Суреттегі құстарды атау

Сабақ тақырыбы

Құстардың қысқа дайындығы

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: жыл құстары туралы білімді тиянақтау, құстардың қыста қоректенуі туралы түсінік қалыптастыру.
  • Дамытушылық: тірі және өлі табиғат арасындағы байланысты түсінуге мүмкіндік беру.
  • Тәрбиелік: табиғатқа қамқор көзқарас қалыптастыру, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі
Аралас
Көрнекілігі
Суреттер
Қолданылатын әдістер
Қайталау, сұрақ-жауап, СТО
Пәнаралық байланыс
Бейнелеу өнері

Негізгі ой

Құстардың жылы жаққа қоныс аудару себептерін және көктемде қайта оралуын түсінген оқушы табиғатты бақылауға, тіршілік құбылыстарын байқауға ұмтылады. Бұл — экологиялық сауаттылықтың алғашқы қадамы.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері:

Табиғат — ол анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

II. Өткенді қайталау

Талқылау сұрақтары

  • Күзде құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады? Неліктен?
  • Құстардың жылы жаққа ұшу себебін білесің бе?

Ой шақыру: жұмбақтар

Жасыл орман желекті,
Оның күтіп-баққаны.
Тоқылдатса теректі,
Құртын қуып жатқаны.

Жауабы: тоқылдақ

Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз, баптаймыз.
Бейбітшілік құсы деп,
Қай құсты мақтаймыз?

Жауабы: көгершін

III. Жаңа сабақ

Көптеген құстар ұшар алдында топталып жиналады. Олар бір жерден екінші жерге азық іздеп ұшады. Егіс алқаптарында қалған масақтармен қоректенетін құстарды үркітуге, егістіктен қуалауға болмайды: алдағы ұзақ жолға шыдауы үшін оларға күш қажет.

Маңызды: Суретте бейнеленген мұндай құстар жыл құстары деп аталады.

IV. Сергіту сәті

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Тамағы егер табылса,

Екі шоқып, бір қарар.

V. Оқулықпен жұмыс

Суреттер бойынша тапсырмалар

  • Суреттегі құстарды атау.
  • Олардың қыста немен қоректенетінін айту.
  • Қыста құстар тіршілігінде қандай қиындықтар болатынын талқылау.

Сұрақтарға жауап беру

  1. 1) «Екі шоқып, бір қарайтын», кез келген қалдықты қорек ететін, қыстап қалатын қандай құс? Қарға
  2. 2) Бойы кішкентай, қыс бойы секектеп жүріп аула аралап, қиқым теретін қандай құс? Суықторғай
  3. 3) Орманда тіршілік етіп, ағашты тұмсығымен тоқылдататын қандай құс? Тоқылдақ

Оқушылар бұл құстарды тақтаға ілінген суреттер ішінен табады.

Өлең: «Суықторғай»

Мұғалім оқушыларға өлең оқып береді:

Қалшылдатқан қыс мынау,

Әбігерге түстің-ау.

Торғай, торғай, тоңдың ба?

Тұра алмайсың орныңда?!

Бір қонасың, бір ұшып,

Отырасың бүрісіп,