СТО дамыту

Сабақтың тақырыбы

Санау жүйесі. Санау жүйесінің түрлері және жасалу жолдары.

Сабақтың мақсаты

Санау жүйесінің мазмұны мен қызметін түсіндіру, есеп шығаруда қолдануды меңгерту.

Міндеттері

  1. 1 Мазмұнға байланысты: санау жүйесінің түрлерін таныстыру және бір санау жүйесінен екіншісіне ауыстыру ережелерін меңгерту.
  2. 2 СТО дамыту: сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану және дамыту.
  3. 3 Топтық жұмыс: оқушыларды топпен және жеке жұмыс істеуге үйрету, дағдыландыру.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі
Жаңа мәліметтерді ұсыну.
Сабақтың әдісі
Теориялық, практикалық, стратегиялармен жұмыс.
Көрнекіліктер
Интербелсенді тақта, компьютерлер, электрондық оқулық, тапсырма парақшалары, постерге арналған маркерлер, бетшелер, қосымша көрнекі құралдар және тақтаға арналған тапсырмалар.

Сабақтың жүру барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқу құралдарының дайын екенін тексеру.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырмалардың орындалу ретін жазбаша түрде тексеру және қысқаша талқылау.

III. Жаңа түсініктер беру

Жалпы санау жүйесіне түсінік беру және сан ұғымының информатикадағы орнын айқындау.

Негізгі идея

Сан түсінігі — математикадағы сияқты информатикада да негізгі ұғымдардың бірі.

Математикада көбіне сандарды өңдеу әдістері қарастырылса, информатикада сандарды ұсыну тәсілдері (яғни санау жүйелері) маңызды орын алады.