Сабаққа деген ынталарын байқау

Математика (1-сынып): білімді тиянақтау сабағының жоспары

Бұл сабақта оқушылардың бұрын алған білімін бекіту, қызығушылығын арттыру және ойлау дағдыларын дамыту көзделеді. Жұмыс барысында СТО (сын тұрғысынан ойлау) стратегиялары қолданылып, ұлттық тәрбие элементтерімен ұштастырылады.

Сабақтың тақырыбы

Білімді тиянақтау (бекіту сабағы).

Пәнаралық байланыс

Ана тілі.

Білімділік мақсаты

СТО стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың алған білімі мен біліктілік дағдыларын тиянақтау және бекіту.

Дамытушылық мақсаты

Пысықтау және тексеру арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Ұлттық тәрбие беру, ұйымшылдыққа баулу.

Қолданылатын тәсілдер мен ресурстар

СТО стратегиялары

  • Психологиялық дайындық
  • Ой толғаныс
  • Ой қозғау
  • Тест
  • Топпен жұмыс
  • Венн диаграммасы
  • Ассоциация құру
  • Миға шабуыл
  • Ойын элементтері

Көрнекіліктер

  • Тест тапсырмалары
  • «Ақ сүйек» суреті
  • Қожанасыр бейнесі және асықтар
  • «Жеті ата» жазылған ағаш суреті (таратпа)
  • Есептің сызбасы (тақтаға ілетін)

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Оқушылардан бір-біріне және мұғалімге қарап жымиюын сұрау. Сабаққа деген ынтасын байқап, жағымды көңіл күй қалыптастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Ой толғаныс» стратегиясы

Оқушылардың құрастырып келген математикалық өлең жолдарын және санамақтарын оқыту.

III. Білімді бекіту кезеңі

1) Топқа бөлу

Оқушыларды топтарға бөлу, топтық жұмыс ережесін еске түсіру.

2) Тест

Әр оқушының белгілеуін тексеру және нәтижесін хабарлау.

3) «Ой қозғау»: «Ақ сүйек» ойыны

Плакаттағы мысалдарды жарыс түрінде ауызша орындау:

8 + 4
4 + 8
9 + 4
4 + 9
12 − 4
12 − 8
13 − 4
13 − 9

Нәтижесінде «жеті ата» ағашындағы алғашқы сөз ашылады: әке.

4) Ассоциация құру

Оқушылар берілген санды (7) және сөздерді байланыстырып, ассоциация құрады.

Сан
7
күн
ата
керемет
шелпек
ғалам

5) Қожанасырдың асықтарындағы теңдеулер

Теңдеулерді шешу арқылы келесі сөз ашылады: бала.

Теңдеу
4 + a = 11
Теңдеу
11 − a = 4
Теңдеу
a − 4 = 7

6) «Себеттегі жемістер» тапсырмасы

Жемістердің артындағы тапсырмаларды орындау арқылы «жеті ата» ағашындағы келесі сөз ашылады: немере.

7) Сергіту сәті: жаңылтпаш

Жаңылмай, анық әрі жылдам айту:

Ұшып кетті үш құс,
Ұшып келді ұшқыш.
Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс.
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.

Осы кезеңде келесі сөз ашылады: шөбере.

8) Оқулықпен жұмыс: 4-есеп

Есеп оқылып, талданады. Тақтаға есептің сызбасы ілінеді. Екі топтан екі оқушы шығып, шешу жолын және жауабын жазады.

Нәтижесінде келесі сөз анықталады: шөпшек.

9) Венн диаграммасы

10 және 100 сандарын салыстыру (ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау).

Осы тапсырмадан кейін «жеті ата» тізбегіндегі келесі сөз ашылады: немесе.

10) «Миға шабуыл» сұрақтары

Маратта бар 5 іні,
Мұратта бар 2 іні.
Қоссақ 5 пен 2-ні,
Болады екен неше іні?

Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 2 қаз.
Қонбады оның нешеуі?

Тапсырмаларды орындау арқылы соңғы сөз ашылады: туажат.

IV. Қорытынды

Екі топтың жинаған ұпайлары саналады. «Жеті ата» ағашы бойынша атауларды қайталау:

әке бала немере шөбере шөпшек немесе туажат

V. Үй тапсырмасы

Математикалық жұмбақ есеп құрастыру.

VI. Бағалау

Оқушылардың жұмысын бағалау, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.