Фариза Оңғарсынова өлеңіСен үшін сонау алыстардағы елес ем, осынша мені арман қып келдің неге сен

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Сен үшін сонау алыстардағы елес ем,
осынша мені арман қып келдің неге сен.
Сыртыңнан сүйіп жүретінімді
сезуші едің ғой демесең,
мен саған ғашық емес ем.
Бас иген көп - көп бозбалаларға паңдана
асқақтау басып, бақытты болдым. Сонда да
жан - жүрегіңді толтырар бір жан
жетпей жүрді ғой демесең,
мен саған ғашық емес ем.
Бір дауыл сәттің соғарын сезіп жүргенмен,
сен екеніңді білген бе ем...
Әйтеуір, жаным, бұл күнде менсіз
жүре алмайсың ғой демесең,
мен саған ғашық емес ем.



Ұқсас жұмыстар

Фариза Оңғарсынованың лирикасы
Фариза оңғарсынова поэмаларындағы идеялық - көркемдік ізденістер
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ЛИРИКАЛЫҚ МОНОЛОГ
Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚ САРЫНЫ
Фариза Оңғарсынованың поэзиясы мен поэтикасы
Халқымыздың дарынды ақындары
Туған дала
Қазақ поэзиясындағы батыр ақын бейнесі
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер тұлғасы
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Баланың мектепке келу мәселесі
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде
Мемлекеттік бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері
Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін арттыру жолдарымен оның бағалау ЖШС (КӨК-СУ).
Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері