Оқушылардың еңбектерін бағалау

Сабақтың тақырыбы

Бейімбет Майлин. «Айранбай» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: «Айранбай» әңгімесі арқылы сол кезеңдегі қазақ тұрмысының шынайы көрінісімен танысу.
  • Дамытушылық: жазушы тілін зерттеу, мәтінге талдау дағдыларын дамыту.
  • Тәрбиелік: еңбекқорлыққа, намысшылдыққа баулу.

Сабақтың сипаттамасы

Әдісі
Проблемалық әдіс
Түрі
Зерттеу сабағы (Қанапия Бітібаева технологиясы)
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, ән-күй, әдеп, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Кезекшімен қысқаша сұхбат.

II. Үй тапсырмасын қайталау

Үй тапсырмасы жаңа тақырыппен байланыстыра талданады: оқушылардың бұрынғы білімін еске түсіріп, оны «Айранбай» әңгімесіне кіріспе ретінде қолдану.

III. Жаңа сабақ

Бейімбет Майлиннің «Айранбай» әңгімесін алдын ала оқып келу тапсырылған. Сабақта диалогтік тәсіл арқылы оқушылармен бірлесе отырып мәтіннің көтерген мәселелері меңгеріледі.

Әңгіме шағын болғанымен, тақырыбы ауқымды, көтеріп тұрған жүгі салмақты. Оқушыларға талқылауға арналған сауалнама сұрақтары ұсынылады:

  1. 1 Әңгіме неге Айранбайдың үй ішін суреттеуден басталады?
  2. 2 Мәдениеттің төмендігі байқала ма? Қандай белгілерден көрінеді?
  3. 3 Мәдениеттің төмендеуіне не әсер етіп отыр? (Айранбайдың кедей тұрмысы: жоқшылық, жетіспеушілік, көңілсіздік, әлеуметтік теңсіздік, байдың қайырымсыздығы.)
  4. 4 Әңгіменің басындағы Айранбай мен соңындағы Айранбайға салыстырмалы сипаттама беріңдер. (Басында Айранбай бай туысы Кемелбайға сенеді; соңында рухани түлеп, жаңа өмірге қадам басады. Басында кір-қоқыс арасында отырса, соңында оны сілкіп тастап, алға ұмтылады.)
  5. 5 Айранбай неліктен «кәменеске жазыламыз» деген қорытындыға келеді?
  6. 6 Егер Кемелбай Айранбай сұратқан қайысты Раушанға берсе, Айранбай бұрынғы қалпында сараң ағайынның ықпалында қала ма еді?
  7. 7 Айранбайдың сенгені — кәменестер: «Кәменеске жазылғандарды қазына асырайды» деген түсінік бар. Қазіргі кезде осы идеямен келісер ме едіңдер?

Майлин әңгімелеріне тән бір ерекшелік — детальдің шешуші қызмет атқаруы. Бұл шығармада оқиға желісі қайыс деталі арқылы өрбиді. Алдын ала берілген тапсырма бойынша 1-топ әңгіме құрылысына жасаған зерттеуін таныстырады.

IV. Талдау: зерттеу жұмыстарын ұсыну

1-топ

«Айранбай» әңгімесінің құрылысы

Әңгіменің басталуы

Айранбайдың үйіне кірген сәттен-ақ оның немен айналысатыны анық байқалады: от басында кірлі қара тақтай, маңайы толған былғары, қайыстың қиқымы, біз, пышақ, қайрақ, қалып, мұрындық — бәрі қоқырсып жатыр.

Байланыс (мәтін бойынша тірек тұстар)

  • «Әлденеге кейігендей...» күйі.
  • 150-бет: соңғы абзац.
  • 151-бет: 4-абзац.
  • 151-бет: соңғы абзац.
  • 152-бет: 1-абзац.
  • 152-бет: 2-абзац.
  • 153-бет: 1-абзац.

Шиеленіс

  1. 1 Тарамысты тартып, шынтағын көтергенде қызына тиіп кетіп, оған ұрысып, итеріп жібереді.
  2. 2 Раушан Кемелбайдың қатынымен ұрысып, оның бетін көрместей ызаланады.
  3. 3 Айранбайдың ашуы күшейіп, Раушан қайыс сұрауға кетеді.

Шарықтау шегі

Раушан Кемелбайдың үйінен құр қол қайтып келеді. Күйеуінің айғайына ренжиді, ал Кемелбайдың қайысты бермеуі олардың көңіліне қатты тиеді.

Шешімі

«Кемелбайдан жүрегім суынып болды. Енді соның есігін ашушы болмайық. Құдай аштан өлтірмесін. Кемелбай құрлы сол кәменестер асырар».
2-топ

Жазушы тілінің ерекшелігі

Эпитеттер

Кірлі қара тақтай; қурап тұрған қара абдыра; таралмай ұйысқан қою қара сақал.

Дисфемизмдер

«Сорлы жалмауыз»; «қайдан табақтас болып едің?»; «бір жапырақ жегізбедің ғой»; «байғұс, көрген қызығың осы ма еді?»; «ит, қират»; «ол бетпақтың бетін Құдай көрсетпесін».

Кірме сөздер

Комиссия, инспектор, кәменес. Бұл сөздердің қолданылуы сол дәуірдің қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерін, жаңа ұғымдардың тілге енуін танытады.

Мысалдар: «комиссия сайланғанда»; «инспектор сөзі рас»; «Кемелбай құрлы сол кәменестер асырар».

Тұрақты тіркестер, нақыл сөздер

  • Тұрақты тіркестер: «сары уайым», «тықыр таяну».
  • Нақыл: «Әйел – ерді азғыратын әзірейіл» (Жәкең марқұмның айтқан шариғаты ретінде беріледі).

Ескерту: мәтінде диалект сөздер байқалмайды.

Кәсіби сөздер

Былғары, қайыс, қайыстың қиқымы, біз, пышақ, қайрақ, қалып, мұрындық, тарамыс.

Теңеулер

«Шаңдатқан құйындай бұрқыратып...»; «сексендегі кемпір-шалдай қара абдыра».

V. Сабақты қорытындылау

Оқушылардың зерттеу жұмыстары талданып, орындалу сапасына қарай кері байланыс беріледі. Белсенділік, дәлелді жауап, мәтінмен жұмыс жасау деңгейі ескеріледі.

VI. Бағалау

Оқушылардың еңбегі бағаланып, келесі сабаққа бағыт-бағдар беріледі.

VII. Үй тапсырмасы

Б. Майлин туралы білімдеріңді толықтырып, тақырып бойынша шығарма жазып келіңдер.