Күшпен тартылу
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №4 орта мектебі
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Джарлгаева Алия Манасовна
Сабақтың тақырыбы
Арқанға өрмелеуді үйрету және дамыту.
Сабақтың мақсаты
Сауықтыру
Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту.
Білімдік
Дене тәрбиесі бойынша білімді меңгерту және оның негізін құрайтын қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру.
Тәрбиелік
Баланың күш-қуатын, қимыл үйлесімін және төзімділігін дамыту.
Кіріспе бөлім (8 минут)
-
Сапқа тұрғызу
Рапорт қабылдау.
-
Сабақ мақсатымен таныстыру
Бүгінгі сабақтың міндеттері, қауіпсіздік талаптары және күтілетін нәтижелер түсіндіріледі.
-
Даярлық жаттығулары
- Бұлшық етті дамытуға арналған жалпы жаттығулар.
- Иық буындарын іске қосатын қол қимылдары.
- Ұсақ тастар мен үйеңкі жаңғақтарын оң және сол қолмен қашықтыққа лақтыру немесе нысанаға дәлдеу.
Негізгі бөлім (30 минут)
Арқанға өрмелеудің негізгі қағидасы
Арқанға өрмелеу кезінде қол мен аяқ күшін үйлестіре пайдалану маңызды. Аяқ бұлшықеттерін белсенді қолдану қолдың шаршауын азайтып, қозғалысты тиімді етеді.
Өрмелеудің екі тәсілі
1-тәсіл: арқанды орап, қолды жоғарыдан ұстай отырып өрмелеу.
2-тәсіл: арқанды екі тіземен қысып, қолды кезекпен босатып жоғарыдан ұстап өрмелеу.
Өрмелеуге дейінгі дайындық жаттығулары
-
Арқанға асылып тұрып тербелу.
-
Арқанға асылып тұрып аяқты алға соза жоғары көтеру.
-
Асылып тұрған қалыпта аяқтың ұшын (алға соза жоғары көтеріп) қолға тигізу.
Осы жаттығулар толық орындалғаннан кейін өрмелеу жұмысы басталады.
Кермеде орындалатын жаттығулар
-
Екі қолмен асылып тұрып тербелу.
-
Екі аяқтың қылтасымен асылу.
-
Бір аяқты іліп алу арқылы кермеге шығу және екі қолға таянып тұру.
-
Кермеге таянып тұрып, алға аударылып түсу.
-
Шалқадан жатып, кермеден ұстап тартылу.
-
Күшпен тартылу.
Қорытынды бөлім (5 минут)
-
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен жаттығуларды орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.
-
Үй тапсырмасы
Жалпы дамыту жаттығуларын жүйелі орындау.
-
Қалпына келтіру
Денеге түскен салмақты азайтуға және тынысты қалпына келтіруге арналған жеңіл жаттығулар орындалады.