Жігіт сұлтаны

Іс-шара туралы

Райымбек ауданы, Кеген ауылы. «Жігіт сұлтаны» сайысына арналған зал іші ерекше әсем безендірілді: шарлар ілініп, плакаттарға қанатты сөздер жазылды. Күйсандықтан С. Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі әуелейді.

Жүргізушінің құттықтауы

Ұлдар ер жетіп, қыздар бой жетіп, әлі-ақ уақыт зыр етер.

Өнегелі өссе бұлар, елімізді гүлдендер.

«Жігіт сұлтаны» байқауы көпке үлгі болады, қазағымның салт-дәстүрі көкірегіне қонады.

Мына өскен бүлдіршіндер ата салтын үйренсін, өнері өрге жүзсін — бұлар елдің болашағы.

Қайырлы күн, құрметті ата-аналар мен қонақтар! Бүгін сіздердің алдарыңызда кішкентай өнерпаз ұландарымыз «Жігіт сұлтаны» атты сайысқа қатысып, өз өнерлерін көрсетеді.

Қатысушылар мен қазылар

Сайысқа қатысатын сұлтан жігіттер

  • Жаннұр Қатысушы
  • Мейіржан Қатысушы
  • Ілияс Қатысушы
  • Диас Қатысушы
  • Аян Қатысушы
  • Ернар Қатысушы

Әділқазылар

Өнерпаздар өнерін салыстырып, бәйге үшін шынықтырып, әділдікпен баға беретін қазылар алқасы таныстырылады. Жеңімпаздарды анықтау үшін соңында сөз кезегі әділқазыларға беріледі.

Сайыс құрылымы: 6 кезең

«Балалар келіп жетті танысуға…» — сайыс алты кезеңнен тұрады. Әр кезең жас қатысушылардың тәрбиесі, тапқырлығы, білімі мен ептілігін аша түседі.

1) Тегін білу, тектілік

Сұлтандар өздерін таныстырады.

2) Өтірік өлең айту

Қиял мен юморға құрылған өлең сайысы.

3) Өнерлінің өрісі кең

Әр қатысушы өз өнерін көрсетеді.

4) Білгенге маржан

Сұрақ-жауап арқылы білім сыналады.

5) Адам көркі — шүберек

Сән үлгісін көрсету кезеңі.

6) Шынықсаң шымыр боларсың

Ептілік пен шымырлықты сынайтын спорттық кезең.

ІІ кезең: «Өтірік өлең» үлгілері

Бұл кезеңде қатысушылар тапқырлығы мен сөз саптауын көрсетті. Төменде оқылған өтірік өлеңдерден үзінді берілді.

Жаннұр

Қарашы іске жетігін, Түзеп істің кетігін. Қара мысық кешкілік, Жамап отыр етігін. Біле алмадық не сырын, Тигізді ме кесірін. Қабан келіп кірпіден, Сұрап отыр кешірім.

Мейіржан

Дүниеде болады екен тышқан мықты, Жабылып он бес кісі әрең жықты. Соғым сойып едім, семізі-ай, Бүйрек майдан басқасы бес қап шықты.

Ілияс

Жұмсап кәрі масаны, Шіркей сауда жасады. Қасқыр қойдан ұялып, Екі бетін басады.

Диас

Қасқыр мініп сиырға, Жүріп кетті қиырға. Қора-қора қой айдап, Келді ауылға биыл да.

Аян

Бірде мініп лаққа, Жетіп алдым бұлаққа. Бұлағым тасып кетіпті, Таудан да асып кетіпті.

Ернар

Шілдеде мұз қатады, Қоян мылтық атады. Қаз үстінде көл жүзер, Аспанда ұшып төл жүзер.

IV кезең: «Білгенге маржан» (сұрақ-жауап)

«Мықты болсаң, сұрақтарға жауап бер…» — бұл кезең оқу мен білімге арналды. Ұяшықтардағы сандардың артындағы сұрақтарға жауап беру арқылы қатысушылар білімдерін дәлелдеді.

Сұрақтар

  1. Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар.
    Жауап: Ту, Елтаңба, Гимн.
  2. Жеті санына байланысты ұғымдарды атаңдар.
    Жауап: Жеті қазына, жеті ата, жеті шелпек, кемпірқосақтың жеті түсі, жеті күн.
  3. Төрт түлік малды атаңдар.
    Жауап: Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі.
  4. Апта күндерін атаңдар.
    Жауап: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
  5. Қазақ батырларын білесің бе?
    Жауап: Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай, Қарасай.
  6. Ұлттық ойындарды атаңдар.
    Жауап: Көкпар, бәйге, қыз қуу, тақия тастамақ, арқан тарту, ақ серек — көк серек, теңге алу.

VI кезең: «Шынықсаң шымыр боларсың»

«Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес» — өнер адамды асқақ сезімге бөлеп, жан дүниесін нұрландырып, байыта түседі. Бұл кезең ептілік пен күшті сынға салды.

1) Дәл тигіз

Мергендікке баулитын дәлдік тапсырмасы.

2) Қазақша күрес

Қайрат пен әдіс-тәсілді көрсететін ұлттық спорт.

3) Отжимание

Дене дайындығын байқататын күш сынағы.

Қорытынды және марапаттау

«Ал, балалар, тұрайық, көңілге кірбің салмайық…» — әділ баға беріп, балалардың біреуін таңдауға кезек келді. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар, жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» — жеңімпаздарды анықтау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Номинациялар

  • Жігіт сұлтаны
    Бас жүлде иегері
  • Өнерлі
    Өнері ерекшеленген қатысушы
  • Ақылды
    Тапқырлығы мен ой-өрісі жоғары қатысушы
  • Биші
    Би өнерімен көзге түскен қатысушы
  • Білімді
    Сұрақ-жауап кезеңінде үздік болған қатысушы
  • Епті
    Спорттық кезеңде шеберлік танытқан қатысушы