Хайуанаттар бағына саяхат
Дүниетану (2-сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Хайуанаттар бағына саяхат».
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: оқушылардың жануарлар туралы алған білімдерін пысықтай отырып, тақырып мазмұнын меңгерту.
- Дамытушылық: тапсырмалар орындау арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, тапқырлық пен танымдық қабілетті арттыру.
- Тәрбиелік: жануарларды қорғауға, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер және ресурстар
- Көрнекіліктер
- жануарлар бейнеленген суреттер, слайд, саяхат сызбасы.
- Сабақтың әдісі
- түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
- Жаңа технология
- СТО стратегиялары: топтастыру, Венн диаграммасы, пирамида.
- Сабақтың түрі
- саяхат сабағы.
- Пәнаралық байланыс
- экология, әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг
Мұғалім: «Балалар, мен бір хат алдым. Сол хатты сендерге оқып бергім келіп тұр».
Хат
«Құрметті екінші сынып оқушылары! Біз сіздерді Жасыл үйге қонаққа шақырамыз. Мұнда көптеген қызықтар бар».
Сұрақ
«Қалай ойлайсыңдар? Хат иелерін біз білеміз бе?»
Оқушылардың жауаптары тыңдалады: жәндіктер, жануарлар, құстар, аңдар.
Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақтың тақырыбы — «Хайуанаттар бағына саяхат». Бұл хайуанаттар бағы Орал қаласында орналасқан.
Талқылау
«Оған жету үшін қандай көлікті таңдағанымыз дұрыс?» — автобус.
Неліктен? Өйткені жеңіл көлікке бәріміз сыймаймыз, ал автобуста барлығымызға орын жеткілікті.
Жүргізушінің тапсырмасы
Автобусқа мініп, жолға шығу үшін жүргізушінің тапсырмасын орындаймыз: суреттердегі жануарларды топтарға бөліп, топтастырайық.
Топтастыру: жануарлар әлемі
Сүтқоректілер
Балаларын сүтімен асырайды.
Құстар
Ұшады.
Жорғалаушылар
Бауырымен жорғалайды.
Қосмекенділер
Құрлықта да, суда да тіршілік етеді.
Жәндіктер
Әртүрлі ортада тіршілік етіп, табиғаттағы тепе-теңдікті сақтауға үлес қосады.
Балықтар
Негізінен суда тіршілік етеді.
Салыстыру сұрағы
«Осы топтардың айырмашылығы мен ұқсастығы қандай?»
Айырмашылығы
- Құстар ұшады.
- Жорғалаушылар бауырымен жорғалайды.
- Сүтқоректілер балаларын сүтімен асырайды.
- Қосмекенділер құрлықта да, суда да тіршілік етеді.
Ұқсастығы
Барлығы — тірі ағзалар; тыныс алады, қоректенеді, өсіп-өнеді және қоршаған ортаға бейімделеді.