Ананың көңілі баллада

Ата-аналармен жұмыс

«Тәрбие басы – тал бесік»

Бұл материал ата-аналар мен балаларды бірлескен сайысқа қатыстыра отырып, отбасының қоғамдағы орнын терең түсіндіруге және тәрбиелік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Мақсаты

  • Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, отбасының Отанмен сабақтас құндылық екенін ұғындыру.
  • Адам бойындағы жағымды және жағымсыз қылықтарды ажыратып, әдеп негіздерін қалыптастыру.
  • Тіл байлығын дамыту, бала тәрбиесіндегі ата-ананың орнын нақты мысалдар арқылы түсіндіру.
  • Оқушыларды ынтымаққа, бірлікке, татулыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

«Алақан жылуы»

Қатысушылар бір-біріне жылы лебіз білдіріп, ортақ жұмысқа жағымды көңіл күй қалыптастырады.

Негізгі бөлім: ата-анамен тиімді қарым-қатынас

Ата-анамен тұрақты байланыс орнату және түрлі шараларға қатыстыру – баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, сондай-ақ тәрбиелік үдерісіне ата-ана мен педагогтың бірлесе қарауына ықпал етеді.

1) Айыптамай тыңдау

Баланың сөзін бөліп-жармай, жауапқа тартпай, сабырмен тыңдау.

2) Дауыс ырғағын сезіну

Баланың үніндегі екпін мен көңіл күйге мән беру.

3) Досындай тыңдау

Мазалаған мәселені жақын адам ретінде қабылдап, қолдау көрсету.

4) Жол сілтеу

Шешім ұсынғанда бұйрық емес, бағыт беретін кеңес ұстану.

5) Сенім қалыптастыру

Баланың дұрыс шешім қабылдай алатынына сенімін арттыру.

6) Көңіл күйін сұрау

Үнемі хал-жағдайын біліп, эмоционалдық қолдау көрсету.

Осы кезеңде ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салады.

1-бөлім: жағдаяттық сұрақтар

Топтар берілген жағдаяттарды талдап, «Тәрбие басы – тал бесік» мақалының мәнін өмірлік мысалдар арқылы ашады.

1-топ: Көктем мезгілі

Бала сабақ оқуын азайтып, ойынға көп уақыт бөлгендіктен, үлгерімі төмендейді. Ата-ана қандай әрекет етеді?

2-топ: Денсаулық және бейімделу

Суықтан бала ауырып, көп сабақ қалдырды. Сыныптастарымен ұзақ уақыт араласпады. Қолдау қалай ұйымдастырылады?

3-топ: Ашумен үйге келу

Бала сырттан қатты ашуланып келіп, бөлмесіне кіріп алып шықпай қояды. Сіз не істейсіз?

2-бөлім: мақал-мәтелдің жалғасын табу

Ата-аналарға мақалдардың бастапқы бөлігі беріледі, олар жалғасын тауып, мағынасын түсіндіреді.

Атаға қарап…
Анаға қарап…
Ананың көңілі балада…
Жақсы сөз…
Ұяда не көрсең…
Мал баққандікі…

3-бөлім: қимылды тап

Балалар іс-қимыл арқылы тапсырманы көрсетеді, ата-аналар оның мәнін табады.

  1. 1) Маған ілгегімді тігіп берші.
  2. 2) Мен сабақ оқуым керек, сондықтан үй жинаймын.
  3. 3) Менің көйлегім үтіктелмеген, соны үтіктеп берші.

4-бөлім: жылы сөздер және құндылықтар картасы

Балалардың тілегі

Балалар ата-анасына жылы сөздер айтып, үш топ сайыс түрінде ойларын жеткізеді. Қазылар алқасы бағалайды.

Ата-ананың күтер қасиеттері

«Баламыздың бойынан қандай қасиеттер көргіміз келеді?» деген сұраққа ата-аналар жауап жазып, ортақ сызбаға орналастырады.

Балалардың қорытындысы

Оқушылар: сабаққа жауапкершілікпен қарап, үлкендерді тыңдау; ата-ананы жақсы үлгеріммен және тәртіппен қуанту қажет екенін айтады.

Күлдіргі жұмбақтар

1) Кім барлық тілде сөйлейді?
Жауабы: жаңғырық.
2) «Тышқан аулағышты» бес әріппен қалай жазуға болады?
Жауабы: мысық.
3) Дүниедегі ең шапшаң нәрсе?
Жауабы: ой-қиял.
4) Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауса, 72 сағаттан кейін күн ашыла ма?
Жауабы: жоқ, ол уақытта түн болады.
5) Қай кезде аспан жерден төмен тұрады?
Жауабы: аспанның бейнесі суға түскен кезде.
6) Қандай бөшкеге су құюға болмайды?
Жауабы: іші толы бөшкеге.

Жалпы сұрақ: мақал сайысы

«Мақал – сөз атасы» бөлімі бойынша сұрақ қойылып, жауап мақалмен бекітіледі.

1) Қар жана ма?

Қалауын тапса, қар жанар.

2) Инемен құдық қазуға бола ма?

Оқу – инемен құдық қазғандай.

3) Әппақ қарға бола ма?

Қарға баласын «аппағым» дейді.

4) Қой мен қасқыр ойлана ма?

Қойдың ойлағаны – амандық, қасқырдың ойлағаны – арамдық.

5) Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?

Көз қорқақ, қол батыр.

6-бөлім: сурет бойынша талдау және «құпия хаттар»

Оқушылар суретке қарап жағдаятты сипаттайды, өз ойларын дәлелдейді. Кейін «құпия хаттарға» жауап беріп, дұрыс қарым-қатынас үлгілерін ұсынады.

1-хат

Көршімнің баласы өтірік айтады, көзбе-көз жалған сөйлейді. Менімен күнде ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып ойнайын ба?

2-хат

Досым мақтаншақ: ойнағанда үйін, заттарын, әр нәрсесін айтып мақтанады. Маған бұл ұнамайды, бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен онымен дос болайын ба?

3-хат

Партада жанымда отыратын бала тапсырманы орындамай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылып қалады да, менің дәптерімнен көшіріп алады. Берсем үйреніп кетеді, бермесем «сараңсың» дейді. Не істеуім керек?

Қазылар алқасы жауаптардың нақтылығы мен тәрбиелік мәнін бағалайды.

Топтық талқылау тақырыптары

Әр топқа тақырып беріліп, қатысушылар ойларын ортаға салады.

1-топ: Бақытты жанұя

Бақытты отбасының белгілері мен қалыптастыру жолдары.

2-топ: Жанұядағы жанжал

Келіспеушіліктің себептері және оны шешу тәсілдері.

3-топ: Отбасы мерекелері

Отбасылық дәстүрлерді құру және мерекені мазмұнды өткізу.

Қорытынды

Мұғалімнің тілегі: әр отбасыға тек қуаныш, береке тілейміз. Балаларыңыз күннің шуағындай болып, өмірлеріңізді нұрға бөлей берсін.

Сайыс соңында қазылар алқасы қорытынды жасап, қатысушыларды бағалайды.

Автор туралы мәлімет

Өңір

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылы

Мамандығы

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Автор

Басарова Сабижамал Рамазановна