыбы

Мұқағали Мақатаев. Отан туралы

Оқу мақсаттары

  • 2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау.
  • 2.2.2.1 Мұғалімнің көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою, жауабын шығармадан таба білу.
  • 2.3.3.1 Шығармашылық жұмысты мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну.

Сабақ нәтижелері

Барлық оқушылар

  • Оқулықтағы және қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Жазба жұмысын орындайды.
  • Сұрақтарға жауап береді.

Көпшілік оқушылар

  • Топтық жұмысты бірлесе орындайды.
  • Өз бетінше жұмыс жасайды.
  • Сұрақтарға жауап береді.
  • Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Кейбір оқушылар

  • Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау

Бағалау критерийі

Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжай алады.

Дескрипторлар

  • Тіркестерді дұрыс таба алады.
  • Мақал-мәтелдің жалғасын таба алады.
  • Мақал-мәтелдің мән-мағынасын түсінеді.

Сабақ кезеңі

Басталуы — 5 минут

I. Ұйымдастыру

Көк аспанда Күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда Күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын.
Көк аспанда Күн күлсін,
Ұл қолында ту жүрсін.
Қыз қолында гүл жүрсін.
Көк аспанда Күн күлсін,
Бірге жүрсін бүлдіршін.

II. Ширату

Елімізге, Отанымызға және бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.

Топқа бөлу

Оқушылар кассадан билеттер алып, 1, 2, 3-вагон топтарына бөлініп отырады.

«5 Т» ережесі

  1. 1Тәртіп
  2. 2Талап
  3. 3Тыныштық
  4. 4Тазалық
  5. 5Татулық