Шығарма авторы

Сабақ тақырыбы мен бағыт-бағдары

Қазақ әдебиеті (7-сынып). Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесін оқытуға арналған сабақ жоспары.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері

Көркемдеп оқу, сөздікпен жұмыс

Көрнекілік және байланыс

Оқулық, портрет. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.

Сабақтың мақсаттары

Ақпараттық мақсат

Ғ. Мүсірепов туралы мәлімет беру; «Ананың анасы» әңгімесінің мазмұнын, идеясын, тақырыбын меңгерту.

Коммуникативтік мақсат

Оқушылардың алған білімін ауызша және жазбаша тілде қолдану дағдысын қалыптастыру.

Проблеманы шешу

Жаңа материал бойынша берілген сұрақтар мен тапсырмаларды өз бетінше орындауға дағдыландыру.

Қолданылатын педагогикалық технологиялар

  • Білім беруді ізгілендіру
  • Дамыта оқыту
  • Сын тұрғысынан ойлау (СТО)

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Оқушыларды түгендеу
  • Сабаққа дайындығын тексеру
  • Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру: С. Мұқанов «Балуан Шолақ» (мазмұндау)

Жасырын сұрақтар

  1. С. Мұқанов өмір сүрген жылдар.
  2. «Есіл бойында» әңгімесі қай романнан алынған үзінді?
  3. «Есіл бойында» әңгімесіндегі әнші жігіт кім?
  4. «Есіл тасып барады» әнін айтып бер.
  5. Аңшылық, құсбегілік туралы жазған әңгіме қалай аталады?
  6. «Есіл бойында» әңгімесіндегі кейіпкерлерді ата.

Дұрыс жауаптар

  1. 1900–1973
  2. «Өмір мектебі» романынан алынған үзінді
  3. Мырзатай
  4. Есіл тасып барады жардан асып,

    Қар жауады жаңбырмен араласып.

  5. «Саятшы Ораз» әңгімесі
  6. Мырзатай, Бекберді, Ұлпа, Мұратбек

Жаңа материал: Ғабит Мүсірепов

Қысқаша өмірбаян

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 1916 жылы, 14 жасында, Обаған өңіріндегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне оқуға түседі. 1923–1926 жылдары оқуын жалғастырып, Преснегорьковтағы екі сыныптық орыс мектебін бітіреді, жұмысшы факультетінде және ауыл шаруашылығы институтында білім алады.

«Ананың анасы» әңгімесі туралы

«Ананың анасы» әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңызға негізделген. Шығармада елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлықпен алып бара жатқан батырды қыздың анасы сөзімен тоқтатып, жеңеді. Соның нәтижесінде ол қызын жау қолынан азат етеді.

Жаңа білімді бекіту

1-тапсырма: Көркем шығарманы сатылай кешенді талдау

Талдау жоспары

  • Шығарма авторы
  • Тегі, түрі
  • Тақырыбы
  • Идеясы
  • Композициялық құрылысы (сюжеттік кезеңдер)
  • Кейіпкерлер
  • Әдеби теориялық ұғымдар (теңеу, эпитет)
  • Дисфемизмдер
  • Көнерген сөздер

Үлгі жауап

Автор
Ғ. Мүсірепов
Тегі, түрі
Проза (әңгіме)
Тақырыбы
Қазақ анасының ұлттық бейнесі
Идеясы
Ананың балаға және адамзатқа деген ұлы махаббатын паш ету

Композициялық құрылым (үлгі)

  1. Сюжеттің басталуы: Әйтілес ақсақалдың өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады.
  2. Сюжеттік байланыс: Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуы, жылқыны барымталауы, қызды олжалап әкетуі.
  3. Шиеленісуі: Қызын қорғай алмаған жылқышының мерт болуы; ананың барымташылардың алдын орап, тоқтатуы.
  4. Шарықтау шегі: Кейкінің үкімі; қызды шешесімен бірге күңдікке алу жөніндегі шешім.
  5. Шешімі: Сөзден жеңілген Жалпақ балуан ана мен қызына бостандық береді.

Кейіпкерлер

Жалпақ балуан, Кейкі, Әйтілес қария, Рамазан, Жанай балуан, ана, қыз және т.б.

Теңеулер мен эпитеттер

Теңеулер: сабасындай, тымақтай, етектей сақал, жауырыны қақпақтай, оқтаудай ойнап, ұршықтай ойнап.

Эпитеттер: шаңқай түс, найза бойы, құлан, тұяқ және т.б.

Тілдік ерекшеліктер

Дисфемизмдер: «қар қатын», «байым өліп», т.б.

Көнерген сөздер: жабағы, күпі, тоқым, құл, күң, сауға, құн, барымта және т.б.

2-тапсырма: Әңгіме желісі бойынша кесте

Шығарманың аты Кейіпкерлері Ұнаған эпизод
«Ананың анасы» Ана, Жалпақ балуан, Кейкі, Әйтілес, Рамазан Қызын қорғай алмаған жылқышының мерт болуы; ананың барымташылардың алдын орап, тоқтатуы.

3-тапсырма: «Анам — көгімдегі жұлдызым»

Өз аналарыңызға тән қасиеттерді топтастырып жазыңыз.

ақылшы батыл көпшіл қайратты қамқор

Үй тапсырмасы

  1. Ғ. Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесін мазмұндау.
  2. Автор туралы қосымша мәлімет іздену.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау және қорытынды

Оқушылардың жұмысы бағаланып, сабақ қорытындыланады. Қойылған бағалар күнделікке түсіріледі.