Әліппе ІІІ тур
Сабақ туралы мәлімет
- Тақырыбы
- «Асыл сөз» (сыныптан тыс)
- Сабақтың түрі
- Интеллектуалдық ойын
- Сабақтың типі
- Білімді бекіту, жүйелеу
- Сыныбы
- 7 «А», 7 «Ә»
- Көрнекілігі
- Интербелсенді тақта, слайдтар, суреттер
- Әдіс-тәсілдері
- Сұрақ-жауап, ойын, сөзжұмбақ
Сабақтың мақсаты
- Интеллектуалдық ойын арқылы білімді бекіту және жүйелеу.
- Ойды толық жеткізуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
- Ұйымшылдыққа және топпен жұмыс істеуге баулу.
Өту жоспары
-
1 ұпай
I тур
Білгенге маржан
-
1 ұпай
II тур
Әліппе
-
1 ұпай
III тур
Құрастырма сурет
-
1 ұпай
IV тур
Филолог және әдебиетші
-
1 ұпай
V тур
Сөзжұмбақ
-
Финал
VI тур
Қорытындылау, марапаттау
Сабақтың өту барысы
I тур. «Білгенге маржан»
Ойынға 6 кітап ұсынылады. Әр кітаптың ішінде сұрақтар жасырылған. Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
Тапсырма: мақал-мәтелді жалғастыр
- 1) «Жылы-жылы сөйлесең, ...» Жауабы: «жылан інінен шығады»
- 2) «Ақымақтың ақылы ...» Жауабы: «түстен кейін кіреді»
- 3) «Ер жігіт елі үшін туады, ...» Жауабы: «елі үшін өледі»
- 4) «Батыр майданда, ...» Жауабы: «болат қайнауда шынығады»
- 5) «Өнерлі жігіт ...» Жауабы: «өрге озар»
- 6) «Атадан ұл туса игі, ...» Жауабы: «ата жолын қуса игі»
II тур. «Әліппе»
Дұрыс жауап 1 ұпай. Әр топқа 1 минут беріледі.
I топ
Б әрпінен басталып, Қ әрпімен аяқталатын 5 сөз айту.
II топ
А әрпінен басталып, Т әрпімен аяқталатын 5 сөз айту.
III тур. «Құрастырма сурет»
Оқушылар жасырылған суретті табуы керек. 2 көмек беріледі. Дұрыс жауап 1 ұпай.
Жасырылған жауап нұсқалары
- Мәдениет үйі
- Күшікбай
IV тур. «Филолог және әдебиетші»
1) Дыбыстық талдау
Екі топқа сөздерге дыбыстық талдау жасау тапсырылады. Дұрыс жауап 1 ұпай.
- I топ
- Егемен, Елбасы
- II топ
- Тәуелсіз, Отан
2) Шығармашылық тапсырма
Екі топ «Отаным — тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында бір шумақ өлең құрастырады.
V тур. «Сөзжұмбақ»
Екі топқа жұмбақтар жасырылады. Дұрыс жауап 1 ұпай.
1-жұмбақ
Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта, Теңселіп, тербеледі адам соқса. Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен, Не пайда, үндемейді адам жоқта.
Жауабы: домбыра
2-жұмбақ
Тұмсығы мықты, Ой мен қырды тегістеп шықты.
Жауабы: үтік
3-жұмбақ
Бір бұлбұл отырады салып әнді, Жүруге аяғы жоқ, емес жанды. Өнері қандай асқан деп ойладым, Бір демде жер түбінен хабар алды.
Жауабы: радио
4-жұмбақ
Қимылдаса қос шебер, Қыруар-қыруар іс өнер.
Жауабы: қол
VI тур. Қорытындылау және марапаттау
Нәтиже
Жеңіске жеткен топ марапатталады.
Алғыс
Сайысқа қатысқан барлық оқушыға алғыс айтылады.