Отан адам үшін біреу ғана

Кіріспе бөлім

Отан — әр адамның жүрегіне жылы тиетін қасиетті ұғым. Ол — сенің туған елің, туған жерің, дос-жараның, жақын туысың. Отан — өзің тұратын, өмір сүретін, еңбек ететін мекен. Адам үшін Отан біреу-ақ.

Отанды анаға теңейді. Себебі Отан анаңдай қорғайды, демейді, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз — Қазақстанның патриотымыз!

Сценарий барысы

1-жүргізуші

Көп ауыздан түспейтін,
«Отан» деген немене?
Оның тұлға-түс кейпін,
Достым, білгің келе ме?

Музыкалық нөмір

Ән: «Алға, Қазақстан» (8 «Ә» сынып оқушылары)

2-жүргізуші

Бүгін 8 «А» және 8 «Ә» сыныптары дайындаған «Мен — өз Отанымның патриотымын!» атты ашық тәрбие сағатымызды ашу үшін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына сөз береміз.

1-жүргізуші

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен —
Биік тау, орман-тоғай, көлімізді.

Музыкалық нөмір

Ән: «Қазақ қыздары» (8 «Ә» сынып оқушысы)

2-жүргізуші

Отан дейміз кең-байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Сыныптарымыздың өздеріңізге арнаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші

Отан — тарих, Отан — тіл,
Жасаған елің, өз халқың.
Отан — өлең, Отан — жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.

Көрініс

«Ата мен немере»

2-жүргізуші

Отан — сенің ата-анаң,
Отан — досың, бауырың.
Отан — өлкең, астанаң,
Отан — аудан, ауылың.

Музыкалық нөмір

Ән: «Қазағым» (8 «Ә» сынып оқушысы)

1-жүргізуші

Отан — осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
Отан деп өскен жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!

Орындау

Хор: «Отан»

2-жүргізуші

Оттай жанып жанарың —
Одан қуат аламын.
Әнұран — ол тынысы
Кең жазира даламның.

Би

«Қазақ биі» (Сәулем-ай бишілер тобы)

Ән

«Көк тудың желбірегені» (7 «А» сынып оқушысы)

Қорытынды

Бүгін сендер өздеріңнің Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни нағыз азамат екендеріңді көрсете білдіңдер. Ақын Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң — өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң — өшкеніңнің белгісі.

Сондықтан халқымыздың бүгінге дейінгі жетістіктері — сендерге аманат. Еліміздің егемендігін айқындайтын басты нышандарды — ана тілімізді, Елтаңбамызды, Туымызды, Ата заңымызды, Әнұранымызды — бойтұмарыңдай сақтап, әрдайым құрметтеңдер.

Еліміздің, жеріміздің еркіндігін қорғайтын мықты ұрпақ, мықты азамат болуларыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

Қорытынды сөз

Мектебіміздің кәсіподақ ұйымының төрайымы Қожахметова Нұрбала апайға сөз беріледі.