Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы
Тұрлаусыз мүшелер
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдістері
Пысықтау, ой қозғау, көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.
Көрнекіліктер
Суреттер, интербелсенді тақта, оқулық, ережелер, тест сұрақтары, тірек сызбалар.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Тұрлаусыз мүшелер туралы білімді толықтыру.
  • Сөйлем мүшелерін пысықтау.
  • Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.

Дамытушылық

  • Оқушылардың ой-өрісін және сөйлеу тілін дамыту.
  • Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

  • Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін азамат қалыптастыру.
  • Патриоттық тәрбие беру.

Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа даярлық

Сабаққа қажетті құралдарды дайындау, назарды шоғырландыру.

Тіл туралы кіріспе өлең

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Кемеңгер ғұламалар мен ақындар сөйлеген туған тіліміз — қазақ тілі. Ендеше, қазақ тілі сабағын бастайық.

Сұрақ-жауап (қыран құс)

Мұғалім: Балалар, мынау қандай құс?

Оқушы: Қыран құс.

Мұғалім: Қыран құс қайда бейнеленген?

Оқушы: Туда. (Туды көрсету)

Көркем жазу

Дәптерлеріңді ашыңдар. Бүгінгі күннің жадын және тақырыпты жазыңдар. «Ту» сөзін көркем етіп дәптерге жазыңдар.

Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген жаттығуларды жинап алынған дәптерлер бойынша тексеру.

«Миға шабуыл»: өткенді еске түсіру

1) Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

Сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.

Мысал: Айдын бормен жазды.

2) Сөйлем мүшелерінің қандай түрлері бар?

Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер.

3) Тұрлаулы мүшелерге қандай мүшелер жатады?

Бастауыш пен баяндауыш.

4) Бастауыш дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

Қимылдың, іс-әрекеттің иесін білдіретін сөз — бастауыш.

кім? кімдер? не? нелер? кімі? несі?

Мысал: Жәния дайындалды.

5) Баяндауыш дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөз — баяндауыш.

не істеді? неғылды? қайтті?

6) Тұрлаусыз мүше дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелері — тұрлаусыз мүшелер.

қандай? кімге? неге? нені? қашан? қайда?

Жаңа тақырып

Бүгін біз тұрлаусыз мүше туралы білімімізді одан әрі толықтырамыз және сөйлем мүшелерін талдауды жалғастырамыз.

Оқулықпен жұмыс

  • 72-жаттығу: сөйлемді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдау жаса.
  • 73-жаттығу: мақал-мәтелді көшіріп жаз. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің астын сыз. Мақалдың мәнін түсіндір.

Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдік,

Төменге қарап жер көрдік.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік.

Шығармашылық тапсырмалар

Көп нүктенің орнын толықтыр

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелді жаз. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, астын сыз.

  • Есті …… ер жетіп,
  • Елдің қамын ойлаған.
  • Ессіз …… кері кетіп,
  • Есерлігін қоймаған.

«Адастырмақ» ойыны

Белгілер тізбегін талдап, дұрыс сәйкестікті тап.

≈ ─ ═∙
─ ═ ≈∙
═ ≈ ─∙

Семантикалық карта

Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді ажыратуға арналған кестемен жұмыс.

Қорытынды бөлім

Рефлексия

  • Не үйрендік?
  • Не білдік?

Тест тапсырмалары

Өткен және жаңа тақырып бойынша қысқаша тест орындау.

Бағалау

Оқушылардың жұмысын бағалау, кері байланыс беру.

Үй тапсырмасы

75, 77-жаттығу (94-бет).

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Тақырып: «Тұрлаусыз мүшелер»