Қазақтың әшекей бұйымдары тақырыбы бойынша диалог дайындау
Сабақтың тақырыбы
Қазақ халқының зергерлік өнері
Сабақтың мақсаты
Қазақ халқының жалпы ұлттық қолөнерін танып-білу, соның ішінде зергерлік өнер туралы білімді тереңдету.
Білімділік
Көсемше тақырыбын қайталау, тақырып бойынша тапсырмаларды орындау.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік
Өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың форматы
- Сабақтың түрі
- Жаңа материалды меңгеру
- Пәнаралық байланыс
- Тарих
- Сабақтың әдіс-тәсілдері
- Сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс, жеке жұмыс, жаттығу жұмыстары, көрнекілік әдістері.
- Көрнекіліктер және техникалық құралдар
- Бейне-слайдтар, кеспе қағаздар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу
- Түгендеу
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру
5 минутӨткен сабақтағы тақырыпты еске түсіреміз. Әр топ қазақ халқының қолөнері туралы қысқаша әңгімелейді.
4-тапсырма (жазбаша)
Тақырып бойынша берілген тапсырманы орындау.
Жаңа сабақ
5 минутБүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы — қазақ халқының зергерлік өнері. Тақырыпты бастамас бұрын жаңа сөздермен танысып, сөздікке жазып аламыз.
Оқулықпен жұмыс
107-бет, 1-тапсырма: мәтінді оқимыз.
Мұғалімнің түсіндірмесі: зергерлік өнер туралы
Қазақ халқының атадан балаға жалғасып келе жатқан өнерінің бірі — зергерлік. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап зергерлік өнер қолөнердің негізгі салаларының біріне айналды. Енді қазақтың кейбір зергерлік бұйымдарына тоқталайық (слайдтар көрсетіледі).
Шолпы
Жас қыздар шаштарының бұрымына тағатын әшекей. Ол көптеген шытыралардан немесе күміс тиындардан құралып, үш-төрт қатар шығыршықтар арқылы бекітіледі, өрнектеліп жасалады.
Сақина, жүзік
Зергерлік әшекейлердің ішінде түр-түрімен ерекшеленеді. Шығыс елдерінде жүзік пен сақинаның қасиетіне сену кең тараған. Қазақ ұғымында әйел адамның қолында сақина не жүзік болуы қажет деп есептелген: жүзігі болмаса, дайындаған тағамы таза емес деген түсінік болған.
«Тамақ адал болу үшін, қолда күміс жүзік болу керек».
Шашбау
Қазақ зергерлері оны жасауда түрлі тәсілді қолданған. Шашбау шаштың түбіне бекітіліп, ұзына бойы шаштың ұшына дейін қоса өріледі. Ол шаштың сұлулығын әрі қалыңдығын айқындайды.
Сырға
Күнделікті тағылатын әшекейдің бірі. Ертеде сырғаны тұмар ретінде де таққан.
Білезік
Әдетте бір қолға сыңар, не екі қолға жұптап, кейде бір қолға екі білезікті қатар тағатын болған. Білезіктің тұтас және құрамды түрлері кездеседі.
Тұмарша, бойтұмар
Күмістен жасалған, іші қуыс ыдыс. Үшбұрыш, төртбұрыш немесе түтікше формада болады. Тұмардың ішіне қағазға жазылған Құран сүрелерін сақтаған. Оны тіл-көзден, пәле-жаладан қорғайды деп сенген.
Әйел және ер белдіктері
Әйел белдіктері көбіне мақпал, жібек маталардан жасалып, металл шытыралармен және түрлі асыл тастармен әсемделген. Әшекейлеуде хас (нефрит) тасы да қолданылған. Қазақ нанымында нефритпен әсемделген киім адамды найзағайдан сақтайды деген түсінік болған.
Ер адамдардың белдіктері үш топқа бөлінеді: күнделікті, әскери, салтанатты.
Тапсырмалар
уақытпен1-тапсырма: көсемше жұрнақтарын қойып жазыңдар
Көп нүктенің орнына тиісті көсемше жұрнақтарын қойып жазыңдар:
- 1.Ол үлкендердің айтқан әңгімесін тыңда... отырды.
- 2.Таңертең сол жаққа өзім бар... жатырмын.
- 3.Айтылған сөзден кейін үндеме... отыр.
- 4.Олар театрға бар... отыр.
- 5.Оның уақыты болма... жатыр.
- 6.Бәйгеде алған жүлдесі туралы айт... берді.
2-тапсырма: берілген сөздерден сөйлем құраңдар
5 минут- 1.Шеберлер әшекей бұйымның бетіне алтын жалатып, үстін алтын таспен безендірген.
- 2.Металдан түрлі әшекей бұйымдар дайындауда қазақ шеберлері көптеген үлгілер қалдырған.
- 3.Қазақ халқының атадан балаға жалғасып келе жатқан өнерінің бір түрі — зергерлік.
Оқулықпен жұмыс
3 минут108-бет, 5-тапсырма: жақшадағы көсемшелерді аударып жазыңдар.
Сабақты бекіту
8 минут«Әшекей іздеушілер» ойыны арқылы тақырыпты қорытындылау.
Бағалау
Оқушылардың тапсырмаларды орындауы мен сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау жүргізіледі.
Үйге тапсырма
«Қазақтың әшекей бұйымдары» тақырыбы бойынша диалог дайындау.