Кітап сен бізге қонақ болып, балалардың білімін тамашала
Сабақтың мақсаты
Кітаптың сарқылмас рухани қазына екенін ұғындыру, білімнің кітап арқылы берілетінін түсіндіру.
Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы туралы ой қалыптастыру.
Кітапқа деген қызығушылықты арттыру және оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекіліктер
- Кітап туралы жазылған плакаттар
- Тақырыпқа сай суреттер
Ұйымдастыру кезеңі
Өлең жолдары
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін.
— Мұзафар Әлімбаев
Осы өлең жолдарындағыдай, әдеби кітаптар мен оқулықтар — білімнің көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.
Кітап білімімізді молайтады, бойымызға өнеге мен тәрбие сіңіреді. «Оқығаның, тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ» деген сөз бекер айтылмаған.
Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп те тегіннен-тегін айтпаған. Осындай мәнді ойды негізге ала отырып, 1 «А» сынып оқушылары дайындаған «Кітап — рухани сарқылмас қазына» атты тәрбие сағатын бастаймыз.
Оқушылар пікірі
Нұрсұлтан
Кітап — рухани азық. Ол адамның дүниетанымын кеңейтеді. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Ертегі мен әңгімемен сыр шертетін кітаптар — біздің ең жақын ақылшымыз.
Аяулым
Кітап шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді. Ендеше, біз кітапты қалай ұстауымыз керек?
Елдар
Кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей, таза ұстау керек. Оқығанда мәнерлеп оқуға да дағдылану қажет.
Сахналық көрініс: «Кітап» қонақта
Мұғалім
Балалар, бүгін бізге қонаққа Кітап келіп отыр. Кітапты ортаға шақырайық.
Кітап
Балалар, мен — білім көзі Кітаппын. Мені жасау үшін көп адам еңбек сіңіреді. Кітаптың қайдан шығатынын білесіңдер ме?
Балалар
Ағаштан.
Мұғалім
Иә, кітап шығару үшін көп еңбек керек. Кітап, сен бізге қонақ болып, балалардың білімін тамашала.
Қорытынды ой
Дилана
Адамның досы — кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған мүлкі.
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ғой қазынасы, өмір көркі.